Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 9-бап Су тасқынына бейімделу және олардың жағымсыз әсерін болғызбау шаралары Қазақстан Республикасының Су кодексі

9-бап Су тасқынына бейімделу және олардың жағымсыз әсерін болғызбау шаралары Қазақстан Республикасының Су кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

9-бап Су тасқынына бейімделу және олардың жағымсыз әсерін болғызбау шаралары Қазақстан Республикасының Су кодексі 

      1. Уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы су тасқынының жағымсыз әсерін болғызбау жөнінде алдын алу шараларын қабылдау және осы Кодекстің 8-бабының 4-тармағында көзделген іс-шараларды жоспарлау мақсатында су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аймақтарды айқындайды.

      2. Тасқын және еріген сулардан қорғау және (немесе) оларды су қоймаларын, көл жүйелерін және жерасты сулары көздерін толықтыруға бұру және (немесе) қайта бөлу үшін елді мекендерді, өнеркәсіптік объектілерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын, көлік инфрақұрылымы объектілерін қорғаудың инженерлік жүйелерінің бар-жоғын ескере отырып түзетілген, көпжылдық гидрологиялық және гидрогеологиялық байқаулар, сондай-ақ аэроғарыштық зерттеулер негізінде айқындалған су барынша жайылған кездегі су кемері су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар аймақтардың шекаралары ретінде (бұдан әрі – су объектілерінің демаркациялық желілері) қабылданады.

      3. Уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы су объектілерінің демаркациялық желілерін жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленуіне, осы баптың 2-тармағында көрсетілген инженерлік қорғаудың жаңа жүйелерінің құрылуына қарай тұрақты түрде түзетіп отырады және ол су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде орналастырылады.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!      9-бап осы Кодекстің 134-бабы 1-тармағына сәйкес 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен. 

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі  

      Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:  

      1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;  

       2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;  

       3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;  

       4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;  

       5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;  

       6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;  

       7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;  

       8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;  

       9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;  

       10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;  

      11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану; 

      12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы; 

      13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы. 

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы