Арыз үлгісі Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
Алматы қаласының прокуратурасы Арнайы прокуратура бөліміне
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 189 үй +7 (7272) 24 01 68
Сенімхат бойынша өкіл: Заң және құқық адвокаттық кеңсесі
БСН 190240029071 Алматы қаласы, Абылай Хан даңғылы, 79 үй, 304 офис.
info@zakonpravo.kz / www.zakonpravo.kz
+ 7 727 978 50 85; +7 700 978 50 85, +7 708 578 5758.
Жәбірленуші: К.Б.Д. 04.08.2003 ж.т.
Арыз
(Қылмыстық құқық бұзушылық туралы)
07.01.2022 жылы мен танысым Еркебулан екеуміз ауылга кетіп бара жатқанда Алматы облысы Ұзынағаш ауылында полиция кызметкерлері мені ұрлық қылмысына күдік бойынша ұстады.
Сол күні мені полиция кызметкерлері ұстап мені жүк көлігіне салды. Аталған жүк көлігінде мені жерге ішіммен жығып, мені басымнан және денемнен ұра бастады. Сосын біз Алматы облысы Қаскелең каласында немесе Ұзынағаш полиция баскармасына әкеліп, кабинетке кіргізіп мені полиция қызметкері мен қолымен ұра бастады. Ол мені қолымен қабырғамнан ұрды. Нақты неше рет ұрғаны менің есімде жоқ. Келесі күні Алматы каласының полиция департаментіне жеткізді.
Арыз үлгісі Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
Полиция департаментіне 09.01.2022 жылы түскі уақытта шамамен 12:00 сағатта алып келіп, мені 4 қабатқа алып келді. Аталған жерде мені полиция қызметкерлері ұрып соқты. Содан соң мені уақытша ұстау изоляторына қамады. 10.01.2022 жылы мені тергеушінің кабинетіне апарып жауап алуға апарды. Тергеуші ғимараттың 5 қабатында отыр еді. Сол кезде менен жауап ала бастады, мен болған оқиғаны айтып бердім. Алайда менің айтқаным полиция қызметкерлерінің көңілінен шыққан жоқ. Содан соң олар мені 4 қабатқа апарып денемнен аяғымнан қолдарымен ұрып соғып азаптап, жасамаған ұрлық қылмысын жасағанымды мойындатты. Мен алған дене жарақаттарынан өзімді жаман сезіндім, менің көзім қарауытып, денем ауырды. Содан соң менің тергеушінің кабинетіне кіргізіп мені күдікті ретінде танып, менен қорғаушының қатысуымен күдікті ретінде жауап алды, мен полиция қызметкерлерінен қорқанымнан жасамаған ұрлық қылмысын мойындадым. Содан соң мені уақытша ұстау изоляторына жапты. Бірнеше күнен соң онлайн түрде мені күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын қолдану туралы тергеу сотымен санкция қаралды.
Сот қаулысымен мені 2 айға тергеу изоляторны қамады. Содан соң мені ЛА-155/18 мекемесіне алып кетті. 21.01.2022 жылы Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен маған қатысты кепіл бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу изоляторынан шыққаннан соң мен денем және басым қатты ауырғаннан кейін медициналық мекемеге жүгінуіме тура келді. Нәтижесінде менің қабырғаларым сынғандығы, кеудеме, басыма, сол жақ саныма дене жарақаты келгендігі анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146 бабына сәйкес, тергеушiнiң өзге де лауазымды адамның азапталушыдан мәлiметтер алу немесе мойындату не ол немесе басқа адам жасаған немесе жасады деп күдiк келтірілген әрекет үшiн оны жазалау. ҚР Қылмыстық Процестік Кодексінің 179 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелуі не кезек күттірмейтін бірінші тергеу әрекеті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде ҚР ҚПК 179 бабына сәйкес,
СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:
- Мені азаптаған полиция қызметкерлерін қылмыстық жауапкерлікке тартуыңызды;
Құрметтпен, Қорғаушы Ғ.Т.Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Арыз үлгісі Қылмыстық құқық бұзушылық туралы
183 рет жүктеп алынды