Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы

Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2001 жылғы 17 қазан N 705

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:      1-тармақта:      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген абзац алынып тасталсын;      мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі".

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы