Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді
  • Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңнаманы қолдану туралы

  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 8 Нормативтік қаулысы.

  •        ХАБАРЛАНДЫРУ       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ерекше талап қоюмен" деген сөздер "талап қоюмен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2018 № 12 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын соттардың біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

  •       қаулы етеді:

  •       Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Заңда көрсетілгеннен өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері тікелей қолданылады.

  •       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар, бірлесіп не жалғыз қоғам құрылтайшылары болуы мүмкін. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде) Заңның 7-бабының 1-тармағында көрсетілген мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.

  •       Соттар мүліктік жауапкершілік туралы мәселені шешкен кезде қоғам өз меншігіндегі мүлік шегінде жауапкершілік көтеретіндігін және акционерлердің міндеттемелері бойынша жауап бермейтіндігін негізге алуы тиіс.

  •       Өз тарапынан, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құны шегінде оның қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.

  •        Заңның 9-бабының 4-тармағына сәйкес қоғам өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруға құқылы.

  •        Заңның және өзге де заңнамалық актілердің нормаларынан туындайтын, атап айтқанда, алдын ала айқындалған кепілді мөлшерде дивидендтер алуға артықшылық берілген акциялардың меншік иелерінің жай акциялардың меншік иелері алдындағы басым құқығын, корпоративтік хатшының міндеттерін және т.б. реттейтін басқа ережелерді Заңның 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген өзге ережелер деп түсіну керек.

  •       Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

  •       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 317-бабының ережесі бойынша акционердің қоғам істеріне ұзақ уақыт қатыспауына байланысты оны хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды.

  •       Акционер қоғамды басқаруға қатыспағанда және оның тұрғылықты жері (тұратын жері) белгісіз болған жағдайларда, қоғам дивидендтерді ол көрсеткен банк шотына не қоғамның дивидендтері бойынша берешегін аудару үшін ашылған акционердің шотына салуы тиіс.

  •        АК-нің 115-бабына сәйкес акция бағалы қағаз ретінде қаржылық құрал түріндегі мүлікке жатады, демек, оны АК-нің 242-бабының ережесін қолданып, иесіз деп тануға жол берілмейді.

  •       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Акционердің тіркеушіге және акцияларды номиналды ұстаушыға акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдері жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгеруі туралы он күн ішінде хабарлау міндетін орындамауының салдары үшін қоғам мен тіркеуші жауапты болмайды.

  •       Акционердің мәртебесі қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі жеке шоттан жасалған көшірмемен расталады.

  •       Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне дау айту туралы арыздарды қарау кезінде, акционердің заңды мүдделерін шектейтін Заңды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді немесе жарғыны бұзушылыққа: акционерге ("алтын акция" иесіне) акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн туралы уақтылы хабарламау (хабарламау); жиналыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты (материалдарды) акционерге танысу үшін бермеу; сырттай не қатысып жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді уақтылы бермеу және т.б. жататынын ескеру қажет.

  •        Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың заңда белгіленген императивтік рәсімдерін, оның ішінде оның алдағы уақытта өткізілетіні туралы хабарлау мерзімдерін, күн тәртібі материалдарының дайын және қол жетімді болуын бұзу акционерлердің Заңның 14-бабында көзделген құқықтарын бұзуға әкеп соғады, бұл акционерлердің жалпы жиналысының шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болуы мүмкін.

  •        АК-нің 178-бабына сәйкес акционерлердің өздерінің құқықтарын қорғауы туралы дауларды шешу кезінде талап қоюдың жалпы мерзімі қолданылады.

  •       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2018 № 12 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  •       Қоғамның берешегінің пайда болу мерзіміне қарамастан акционер алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.

  •        Дивидендтер белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы негізге алына отырып есептелетін өсімақы төленеді (АК-нің 353-бабы, Заңның 22-бабының 1, 6-тармақтары).

  •        Заңның 22-бабының 1-тармағын қолданған кезде соттар дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататынын ескеруі тиіс, сондықтан, егер ондай шешім қабылданбаса, сот дивидендтерді өндірмейді.

  •       Қоғамның болмаған акционерлердің шоттарына артықшылық берілген акциялары бойынша дивидендтерді аударуы міндеттемені тиісінше орындағаны болып есептеледі.

  •        Қоғамның өткен қаржы жылындағы таза кірісін бөлу және бір жай акцияға есептелетін дивиденд мөлшерін айқындау тәртібі артықшылық берілген акцияларды иеленген акционердің құқықтарын шектеуі мүмкін, сондықтан осы мәселе Заңның 13-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысында қаралады.

  •       Қоғам жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде және артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу мерзімі басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қоғамның атауын, орналасқан жерін, банктік және өзге де деректемелерін, дивидендтер төленетін кезеңді, төлем басталатын күнді, дивидендтерді төлеудің тәртібі мен түрін, сондай-ақ тиісінше бір жай немесе артықшылық берілген акцияға есептелген дивиденд көлемін көрсетіп, дивидендтерді төлеу туралы тиісінше шешімді немесе ақпаратты бұқаралық ақпараттық құралдарында жариялауға міндетті.

  •       Артықшылық берілген акция бойынша дивидендтің кепілді мөлшері белгіленген ақшалай түрде, сондай-ақ мәні тұрақты және жалпы қолжетімді болған жағдайда қандай да бір көрсеткішке қатысты индекстеу арқылы да белгіленуі мүмкін.

  •       Акционерлердің акцияларды сатуына қоғамның кедергі жасауына құқығы жоқ, алайда, қоғам оларға акцияларды ұсынылған бағадан жоғары бағамен өзінің немесе үшінші тұлғалардың сатып алуы туралы ұсыныс жасай алады.

  •        Өзіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсынысқа жауап ретінде өтініш берген (келіскен) акционер осы ұсынысты жариялаған тұлғаның акцияларды сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағымдануға құқылы (Заңның 25-бабының 3, 4-тармақтары).

  •        Заңның 27-бабының 1-тармағында көрсетілген кез келген шешім қабылданған күннен немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы акциялардың делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап акционер отыз күн ішінде жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы қоғамға талап қоюға құқылы.

  •       Аталған өтініш алынған күннен бастап отыз күн ішінде қоғам акционерден акцияларды сатып алуға міндетті. Осы міндет орындалмаса, акционер қоғамды мәмілені жасауға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

  •        Қоғам сатып алған орналастырылған акциялар акционерлердің жалпы жиналысының кворумын анықтау кезінде есепке алынбайды және онда дауыс беруге қатыспайды (Заңның 27-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшалары, 2-тармағы, 28-бабының 2-тармағы).

  •        Негізгі қызметі жер қойнауын пайдалануға байланысты қоғамдардың акцияларын сатып алудың, оның ішінде мемлекеттің сатып алуының, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ сақтандыру және өзге де ұйымдардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың ерекшеліктері арнайы заңдармен, мысалы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-ІІ заңдарымен және т.б. реттеледі.

  •       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Егер мәселені шешу акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне Заңмен емес, жарғымен жатқызылса, ал онда осы мәселені шешуді директорлар кеңесіне, басқармаға немесе өзге де органдарға беру мүмкіндігі көзделсе, онда мұндай өкілеттікті беру заңды болып есептеледі.

  •       Егер жарғыда өзге белгіленбесе, акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның ішкі қызметіне жататын мәселелер бойынша өзінің өзге органдарының кез келген шешімін жоюға құқылы.

  •       Соттар тұлғаның мүддесі жоқ деген себеппен арызды қабылдаудан бас тартуы тиіс емес, мүдделілік дауды мәні бойынша қараған кезде анықталады.

  •        Егер Заңда белгіленген мерзім ішінде директорлар кеңесі ірі акционердің талабы бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешімді қабылдамаса, онда ірі акционер осы міндетті қоғамға жүктеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы (Заңның 38-бабының 6-тармағы).

  •       Ірі акционердің кезектен тыс жалпы жиналысты шақыру туралы талабынан бас тарту жөніндегі директорлар кеңесінің шешіміне дау айтылған жағдайда сот істі талап қоюмен іс жүргізу тәртібінде қарайды.

  •       Заңды тұлға өзінің органдары арқылы құқықтарды иеленіп, міндеттерді қабылдайтындығынан акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы сот шешімін орындау қоғам жарғысының ережелері ескеріле отырып, қоғам органдарының біреуіне жүктелуі мүмкін.

  •       Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе акционерлердің саны елуден аспаса, хабарлама олардың әрқайсысына жіберілуі тиіс.

  •       Уәкілетті орган белгілеген баспасөз басылымы таратылатын жерден тыс жердегі акционерлерге хатты алғандығы туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонхатпен немесе жеделхатпен, сондай-ақ хабарлауды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып хабарлауға болады.

  •        Соттар Заңның 41-бабының 3-тармағында аталған акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерге назар аударуы тиіс, олар: жиналыстың өткізілетін күні, уақыты және орны, жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталатын уақыты, сондай-ақ жалпы жиналыстың қайта өткізілетін күні және уақыты (Заңның 42-бабының 1-тармағына сәйкес, өткізілмеген жиналыстан кейінгі келесі күннен ерте емес); акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі жасалған күн; акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі; акционерлерді күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен таныстыру тәртібі.

  •       Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген міндетті тізбедегі мәселе күн тәртібіне қосымша енгізіледі.

  •       Егер жалпы жиналысқа қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда кемінде тоқсан бес пайызын иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі күн тәртібіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді жақтап дауыс берсе, олар күн тәртібіне енгізілуі мүмкін.

  •       Жалпы жиналыс күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы емес.

  •        Күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдарда ақпарат олар бойынша негізді шешім қабылдау үшін жеткілікті көлемде болуы қажет және акционерлердің танысуы үшін қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде жиналыс өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болуы тиіс, ал акционер сұратқан кезде сұрату алынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оған жіберілуі тиіс. Егер жарғыда өзге көзделмесе, құжаттар көшірмелерін жасауға және құжаттарды жеткізуге жұмсалған шығындарды акционер көтереді (Заңның 44-бабының 4-тармағы).

  •       Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •        Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін әзірлеу күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен ерте белгіленбеуі керек және акционерлерге өздерінің әрекеттерін реттеп, акционерлер тізімін жасауға дайындалуға мүмкіндік берілуі тиіс, бұл үшін оларға жеткілікті уақыт беру қажет (Заңның 39-бабының 1-тармағы, Заңның 45-бабының 1-тармағы).

  •       Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) акционерлердің жалпы жиналысына және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы, бірақ кворумды белгілеу кезінде ол есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес.

  •        Жиналыс жұмысы басталғаннан кейін акционерлерді тіркеу аяқталған болып есептеледі, себебі Заңның 48-бабының 2-тармағына сәйкес жалпы жиналысқа келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жалпы жиналыс ашылғанға дейін жүргізіледі.

  •       Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде лауазымды тұлғаның қоғамға келтірген зиянын не залалын өтеуі туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

  •        Егер лауазымды тұлғалар қоғамның органы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, олар жауапкершіліктен босатылады (Заңның 63-бабы).

  •        Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие қоғам қызметкерлерінің тізімін міндетті түрде жүргізуді қамтамасыз етеді (Заңның 79-бабы 3-тармағы).

  •        Қоғам және оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоғаммен бәсекелес кәсіпорынға беру фактілері жөнінде акционердің акцияларын орналастыру бағасы бойынша мәжбүрлеп сату арқылы акционерді шығару туралы арызды қабылдаған кезде соттар АПК-нің 148-бабының екінші бөлігі 5) тармақшасының қоғамның тиісті дәделдемелерді беруі туралы талабын сақтауды талап етуі тиіс.

  •       Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Егер мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап пайдакүнемдік себебімен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетінен туындаса, аффилиирленген тұлғалардың қатысуымен мәмілені қасақана жасаған не оны жасасу тәртібін бұзған, сондай-ақ ірі мәмілені Заңда және жарғыда белгіленген талаптарды бұзып жасаған тұлғаның мұндай талап қоюға құқығы жоқ.

  •        Заңнаманың, қоғам жарғысының талаптарын не оның органдарының құзыретін бұзатын, нәтижесінде АК-нің 158-бабына сәйкес мәміленің жарамсыздығына әкеп соқтыратын мәмілені жасасу жөніндегі әрекеттер (мысалы, бағаның өсу жағына қарай өзгеруі және т.б.) пайдакүнемдікті немесе жауапкершіліктен жалтаруды білдіруі мүмкін.

  •        Соттар ірі мәміле нысаны болып табылатын мүліктің, сондай-ақ қоғам активтері құнының нарықтық баға бойынша бағаланатынын ескеруі тиіс (Заңның 69-бабы).

  •       Жарғымен белгіленген жағдайларда ірі мәмілерді жасасу туралы шешімді директорлар кеңесі немесе жалпы жиналыс қабылдаған болса, онда мәмілелерге дау айтылған кезде, осындай шешімді орындау мақсатында мәміле жасалған қоғам органының шешімін заңсыз деп тану туралы мәселені бір уақытта қою талап етілмейді.

  •       Қоғамның мәміле жасасу тәртібіне қойылатын заңнамалық талаптарды бұзып мәмілені жасауына мүдделі тұлға қоғамға келтірілген залал көлемінде қоғам алдында жауапты болады. Мәмілені бірнеше тұлға жасасқан кезде, олар қоғам алдында ортақ бірлесіп жауап береді.

  •        Заңның 70-бабының 1-тармағына сәйкес кредит берушілерге, жұртшылық пен акционерлерге ақпарат беру мақсатында қоғамның iрi мәмiле жасасуы туралы шешiм қабылданғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде қоғам мәмiле туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерінде жариялауға мiндеттi.

  •       Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

  •       Егер соттың шешімімен қоғамды бөліну немесе бөлініп шығу нысанында мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды жүргізуге уәкілеттік берілген қоғам органдары қайта ұйымдастыруды шешімде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот сенімгер басқарушыны тағайындайды және оған қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруды тапсырады.

  •        Сенімгер басқарушы тағайындалған сәттен бастап, оған директорлар кеңесі мен жалпы жиналыстың Заңның 84 және 85-баптарында көзделген қайта ұйымдастыру ережелерін белгілеу жөніндегі өкілеттіктері беріледі.

  •        Сенімгер басқарушы бөлу балансын жасайды және оны бөліну немесе бөлініп шығу нәтижесінде құрылған қоғамдардың жалпы жиналысында бекітілген құрылтай құжаттарымен бірге соттың қарауына береді. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамдарды мемлекеттік тіркеу сот шешімі негізінде жүзеге асырылады (Заңның 87-бабы).

  •        Қоғамды қайта ұйымдастырудың нәтижесінде пайда болған органдарды қалыптастыру оны құру ережелері бойынша жүзеге асырылады, ал оның шешімдері мен мәмілелерінің заңдылығы қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процесінде оның мүддесін білдіру тапсырылған органдар мен тұлғалардың құқықтық өкілеттігіне байланысты болады (Заңның 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасы).

  • Қазақстан Республикасы 
    Жоғарғы Сотының ТөрағасыМ. Әлімбеков
    Қазақстан Республикасы 
    Жоғарғы Сотының судьясы, 
    жалпы отырыс хатшысыЖ. Бәйішев
  • © 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

  • Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар  1-тарау. Жалпы ережелер Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 1-тарау. Жалпы ережелерАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1) айқын басым көпшілік – кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі к...

Толық оқу »

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құры...

Толық оқу »

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі акционерлік қоғамының жарғылық капиталы

88-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі акционерлік қоғамының жарғылық капиталы АҚ жарғылық капиталы акционерлер сатып алған акциялардың номиналды құнын...

Толық оқу »

113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы жасалмады деп танудың салдарлары  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлiк қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссия...

Толық оқу »

2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары

2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары 1. Акционерлік қоғамдарды құрудың, олардың қызметінің...

Толық оқу »

15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

15-бап. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру Заңды тұл...

Толық оқу »

5-бап. Қоғамның құрылтайшылары  2-тарау. Қоғамды құру Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

5-бап. Қоғамның құрылтайшылары 2-тарау. Қоғамды құруАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылт...

Толық оқу »

88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

88-бап. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру т...

Толық оқу »

14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы

14-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгіз...

Толық оқу »

176-бап. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

176-бап. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлі...

Толық оқу »

85-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі акционерлік қоғамының түсінігі

85-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі акционерлік қоғамының түсінігі Өз міндеттемелері бойынша жауап бермейтін бір немесе бірнеше тұлғалар құрған,...

Толық оқу »

12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер  4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

12-бап. Қоғамның бағалы қағаздары туралы жалпы ережелер 4-тарау. Қоғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздарыАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғам жай акциялар,...

Толық оқу »

20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепА...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы, Халықаралық қалпына келтіру және Даму Банкі мен "Қазақойл" ұлттық мұнай газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы арасындағы Тапсыру және келісу туралы актіні (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасын) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы, Халықаралық қалпына келтіру және Даму Банкі мен "Қазақойл" ұлттық мұнай газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы арасындағы Тапсыру және келісу туралы...

Толық оқу »

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің акционерлік қоғамын басқару

92-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің акционерлік қоғамын басқару АҚ басқару және оның қызметін бақылау органдары:1) жоғары басқару органы-акционер...

Толық оқу »

Акционерлік қоғам ұғымы

Акционерлік қоғам ұғымы📘 I. Акционерлік қоғамның жалпы сипаттамасыАкционерлік қоғам (АҚ) — бұл жарғылық капиталы акцияларға бөлінетін және акционерлердің жауапкершілігі сатып...

Толық оқу »

24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп  Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияла...

Толық оқу »

93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

93-бап. Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе...

Толық оқу »

262-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы және Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің талаптарын бұзу

262-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы және Акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодек...

Толық оқу »

7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешімі  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

7-бап. Құрылтай шарты. Жалғыз құрылтайшының шешіміАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Құрылтай шартында (жалғыз құрылтайшының шешімінде):      1) қоғамның құрылтайшылары...

Толық оқу »

86-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ашық және жабық акционерлік қоғамдары

86-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің ашық және жабық акционерлік қоғамдарыАҚ ашық және жабық болып бөлінеді (ескі заңнамада - ашық және жабық типт...

Толық оқу »

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және тарату

93-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және тарату АК-нің 45 және 49-баптарында көрсетілген заңды тұлғаларды қ...

Толық оқу »

21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасау  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

21-бап. Қоғамның орналастырылатын акцияларына төлем жасауАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзде...

Толық оқу »

172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзге заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу ерекшеліктері Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің өзге...

Толық оқу »

166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге асыруын құқықтық реттеу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

     166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын...

Толық оқу »

74-1-бап. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

74-1-бап. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеуҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі турал...

Толық оқу »

262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

262-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан...

Толық оқу »

186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлекеттің іске асыруы Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлеке...

Толық оқу »

24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

24-бап. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу қоғам органының шешімін тал...

Толық оқу »

21-бап. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

21-бап. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерҰлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы      "Акционерлі...

Толық оқу »

95-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тәуелді акционерлік қоғамы

95-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тәуелді акционерлік қоғамы Тәуелді АҚ коммерциялық ұйымның ерекше ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылмайды...

Толық оқу »

10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері  3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

10-бап. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 3-тарау. Қоғамның жарғылық капиталыАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлш...

Толық оқу »

8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібі  Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

8-бап. Құрылтай шартын жасасу (жалғыз құрылтайшының шешімін ресімдеу) тәртібіАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Құрылтай шарты әрбір құрылтайшының немесе оның өкілінің ш...

Толық оқу »

27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

27-бап. Қоғамның орналастырған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуыАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды:     ...

Толық оқу »

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ Акционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚАкционерлік қоғамның (директорлар кеңесінің) корпоративтік хатшысына Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің...

Толық оқу »

19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі Акционерлік қоғамдар туралы Заңы

19-бап. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіАкционерлік қоғамдар туралы Заңы      1. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзудi орталық депозитари...

Толық оқу »

Акционерлік қоғамды басқару

Акционерлік қоғамды басқару📘 I. Жалпы ережелерАкционерлік қоғамды (АҚ) басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:· органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлу (акционерлердің жалп...

Толық оқу »