Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 98-бап. Жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

98-бап. Жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

98-бап. Жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылыс, сондай-ақ коммуникацияларды тарту, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру бекітілген қала құрылысы жобаларына сәйкес әзірленген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүзеге асырылады. 

      Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда, жобалау-сметалық құжаттамасыз не эскиздік жобалар бойынша құрылысқа жол беріледі. 

      2. Құрылыс объектісінің параметрлері мен басқа да сипаттамаларының жобалық мәндерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланатын іс-шаралар осы Кодекстің және мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сілтемелермен негізделуге тиіс. 

      3. Көрсетілген талаптар болмаған жағдайда, құрылыс объектісінің жобалық мәндері мен сипаттамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобаланатын іс-шаралар мынадай бір немесе бірнеше тәсілмен негізделуге тиіс: 

      1) зерттеу нәтижелері; 

      2) сертификатталған немесе өзге тәсілмен сынамаланған әдістемелер бойынша орындалған есеп-қисаптар және (немесе) сынақтар; 

      3) қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың туындау сценарийлерін модельдеу, оның ішінде қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың қолайсыз үйлесуі кезінде модельдеу; 

      4) қауіпті (зиянды) табиғи, техногендік және (немесе) антропогендік процестер мен құбылыстардың туындау қауіп-қатерін бағалау. 

      Негіздеу кезінде инженерлік ізденістердің нәтижелері ескерілуге тиіс. 

      4. Тапсырыс беруші (меншік иесі) эскиздер (эскиздік жобалар) бойынша жобалау-сметалық құжаттамасыз республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша: 

      1) сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптілігі мен қауіп-қатерлерінің карталарына сәйкес, сейсмикалық қаупі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылыстан басқа, екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер салуды; 

      2) жеке қосалқы шаруашылыққа, бағбандық шаруашылық пен бақша өсіруге арналған жер учаскелерінің аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар тұрғызуды; 

      3) алаңішілік байланыс желілерін салуды; 

      4) қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскелерінде және саяжай учаскелерінде абаттандыруды; 

      5) бір тоғанның су айнасының алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіру тоғанын орнатуды; су қорғау белдеулерінде балық өсіру объектілерін тұрғызуды; аквашаруашылықты жүргізу үшін басқа да объектілерді (контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын мобильді кешендерді, құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын құрылысжайларды) орнатуды; 

      6) контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын мобильді кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, көпшілікті тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) салуды; 

      7) төтенше ахуал және (немесе) төтенше жағдайлар кезінде қалпына келтіру жұмыстарын, жауапкершіліктің үшінші деңгейіне жатқызылған құрылыс объектілері болып табылатын, екі қабаттан аспайтын тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылысжайлар салуды; 

      8) өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес уақытша, маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды талап ететін қоймалар мен сақтау орындары (арасы 6 метрге дейін, биіктігі 7 метрге дейін және алаңы 2000 шаршы метрге дейін қоса алғанда), жылыжайлар, парниктер, павильондар, байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды; 

      9) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын үй-жайлардың және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстарын салуды; 

      10) саны елуден аспайтын автомобиль көлігі құралдарына ашық үлгідегі автотұрақтар, сондай-ақ екеуден аспайтын автомобиль көлігі құралдарына бокстары бар гараждар салуды; 

      11) желілік инженерлік жолдар мен ондағы құрылысжайларды олардың жағдайын, тарту тереңдігінің (биіктігінің) белгілерін, құбырларының диаметрін өзгертуді талап етпейтін күрделі жөндеуді; 

      12) шағын сәулет нысандарын салуды және аумақтарды қоршауды; 

      13) ашық спорт алаңдарын, тротуарларды салуды, ғимараттар (құрылысжайлар) маңына төсем салуды; 

      14) технологиялық ресурсы таусылған және кәсіпорынды (цехты) реконструкциялауды немесе қайта бейіндеуді талап етпейтін технологиялық немесе инженерлік жабдықтың бірліктерін жөндеуді және ауыстыруды; 

      15) инженерлік желілерді электр коррозиясынан қорғауды; 

      16) жалпы алаңы 20 шаршы метрге дейінгі дара кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрған бір қабатты ғимараттар (құрылысжайлар) салуды; 

      17) реконструкциялаудан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөліп беруді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлерді реконструкциялауды; 

      18) өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды құрылыс объектілерінде жүзеге асырылатын және тіреу конструкцияларын өзгертуді талап етпейтін қайта жоспарлауды (қайта жабдықтауды); 

      19) кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электрмен жабдықтау желілерін салуды; 

      20) әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішінде автоматты күзет-өрт сигнализациясы жүйесін салуды және монтаждауды; 

      21) жеке тұрғын үйлерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды; 

      22) жалпы алаңы 20 шаршы метрге дейінгі кәсіпкерлік объектілерін орналастыру үшін жеке тұрғын үйлердің немесе жеке тұрған бір қабатты ғимараттардың (құрылысжайлардың) алаңішілік желілерін салуды және тұрмыстық мақсаттағы газбен жабдықтаудың үйішілік жүйелерін монтаждауды; 

      23) көппәтерлі тұрғын үйді іріктеп күрделі жөндеуді жүзеге асыра алады.  

      Қосымша жер учаскесін бөліп беруді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, тіреу конструкцияларының, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың қандай да бір өзгерістерімен байланысты емес, сәулет-эстетикалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы және санитариялық сапасын нашарлатпайтын, пайдалану кезінде қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде эскиздік жобаларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарымен келісу талап етілмейді. 

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары келісілген эскиздік жобаларды есепке алуды жүргізеді. 

      5. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу тәртібі, оның міндетті құрамы мен мазмұны мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді. 

      6. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-1-бабының 5-тармағында көрсетілген көліктік инфрақұрылым объектілерін салу, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және кейіннен кәдеге жарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген жобалауға арналған тапсырма мен жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. 

      7. Жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады. 

      8. Жобалау-сметалық құжаттаманы iске асыру кезiнде мердiгерлiк жұмыстарды жүргiзу қағидалары мен тәртiбi осы Кодекске және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес белгiленедi. 

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгенінен кейiн үш және одан көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескiрген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен түзетілгеннен, құрылыс жобасына қайталама ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізілгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн iске асыру үшiн пайдаланылады. 

      10. Жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізді қажеттілігі туындаған жағдайларда, оны түзету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

      11. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуді жүзеге асыру үшін оны әзірлеген жобалау ұйымы тартылады. 

      Жобалау-сметалық құжаттаманың авторы (авторлары) авторлық сүйемелдеуді жүзеге асырудан бас тартқан жағдайда, жобалау ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады. 

      12. Егер тапсырыс берушінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге негізді қажеттілік туындаса, онда жобалау алдындағы құжаттаманы (болған кезде) түзету талап етілмейді. 

      13. Жобалау-сметалық құжаттаманы ұлттық архив қорының құрамына енгiзу, көрсетілген құжаттарға меншік құқықтарының кепілдіктері, сондай-ақ оларды пайдалану құқықтары мен пайдалану жөніндегі шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. 

      14. Арнайы экономикалық аймақтардың, ерекше индустриялық аймақтардың объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында құрылыс үшiн шетелдiк заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау-сметалық құжаттама, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Кодексте, мемлекеттiк нормативтік құжаттарда және жобалауға арналған тапсырмада белгiленген жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, жобалау-сметалық құжаттаманың құрамы мен көлемiнде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзiрленуге тиiс. 

      Осы қағидадан ауытқуға: 

      1) тапсырыс беруші (инвестор) жиынтығында мынадай мiндеттi шарттарды орындаған кезде: 

      құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамамен расталуға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, конструкциялардың сенімділігі, құрылыс объектісінің жұмыс істеу орнықтылығы және еңбекті қорғау нормаларын сақтағанда; 

      тауарларды берушiлердi (жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушiлердi) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға сәйкес оларға қажеттi ақпаратпен қамтамасыз еткенде тапсырыс берушінің (инвестордың) шешiмi бойынша; 

      2) индустрияландырудың бірыңғай картасына енгізілген құрылыс объектісін жобалау, салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді жүргізу кезінде жол берiледi. 

      15. Сметалық бөлімі жоқ жобалау-сметалық құжаттама сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қала құрылысы кадастрыныңң автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілуге жатады. 

      16. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесін ұйымдастыру мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін міндетті болып табылатын "бір терезе" қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыруға арналған порталда жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы