Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ашылуы туралы

Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ашылуы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетінің ашылуы туралы

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 6 маусымдағы N 329 Жарлығы

 

 1. Университет деңгейінде Қазақстанның халық шаруашылығы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауды кеңейту, Түркістан қаласын - Орта Азияның ең көне ғылыми және мәдени орталығын дамыту мақсатында 1991 жылы Түркістан мемлекеттік университеті ашылсын.      

2. Түркістан мемлекеттік университетіне ұлы ақын және ағартушы Ахмет Ясауи есімін беру.      

3. Қазақ КСР Министрлер Кабинеті бір ай мерзімде Түркістан мемлекеттік университетінің алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындасын, осы ЖОО-ны қаржыландыру, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, орналастыру мәселелерін шешсін.

 

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы