Ақшалай өндіруді төлемді кейінге қалдыру, бөліп төлеу
ӘРПК-нің 127-бабы 8-бөлігінің қағидалары бойынша АӨ қолданған кезде сот ұйғарымның орындалуын екі айға дейінгі мерзімге кейінге қалдыруға немесе ұзартуға құқылы.
Соттар бір жыл ішінде кейінге қалдыру туралы – 13, бөліп төлеу туралы – 3 ұйғарым шығарды.
Мысалы, сот ЖСО-дан талап қоюға пікірді ұсынбағаны үшін 20 АЕК мөлшерінде өндіріп алды. ЖСО I топтағы мүгедек екенін, асырауында екі кәмелетке толмаған баласы бар екенін, денсаулығына байланысты еш жерде жұмыс істемейтін жұбайы бар екенін және күрделі қаржылық қиындықтарға байланысты сот шешімін орындауға мүмкіндігі жоқ екенін негіздей отырып, кейінге қалдыру туралы өтініш жасады. 30.11.2021 жылы сот материалдық және отбасылық жағдайды ескере отырып, орындалуын 2 айға кейінге қалдырды.
Тағы бір мысал. Сот жауапкер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-на талаптарды, соттың сұрау салуын орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды жүктеді. КЕАҚ сотқа өндіріп алуды кейінге қалдыру туралы өтінішхатпен жүгінді, бұл өндіріп алуды төлеу үшін тиісті спецификация мен ақшалай қаражаттың жоқтығына, орталық органнан ақша қаражатын сұрауға сілтеме жасады.
Қаражаттың болмауына және бюджеттік бағдарламалар, қаржылық жоспарлар бойынша шығыстардың айлық көлеміне өзгерістер енгізуге байланысты, орындауды кейінге қалдыруды ұсынудың басқа да мысалдары бар.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
ТАЛДАУ ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану
55 рет жүктеп алынды