9-бап. Уәкілетті органның өкілеттіктері Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы
Уәкілетті орган:
1) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызының нысанын бекітеді;
2) қаржы басқарушысының қорытындысының нысанын бекітеді;
2-1) кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекітеді;
3) төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің үлгілік жоспарының нысанын бекітеді;
4) қаржы басқарушысының банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытындысының нысанын бекітеді;
5) қаржы басқарушысының қорытынды есебінің нысанын бекітеді;
6) қаржы басқарушының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін бұзу бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарайды;
7) тұлғалардың қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалары бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
8) тұлғалар жіберген қаржы басқарушылары қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар, осындай хабарламаларды жіберу шарттары туралы мәліметтерді уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
9) өздеріне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген заңмен қорғалатын құпияны беру тәртібіне қойылатын талаптарды ескере отырып, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінің шеңберінде мемлекеттік органдардан олардың құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалардан борышкер, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты сұратады;
11) қаржы басқарушысына борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты береді;
12) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) қаржы басқарушысын тағайындайды және қызметтен шеттетеді;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы