92-бап. Сотталғандарды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру және төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Қауіпсіздігі аралас, төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеуі тағайындалған, бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім олардың келісімімен, мекеме комиссиясы материалдарының негізінде қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Сотталған адамды қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдыру не төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.
2. Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылған немесе төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, өзге адамдардан оқшауланып ұсталады.
3. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша тергеу әрекеттерін жүргiзу қажет болған кезде жазасын мекемелерде өтеу белгіленіп, бас бостандығынан айыруға сотталған адам қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы, сондай-ақ прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгiленген мерзiмге басқа мекемеден ауыстырылуы мүмкiн.
4. Басқа адам жасаған қылмыс туралы iс бойынша сот талқылауына қатысу қажет болған кезде, сотталған адам орташа қауіпсіз мекемелер үшін осы Кодексте көзделген жағдайларда, iстi сотта қарау уақытына сот қаулысымен қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылуы мүмкiн.
5. Егер сотталған адам басқа iс бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылса және оған қатысты күзетпен ұстау түрiндегі бұлтартпау шарасы таңдалса, оны қауіпсіздігі аралас мекемеде ұстау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес айқындалады.
5-1. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін туберкулез не басқа да қауіпті инфекциялық ауру анықталған сотталған адам зертханалық тұрғыда расталған бактерия бөлінуі тоқтағанға дейін не одан әрі стационарлық емдеу қажеттілігі болмағанға дейін қауіпсіздігі аралас мекемеде қалдырылады.
Қалдыру туралы шешімді қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы сот тағайындаған сол мекеме түрі үшін Кодексте көзделген жағдайларда қабылдайды.
6. Сотталған адам осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген негiздер бойынша, сондай-ақ құқықтық тәртiпті ұстап тұру үшiн қауіпсіздігі аралас мекемеге ауыстырылуы мүмкiн.
Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша қауіпсіздігі аралас мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа адамдардан оқшауланып камераларда ұсталады және оларға түрін сот тағайындаған мекеме үшін осы Кодексте белгіленген шарттар қолданылады.
7. Мекемелерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздігі аралас мекемеге жіберілген және ауыстырылған сотталғандар:
1) ай сайын ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшердегі қаражатты тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға жұмсауға;
2) бір жыл iшiнде екі қысқа мерзiмдi және екі ұзақ мерзімді кездесу алуға;
3) күн сайын ұзақтығы бiр жарым сағаттық сейілдеудi пайдалануға;
4) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;
5) мынадай жағдайларда: жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болғанда немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырғанда; оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болғанда немесе жеке сипаттағы өзге де айрықша мән-жайларда телефон арқылы сөйлесуді пайдалануға кұқылы.
Сотталғандар камераларда және қауіпсіздігі аралас мекемеде ұсталатын барлық санаттағы адамдардан оқшауланып ұсталады..
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы