Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Әкімнің сот шешімінсіз жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану

Әкімнің сот шешімінсіз жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану

Әкімнің сот шешімінсіз жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану

Әкімнің сот шешімінсіз жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану

 

2025 жылғы 13 мамырдағы №6001-24-00-6ап/3489 

Талап қоюшылар: Б. мен Ә. 

Жауапкер: аудан әкімі (бұдан әрі – Әкімдік), «Ауданның ауылшаруашылық және жер қатынастары бӛлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бӛлім), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал), Облыстық ауылшаруашылық басқармасының «Т» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын). 

Даудың нысанасы: әкімнің сот шешімінсіз Р-4 каналы құрылымы мен астында орналасқан жер учаскесін алып қою әрекетін заңсыз деп тану, әкімнің қаулыларын заңсыз деп танып, күшін жою, Р-4 каналы құрылымы мен астында орналасқан жер учаскесіне қатысты деректемені жою әрекетін заңсыз деп танып, тараптарды бастапқы жағдайға келтіру туралы. 

Талап қоюшылардың кассациялық шағымы бойынша қайта қарау 

ІСТІҢ МӘНІ: Р-4 гидромилиорациялық кондоминимум құрылтайшылырының жалпы жиналысының 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысымен, Р-4 орталық су каналының 8 шаруа қожалық үлестік меншік иелері, Р-4 гидромелиорациялық кондоминимум су каналынның пайдалану құқығы уақытша қысқа мерзімге 5 (бес) жылғы «Қ» шаруа қожалығының басқаруына тапсырылған. 

Аудандық жер учаскесіне құқық беру комиссиясының 2004 жылғы 20 сәуірдегі №11 қортындысының негізінде, аудан әкімінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі № 732 қаулысымен, аудан аумағында орналасқан Р-4 канал астындағы 9 000 шаршы метр жер телімі «Қ» шаруа қожалығының тӛрағасы Ю. 49 жылға жалға бӛлініп берілген. 

Ю. азаматты 2018 жылы 18 наурызда қайтыс болған. 

Жеке нотариус А.-мен 2018 жылғы 24 шілдеде №2709 куәландырылған заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік негізінде, Ю.- дың әйелі Б-ның иелігіне ауданы Бӛген аумағында 174 орм №002-де орналасқан жалпы ұзындығы 7340.0 шаршы метрде Р-4 каналы және астындағы 9000 шаршы метр жер телімі 49 жылға жалға берілген жер телімі ӛткені кӛрсетілген. 

Заңды күшіне енген облыстың аудандық сотының 2023 жылғы 13 наурыздағы шешіміне сәйкес ауданы әкімінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі 

№732 қаулысы, жер учаскесін жалға беру туралы 2011 жылғы 22 сәуірдегі 

№2285 шарты, жеке нотариуспен жер учаскесінің мұрагері Б. деп тану бӛлігі жарамсыз деп танылған. 

Осы соттың шешімімен 8 шаруа қожалықтар тұратын Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум құрылтайшылыры «Д», «Ә», «М», «Н», 

«Д», «К», «А» шаруа қожалықтарының жалпы жиналысының 2004 жылғы 

1 наурыздағы қаулысы негізінде, Р-4 орталық су каналының 8 шаруа қожалық үлестік меншік иелері, Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум су  

каналынның пайдалану құқығы уақытша қысқа мерзімге 5 жылғы «Қ» шаруа қожалығының басқаруына тапсырылған. 

Алайда «Д», «Ә», «М», «Н», «Д», «К», «А» шаруа қожалықтарының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес 2004 жылғы 1 наурыздағы қаулысы бойынша Р-4 гидромилиорациялық кондоминиум су каналының пайдалану құқығын «Қ» шаруа қожалығының сенімгерлікпен  басқаруына  уақытша  берілген  мерзімі  2007  жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылған. 

Сот актілері: 

1-ші саты: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы 22 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған. 

Апелляция: қаулымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған. 

Кассация: сот актілері күшінде қалдырылған. 

Қорытындылар: 

Р-4 гидромелиорациялық кондоминиум су каналының пайдалану құқығын «Қ» шаруа қожалығының сенімгерлікпен басқаруына уақытша беру   туралы   8   шаруашылықтың   бастапқы   2004   жылғы 1 наурыздағы қаулысының заңды күші жоқ екені анықталған. 

Осы негіздерге байланысты жер учаскелері жылжымайтын мүліктермен бірге облысының коммуналдық меншігіне беру туралы 2024 жылғы 11 наурыздағы №114 және 2024 жылғы 1 сәуірдегі №142 қаулылары жауапкерлермен ӛз құзыреті шегінде қабылданғаны анықталған. 

Бұл жағдайда жергілікті соттармен талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі негізді болып табылады. 

Кассациялық шағым ӛзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен бірыңғай. 

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша соттарда анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мӛлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп тұжырымдаған. 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы