9-бап. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері маңызы бойынша халықаралық, республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасы мен іргелес мемлекеттер аумағында орналасқан су айдындары жатады.
Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне уәкілетті орган су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеге енгізілген, екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындары және (немесе) учаскелер жатады.
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісуден кейін бекіткен тізбеге енгізілген барлық қалған су айдындары және (немесе) учаскелер жатады.
2. Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбелеріне паспорттау негізінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін перспективалы деп танылған су айдындары және (немесе) учаскелер енгізіледі. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, паспорттауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ғылыми зерттеулер негізінде уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін су қоймаларында ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде су қоймасының техникалық параметрлеріне негізделген судың ең төмен деңгейі ескеріледі.
3. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғаның жеке меншігіндегі және (немесе) уақытша жер пайдалануындағы жер учаскесінде орналасқан су айдыны болмаған жағдайда мұндай тұлғалар уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес оны паспорттау үшін өз қаражаты есебінен ғылыми зерттеулер жүргізуге құқылы.
4. Халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін осы Заңның 10 және 11-баптарында көзделген тәртіппен бекітіп беріледі.
5. Бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, оның ішінде көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін берілген су қорғау белдеулері шегінде мыналарға:
1) суару алаңдарын және ортақ су пайдалану тәртібімен су айдындарының ластануын және қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғыларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға;
2) су айдындарының сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластануы, қоқыстануы, сарқылуы) шаруашылық және өзге де қызметке;
3) осы Заңның 14-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әуесқой (спорттық) балық аулауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де іс-әрекетке тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы