Алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы талап арыз
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотна
Талапкер: КА Абдухалиевна
ИИН: 7777
Алматы, 050000, Наурызбай ауданы, ЖК Алма City, ... к-шесі, ....
+7 747 ..
......
Сенімді өкілі адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Жауапкер: Б Н Әұлы
ИИН ...
+7 747 ...
Алматы, 050000, Наурызбай ауданы, .....
Арыз
алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы
2010 жылы 13 мамыр айында КА Абдухалиевна (әрі қарай - талапкер) мен Б Н Әұлы (әрі қарай - жауапкер) заңды некеге тұрған. Ортақ некеден кәмелет жасына толмаған балалары бар. Олар:
· 11.10.2010 жылы туылған Ә Арсен Н, ЖСН ....;
· 08.07.2014 жылы туылған Ә Алмат Н, ЖСН .....
ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 30-бабында сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқаратындығы көзделген. Ерлі-зайыптылар отбасындағы қарым-қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының әл-ауқаты мен нығаюына ықпал етуге, балаларының денсаулығына, дамуына және олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндетті.
Жауапкер өз еркімен от басысына материалдық көмек көрсетпейді.
ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 70-бабында көрсетілгендей, ата-аналардың өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға және өз баласын тәрбиелеуге міндетті екендігі, сондай-ақ оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты екендігі көзделеді және міндеттенеді.
Өкінішке орай, жауапкер өз өмірімен өмір сүруде, жауапкердің тапқан барлық қаражаты отбасыдан бөлек белгісіз қажеттіліктерге жұмсалады.
Отбасының барлық шығындары арызданушының иығына түсуде. Арызданушы бүкінгі күнде сотқа некені бұзу туралы талап арызбен жүгінген.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған балалар анасымен бірге тұрады. Осыған қарамастан, жауапкер өз еркімен кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға материалдық көмек көрсетпейді, ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарады.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 139-бабында, Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бір бөлігін; екі балаға - үштен бір бөлігін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-140-баптарын, Қазақстан Республикасы АІЖК 140,145-147-баптарын басшылыққа ала отырып,
Соттан сұраймыз,
· Б Н Әұлынан ЖСН 811102301480, кәмелетке толмаған
- 11.10.2010 жылы туылған Ә Арсен Н, ЖСН ....;
- 08.07.2014 жылы туылған Б Н Әұлы, ЖСН ...., кәмелетке толғанға дейін асырап-бағуға Арызданушы КА Абдухалиевна пайдасына жауапкердің барлық табысының 3/1 бөлігі мөлшерінде алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығы шығаруды;
· ҚР АІЖК нормаларына сәйкес алимент өндіріп алу бойынша барлық шығындар жауапкерге жүктеуді.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл: Г.Т Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Арыз алимент
6 рет жүктеп алынды