9-бап. Орталықтың органдары "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы
1. Орталықтың органдары:
1) Орталықты басқару жөніндегі кеңес;
1-1) Орталықты Басқарушы;
2) Орталықтың әкімшілігі;
3) Орталықтың Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті;
4) Орталықтың соты;
5) Халықаралық төрелік орталығы болып табылады.
2. Орталықтың органдары осы Конституциялық заңмен және Орталықтың актілерімен өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз болады.
3. Орталық қатысушыларының қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібі осы Конституциялық заңда және Орталықтың актілерінде айқындалады.
4. Орталыққа бөлінген республикалық бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі Орталықты Басқарушының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісінде айқындалады
Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы