95-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі арнайы қор іске асыратын жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау құралы болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің мақсаты екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде қаржыландырудың қажетті көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Арнайы қор, жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар және жеке кәсіпкерлік субъектілердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша ол бекіткен тәртіппен арнайы қорға қосылу шартын жасасу арқылы оған қосылған өзге де заңды тұлғалар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті болып табылады.
4. Қызметін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде жүзеге асыру үшін арнайы қор кепілдік қорының қаражатын:
1) екінші деңгейдегі банктердің жарналарының;
2) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың, өзге де заңды тұлғалардың ерікті жарналарының;
3) бюджет қаражатының;
4) арнайы қордың ішкі құжаттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдік қорының қаражатын орналастырудан түсетін кірістің;
5) арнайы қордың басқару органының шешімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдікті шығарғаны үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері төлейтін комиссиялардың шегінде және есебінен қалыптастырады.
Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Кепілдік қорының қаражатын орналастыру тәртібін арнайы қордың басқару органы айқындайды.
5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жарналардан, комиссиялардан, кепілдік қорына бюджет қаражатының түсімдерінен, сондай-ақ кепілдік қорының қаражатын орналастыру нәтижесінде алынған кірістерден арнайы қордың акциялары бойынша дивидендтер есепке жазылмайды және төленбейді, сондай-ақ арнайы қордың міндеттемелерін өтеу жүзеге асырылмайды.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлем жасау үшін кепілдік қорының қаражаты жеткіліксіз болған кезде айырма арнайы қордың меншікті капиталы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жабылады.
7. Арнайы қор кепілдік қорының қаражаты мен меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.
8. Арнайы қордың кепілдік беруі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу әдістемесін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша арнайы қор айқындайды.
9. Арнайы қор беретін кепілдік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделмеген негіздер бойынша тоқтатылмайды.
10. Кепілдік қорының қаражаты кепілдік қорын қалыптастырғанға дейін туындаған, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесімен байланысты емес арнайы қор міндеттемелерін орындау үшін пайдаланылмайды.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы