9-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы
1. Уәкілетті орган:
1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
3) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның мөлшерiн есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекітеді;
6) ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
7) жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дәрілік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
11) табиғи өсетін, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға күзетуге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) эндемиялық және реликтік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
13) өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
14) ресурстық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;
16) елді мекендердің жасыл екпелерін жасаудың, күтіп-баптаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
17) жеке және заңды тұлғалардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
18) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган және осы Заң белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ.
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы