Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 91-бап. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару жолымен мемлекеттік мүлікке құқықтарды тоқтату Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарға мемлекеттің , мемлекеттік материалдық резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беруді қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды пайдалану немесе одан шығару нәтижесінде тоқтатылады. 

      2. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару: 

      1) жаңарту; 

      2) қарызға алу; 

      3) броньнан шығару тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. 

      3. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 

      4. Мемлекеттік материалдық резервтегі материалдық құндылықтарды иеліктен шығару олардың құны толық төленген немесе аккредитив ашылған не екінші деңгейдегі банктер кепілдік берген жағдайда жүргізіледі. 

      5. Материалдық құндылықтар мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган немесе жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар сатып алу-сату шартының толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджетке есепке жатқызылуға жатады.

      6. Басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде жаңарту тәртібімен берілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары, сондай-ақ номенклатура өзгерген және кәдеге жаратылған немесе жойылған кезде броньнан шығарылғандарды қоспағанда, броньнан шығарылған материалдық құндылықтар бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады.

      7. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру мұқтажы үшін пайдалану Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ұйымдардың жұмылдыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін пайдалану – уәкілетті органның шешімі бойынша, ал жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары пайдаланылған жағдайда жұмылдыру тапсырмасын орындайтын орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы