Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 мамырда № 38636 болып тіркелді

   Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп мыналар танылсын:

      1) "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелген);

      2) "Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36150 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп және құрылыс министріЕ. Нагаспаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыныңӨнеркәсіп жәнеқұрылыс министрінің2026 жылғы 30 сәуірдегі № 215Бұйрыққа 1-қосымша

 

Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабы 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және екі және одан да көп облыс (не олардың бөліктері), агломерациялар үшін аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін белгілейді.

2-тарау. Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі

      2. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары (бұдан әрі – Өңіраралық схемалар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзірленеді, екі және одан да көп облыстың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарында өзара келісілген (біріктірілген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне арналған және мыналарды:

      1) аумақты аймақтарға бөлуді;

      2) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндірістік күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру және орналастыру жүйесін кешенді дамыту жөніндегі жобалау шешімдерін;

      3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және шаруашылық қызмет, ресурстармен қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жобалау шешімдерін;

      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен аумақтарды қорғау жөніндегі жобалау шешімдерін және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды;

      5) оларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды айқындай отырып, белсенді экономикалық даму аумақтарын қалыптастыру жөніндегі жобалау ұсыныстарын;

      6) аумақты дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленетін өзге де ережелерді айқындайды.

      3. Өңіраралық схемаларды әзірлеуді ұйымдастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірігіп жүзеге асырады.

      Мемлекеттік тапсырма шеңберінде өңіраралық схемаларды әзірлеу Кодекстің 69-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен жүзеге асырылады.

      4. Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді және бекітеді.

      5. Өңіраралық схемаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ тиісті ЖАО дайындайды және сұрау салу түскен күнен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлеушіге (бас жобалаушыға) береді.

      6. Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткеннен кейін мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға және келісуге жібереді.

      7. Өңіраралық схеманың жобасы бекітілгенге дейін ол Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.

      8. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және оң қорытындыны алмаған Өңіраралық схемалар бекітуге жатпайды.

      9. Өңіраралық схемаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

      10. Өңіраралық схеманың бекітілетін бөлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Өңіраралық схема жобасының негізгі ережелері, негізгі сызбасы және Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.

      11. Бекітілген Өңіраралық схемаларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрде ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 Аумақты дамытудыңөңіраралық схемаларынәзірлеу, келісу және бекітуқағидаларына
 1-қосымша

 

Жобалауға арналған тапсырма

 

 БЕКІТЕМІН:(лауазымы, ұйым)______________________(тегі, аты және әкесінің аты(бар болған жағдайда))______________________(қолы)______________________(күні)

 

      1. Қала құрылысы жобасының түрі

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      2. Тапсырыс беруші

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (толық және қысқартылған атауы)

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      3. Жобалау ұйымы (орындаушы)

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      (толық және қысқартылған атауы)

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      4. Жобалау үшін негіздеме

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      5. Қала құрылысын жоспарлау объектісі

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      7. Жобалау үшін бастапқы ақпараттың құрамы, орындаушылары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесі

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      9. Өзге талаптар мен шарттар: орындаушыдан

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, ұйым)

      ____________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________________

      (күні)

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) органдардан

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, ұйым)

      ____________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (күні)

      өзге келісуші ұйымдардан

      _______________________________________________________________________________

      (толық атауы) (лауазымы, ұйым)

      ____________________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ___________________________________________________________________________

      (күні)

      Ескертпе: Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтыланады.

 

 Аумақты дамытудыңөңіраралық схемаларынәзірлеу, келісу және бекітуқағидаларына2-қосымша

 

Аумақты дамытудың өңіраралық схемасы жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

 

Жүктеу

Р/с №

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қазіргі жағдайы

Бірінші кезең

Есептіккезең

Болжамды кезең

1

2

3

4

5

6

7

1

Аумақ     

1)

Барлығымың гектар    
 оның ішінде:     
 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермың гектар/%    
 елді мекендердің жерлері, оның ішінде:     
 қалалықмың гектар/%    
 ауылдықмың гектар/%    
 өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жермың гектар/%    
 ерекше қорғалатын аумақтардың жерімың гектар/%    
 сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлермың гектар/%    
 орман қорының жерімың гектар/%    
 су қорының жерімың гектар/%    
 босалқы жермың гектар/%    

2

Халық     

1)

Барлығымың адам    
 оның ішінде:     
 қала халқының санымың адам/халықтың жалпы санының %    
 ауыл халқының санымың адам/халықтың жалпы санының %    

2)

Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері:     
 туылғандар санымың адам    
 қайтыс болғандар санымың адам    
 өсуі/кемуімың адам    

3)

Халықтың көші-қон көрсеткіштері:     
 келгендер санымың адам    
 кеткендер санымың адам    
 өсуі/кемуімың адам    

4)

Қалалар санынан, барлығыбірлік    
 ірі (есептік саны 501,0 мың адамнан асатын)бірлік    
 үлкен (халықтың есептік саны 101,0-ден 500,0 мың адамға дейін)бірлік    
 орташа (халықтың есептік саны 51,0-ден 100,0 мың адамға дейін)бірлік    
 шағын (халықтың есептік саны 50,0 мың адамға дейін)бірлік    

5)

Кенттербірлік    

6)

Ауылдарбірлік    

7)

Халықтың тығыздығымың адам/1 километр2    

8)

Халықтың жас құрылымы:     
 15 жасқа дейінгі балалармың адам/халықтың жалпы санының %    
 еңбекке қабілетті жастағы халықмың адам/халықтың жалпы санының %    
 еңбекке қабілетті жастан асқан халықмың адам/халықтың жалпы санының %    

9)

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыспен қамтылған халықмың адам/жұмыспен қамтылған халық санының %    
 оның ішінде:     
 өнеркәсіпмың адам/халықтың жалпы санының %    
 құрылысмың адам/халықтың жалпы санының %    
 ауыл шаруашылығымың адам/халықтың жалпы санының %    
 біліммың адам/халықтың жалпы санының %    
 денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтермың адам/халықтың жалпы санының %    
 өзгелерімың адам/халықтың жалпы санының %    

3

Экономикалық әлеует     

1)

Өнеркәсіп өндірісінің көлемімиллиард теңге    

2)

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемімиллиард теңге    

4

Тұрғын үй қоры     

1)

Барлығыжалпы ауданның мың метр2, %    
 оның ішінде:     
 қалалық елді мекендердежалпы ауданның мың метр2, %    
 ауылдық елді мекендердежалпы ауданның мың метр2, %    

2)

Халықтың тұрғын үйдің жалпы ауданымен қамтамасыз етілуі:метр2/адам    
 қалалық елді мекендердеметр2/адам    
 ауылдық елді мекендердеметр2/адам    

5

Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері     

1)

Мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарытиісті бірліктер    
 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыбірлік/оқушылар  
 Күндізгі жалпы білім беретін мектептербірлік/мың орын    
 Мектепке дейінгі ұйымдарбірлік/мың орын    

2)

Мәдениет және өнер ұйымдары:тиісті бірліктер    
 оның ішінде:     
 театрларбірлік/орын    
 кинотеатрларбірлік/орын    
 кітапханаларбірлік/мың том    
 клуб типіндегі ұйымдарбірлік/орын    

3)

Денсаулық сақтау ұйымдары (ауруханалар, емханалар, перзентханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да медициналық пунктер):тиісті бірліктер    
 оның ішінде:     
 Стационарлық көмек көрсететін ұйымдартөсек    
 Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарауысымға келу    

4)

Шипажай-курорт мақсатындағы, демалыс және туристік (шипажайлар, пансионаттар, демалыс үйлері, лагерь және басқалары) объектілертөсек-орын    

5)

Әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдары     
 оның ішінде:     
 Медициналық-әлеуметтік мекемелер бірлік/орын    
 Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер бірлік/орын    
 Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі балаларға арналған (оның ішінде психоневрологиялық патологиялары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған) ұйымдарбірлік/орын    

6

Көлік инфрақұрылымы     

1)

Теміржол қатынастарының ұзындығыкилометр    

2)

Кепілді тереңдігі бар кеме жүзетін өзен жолдарының ұзындығыкилометр    

3)

Автомобиль жолдарының ұзындығы, барлығыкилометр    
 оның ішінде:     
 республикалық маңызы бар (халықаралық маңызы бар)километр    
 облыстық маңызы баркилометр    
 аудандық маңызы баркилометр    

4)

Газ құбырларының ұзындығыкилометр    

5)

Мұнай құбырларының ұзындығыкилометр    

6)

Көлік желісінің тығыздығы:километр/100 километр2    
 теміржолкилометр/100 километр2    
 автомобилькилометр/100 километр2    

7)

Әуежайлартиісті бірліктер    
 оның ішінде:     
 халықаралық маңызы бартиісті бірліктер    
 мемлекеттік (ұлттық)тиісті бірліктер    
 жергіліктітиісті бірліктер    

7

Инженерлік инфрақұрылым     

1)

Сумен жабдықтау:     
 Жерасты көздерінің ресурстарымиллион метр3    
 Жерүсті көздерінің ресурстарымың метр3    
 Су тұтыну - барлығымың метр3/тәулігіне    
 оның ішінде:     
 шаруашылық-ауызсу қажеттілігінемың метр3/тәулігіне    
 өнеркәсіптік қажеттіліктергемың метр3/тәулігіне    
 ауыл шаруашылығы қажеттілігінемың метр3/тәулігіне    
 1 адамға орташа тәуліктік су тұтынулитр/тәулігіне бір адамға    
 Су бұру-барлығы:миллион метр3/жылына    
 су объектілерінемиллион метр3/жылына    

2)

Электрмен жабдықтау:     
 Белгіленген қуаты, барлығымегаватт    
 оның ішінде:     
 гидроэлектр станциялар%    
 жылу электр станциялары%    
 атом электр станциялары%    
 жаңартылатын энергия көздері%    
 Есептік қажеттілік:миллион киловатт/сағатына    
 оның ішінде:     
 коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктермиллион киловатт/сағатына    
 өндірістік қажеттіліктермиллион киловатт/сағатына    
 Кернеуі 35 киловольт және одан жоғары электр беру желілерінің ұзындығыкилометр    

3)

Жылумен жабдықтау:     
 Белгіленген қуатымың гигакалория/сағатына    
 Есептік қажеттілік:миллион гигакалория    

4)

Газбен жабдықтау:     
 Есептік қажеттілік:миллион метр3/жыл    
 оның ішінде:     
 коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктермиллион метр3/жыл    
 өндірістік қажеттіліктермиллион метр3/жыл    

5)

Байланыс     
 Интернетті пайдаланушылар саны%    

8

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану     

1)

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары елді мекендер саныбірлік    

2)

Ластаушы заттардың нормативтік шығарындыларының көлемімың тонна/жыл    

3)

Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жаратудың олардың түзілуіне үлесі%    

4)

Ластаушы заттардың нормативтік төгінділерінің көлемімың тонна/жыл    

5)

Аумақтың ормандылығы%    

6)

Өңірдің жалпы алаңына қарағанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың үлесі%    

9

Өрт сөндіру депосының ғимараттарыдепо/автомобильдер саны    

 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау