9-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Азаматтарды əскери қызметке даярлау – бұл мемлекеттік органдар əскерге шақыру жасына дейінгі жəне əскерге шақыру жасындағы азаматтармен оларды əскери қызмет негіздеріне оқыту мақсатында, сондай-ақ əскери қызмет өткеру үшін əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау жəне қайта даярлау мақсатында əскери міндеттілермен жүргізетін міндетті іс-шаралар кешені.
2. Азаматтарды әскери қызметке даярлау:
1) мыналар:
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1) тармақшаның екінші, үшінші абзацтары 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – ҚР 16.07.2025 № 211-VIII Заңымен (мәтін алып тасталды).
бастапқы әскери даярлық;
запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықты;
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскери даярлықты;
3) әскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке даярлауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақыру жасына дейінгілердің және әскерге шақырылушылардың әскери қызметке даярлықтан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды әскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы және білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүзеге асырады.
5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 9-бапты 6, 7-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 16.07.2025 № 211-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (әскери факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, әскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы әскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.
Бастапқы әскери, әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленеді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы әскери даярлықты, оның ішінде әскерге шақыруға дейінгі және әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және келісуге қатысады
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы