Алматы қаласы ПД Түрксіб аудандық ПБ-на жәбірленушінің өкілдерін іске қатыстыру туралы
ҚР ІІМ Алматы қаласы ПДТүрксіб аудандық полиция басқармасына
Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 14.
заң консультантынан:
Кеңесбек Ислам Мұхамедұлы
ЖСН 970103300774
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесіБСН 201240021767
Алматы қаласы, Абылай Хан даңғылы, 79 үй, 304 кеңсе.
+7 708 971 78 58
Аа И.С.-ның мүддесі үшін
ЖСН: .
Алматы қаласы, Ж.. көшесі, 3 үй.
ӨТІНІШХАТ
жәбірленушінің өкілдерін іске қатыстыру туралы
Алматы қаласы Полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының өндірісінде Аа И.С.-ның З Б Н.-ға қатысты алаяқтық фактісі бойынша берген арызы негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 190-бабы шеңберінде қылмыстық іс қаралуда.
ҚПК-нің 71-бабының талаптарына сәйкес, жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өкілінің болуына құқылы.
ҚПК-нің 76-бабына сәйкес, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкілдері адвокаттар және заңға сәйкес қылмыстық процесте жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының заңды мүдделерін білдіруге құқығы бар және қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысымен оған қатысуға жіберілген өзге де адамдар болуы мүмкін.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес,
СІЗДЕН ӨТІНЕМІН:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген барлық процестік құқықтарды бере отырып, адвокат Саржанов Галымжан Тұрлыбекұлын және заң консультанты Кеңесбек Ислам Мұхамедұлын жәбірленуші Аа И.С.-ның өкілдері ретінде қылмыстық іске қатысуға жіберуді.
Құрметпен,
Жәбірленушінің өкілдері:
Кеңесбек И.М.
Саржанов Г.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы