Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

98-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 

      Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту саласында: 

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;  

      2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады; 

      3) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды; 

      4) Үкiмет жанынан жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады; - Алынып тасталд Қазақстан Республикасының Заңымен 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 220-VIII ҚРЗ 

      5) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       6) алып тасталды – ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       7) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар өндіретін өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады; 

      9) бәсекелестiктi дамытуға және инновацияларға, материалдық активтерге инвестицияларды, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлейдi; 

      10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады; 

      11) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады; 

      13) жекелеген салаларда жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады; 

      14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа ел орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қолданады; 

      15) жеке кәсіпкерлік субъектiлерiн келiсiлген бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады; 

      16) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      17) сапа менеджментi жүйесiн ендіруді ынталандыру арқылы ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды; 

      18) басқа елдердiң аумағында ұлттық экспорттаушылардың мүдделерiн қолдау арқылы сыртқы сұранысқа жағдайлар жасайды; 

      19) Ұлттық палатамен және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;  

      20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады; 

      21) халықтың әлеуметтiк осал топтарын жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 

      22) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       23) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласында: 

      1) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 

      2) мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындайды; 

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және ол туралы ережені және оның құрамын бекітеді; 

      5) ұлттық экономиканың, оның ішінде оның өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді, олардың күшін жоюды, сондай-ақ оларды қолдану тәртібін көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 

      6) Өнеркәсіптік саясат туралы" және "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жүзеге асырады. 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы