Алимент мөлшерін азайту туралы талап
2022 жылғы 2 ақпан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші судья Б.Ж., судьялар А.К., Т.А., талап қоюшы М-тың өкілі – адвокат А-ның, жауапкер А.Г. өкілі – Н.Б. Сарсенбаевтың, жауапкер А.К. қатысуымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы өткізілген ашық сот отырысында
талап қоюшы А.Ш. жауапкерлер А.Г., А.К. алимент мөлшерін азайту туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы А.Г. өкілі – Н.Б. өтінішхатымен түскен азаматтық істі қарап,
А. сотқа жоғарыда аталған талап қою арызымен жүгініп, талап уәждерінде өзінен ұсталатын алимент мөлшері 75 % құрайтынын, яғни еңбек ақысының жартысынан артық екенін және бұл заңға қайшы келетінін көрсеткен.
Облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 15 маусымдағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған.
А.-дан А.-ның пайдасына 2007 жылғы 7 қыркүйекте туған Б., 2008 жылғы 9 желтоқсанда туған Х. және 2018 жылғы 25 сәуірде туған Н. асырау үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің төлейтін алимент мөлшері 3/8 бөлігіне, яғни 37,5 % дейін азайтылған.
А.-дан А.-ның пайдасына 2018 жылғы наурызда туған А. асырау үшін табысының және (немесе) өзге де кірісінің төлейтін алимент мөлшері 1/8 бөлігіне, яғни 12,5 % дейін азайтылған.
Өтінішхатта арыз беруші іс бойынша қабылданған апелляциялық қаулымен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанына сілтеме жасап, оның күшін жойып, бірінші сатыдығы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Өтінішхатты қолдаған Н., оны қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған А.-ны, Г.-ны тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, өтінішхат уәждерін талқылай отырып, сот алқасы өтінішхат келесі негіздер бойынша қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға апелляциялық сатыдағы сотпен жол берілген.
Іс құжаттарына қарағанда, қалалық сотының 2020 жылғы 07 желтоқсандағы сот бұйрығымен А.-ның пайдасына кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін А.-дан табысының және (немесе) өзге де кірісінің ½ бөлігінде алимент өндірілген.
Облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 24 ақпандағы шешімімен А.-ның талабы қанағаттандырылған.
А.-ның кәмелетке толмаған 2018 жылғы 04 наурызда туған қызына қатысы әкелігі анықталып, табысының және (немесе) өзге де кірісінің ¼ бөлігінде алимент өндірілген.
Бірінші сатыдағы сотпен анықталғандай, қазіргі таңда А. мен А. заңды некеде тұрады, ортақ некеден үш балалары бар. ½ мөлшерде алимент өндіру туралы сот бұйрығы орындауға ұсынылған, ол бойынша А.-ның берешегі жоқ.
А. мен А.-ның отбасылық қарым-қатынаста екені және некелері бұзылмағаны, өз кезегінде А.-ның пайдасына өндірілген алименттік төлемдер осы отбасының ортақ кірісі боп табылатыны толығымен анықталған.
Мұның толық мән-жайлары бірінші сатыдағы соттың шешімінде толық сипатталған, оларды қайталауға қажеттілік жоқ.
Осы жағдайлар бірінші сатыдағы сотқа талап қою арызды қанағаттандырусыз қалдыруға негіз болған.
Бұл тұжырыммен келіспеген апелляциялық сатыдағы сот талап арызды қанағаттандыру туралы қабылдаған жаңа шешімін, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс екені қарастырылған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 115-бабының 3-тармағындағы талаптарға негіздеген.
Бұл ретте талап қоюшының айлық жалақысынан 75 % алиментке ұсталып жатқаны жөніндегі уәждері қисынсыз, өйткені «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 95-бабының 1-тармағына сәйкес бiр немесе бiрнеше, оның ішінде басқа сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс.
Аталған норманың талаптары бойынша борышкердің жұмыс орнымен оның айлық жалақысынан қатаң түрде елу пайызға дейінгі мөлшерде қаражат ұстап қалынады.
Өз кезегінде, балаларды күтіп-бағу жөніндегі міндет сөзсіз сипатқа ие, яғни балалар ата-аналарынан тіршілік әрекетін қолдау үшін қажетті күтіп-бағуды алуға құқылы, осыған байланысты балалардың құқығы ата-аналардың құқығына қатысты басымдыққа ие, өйткені еңбекке қабілетті ересек адамдар (кәмелетке толмаған балалардан айырмашылығы) өмір сүруге қаражат таба алады деп болжанады.
Алимент мөлшерінің төмендеуі балалардың мүліктік құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, олардың материалдық жағдайын нашарлатады.
Талап қоюшы еңбекке қабілетті жаста, оған еңбек етуге кедергі келтіретін аурулардың бар екендігі туралы, сондай-ақ оған сот актілерінде белгіленген мөлшерде алимент төлеуге объективті түрде мүмкіндік бермейтін материалдық жағдайының нашарлағанын айғақтайтын дәлелдемелер ұсынылмаған.
Қарастырылып отырған жағдайда, ол алимент мөлшерін өзгерту арқылы кәмелетке толмаған балалардың жағдайын нашарлату есебінен өзінің материалдық жағдайын жақсартуға тырысуда.
Ал, Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 2-бөлігіне сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Іс құжаттарын зерделеу, бірінші сатыдағы соттың ұстанымы кәмелетке толмаған балалардың мүддесіне толық сәйкес келетінін, дау мәні бойынша дұрыс және әділ шешілгенін көрсетті.
Кассациялық сот алқасы, бірінші сатыдағы соттың тұжырымдары заңды және материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданған, сәйкесінше апелляциялық сатыдағы соттың алимент мөлшерін азайтуға құқықтық негізі болмаған деп санайды.
Істің бұл тұрғысында сот алқасы өтінішхатты негізді және қанағаттандырылуға жатады деп санайды, себебі, жоғарыда баяндалған мән-жайлар, дау айтылған сот актісінің күшін жойып, мәні бойынша дұрыс бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыру үшін елеулі негіздер болып табылады.
Г.-мен өтінішхатты берген кезде төленген мемлекеттік баж АПК-нің 109-бабына сәйкес А.-дан өндірілуге жатады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы ҚАУЛ Ы ЕТТІ:
Облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысының күші жойылып, Облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 15 маусымдағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы А-дан жауапкер А-ның пайдасына 11 163 (он бір мың бір жүз алпыс үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
А.Г.-ның өкілі – Н.Б.-тың өтінішхаты қанағаттандырылсын.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы