Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі Жер кодексі Қазақстан Республикасының

96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі Жер кодексі Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  96-1-бап. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімі Жер кодексі Қазақстан Республикасының  

      1. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді аумақтық бөлімше ұсынатын ақпараттың негізінде орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      2. Аумақтық бөлімше осы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде үш жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті органға ақпарат жібереді, онда: 

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, оның жеке сәйкестендіру нөмірі; 

      2) заңды тұлғаның атауы және оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

      3) алып қойылған жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы және нысаналы мақсаты; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың түрі мен құрамы; 

      5) сот шешімі қабылданған және оның заңды күшіне енген күні көрсетіледі. 

      Орталық уәкілетті орган ақпаратты алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде оны жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміне енгізеді. 

      3. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі мәліметтер осы Кодекстің 92 және 93-баптарының негізінде жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін алып тасталады. 

      Көрсетілген мәліметтер жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайларда да жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаның өтініші бойынша бір жұмыс күні ішінде алып тасталады. 

      Өтінішке сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі. 

      4. Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізіліміндегі жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскелерін беруге жол берілмейді. 

 

 

Жер кодексі Орман кодексі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы