Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжiлiс депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

      1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады.

      Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын ала алмайды.

      Саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беретін күнге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркелгенге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

      Мұндай жағдайларда округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

      2. Алып тасталды – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы