Баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау туралы дауды шешуге рұқсат беру жөніндегі қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш
Алматы қаласы білім басқармасыныңНаурызбай аудандық білім
бөлімініңқорғаншылық және қамқоршылық органының басшысына
А. А. Аб.-дан
ЖСН: ..
тұрғылықты мекенжайы: Алматы қаласы,Наурызбай ауданы,
Ш. шағынауданы,Б. көшесі, 40-үй
телефон нөмірі: 8705..
электрондық пошта: .....
сенімхат бойынша өкілі:Саржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлы
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767
Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 79/71, 304-кеңсе
info@zakonpravo.kz / www.zakonpravo.kz
+7 727 978 5755; +7 708 578 5758; +7-700-978-5755
Баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен қарым-қатынас жасау туралы дауды шешу жөніндегі өтініші
Мен, А.А.А., А.А.А. есімді баланың әкесімін.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 60-бабына сәйкес, әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығында болуға, олармен бірге тұруға құқығы бар, бұған баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.
Бала ата-анасының тәрбиесінде болуға, өзінің мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, жан-жақты дамуына және өзінің адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқылы.
Кодекстің 61-бабына сәйкес, баланың ата-анасының екеуімен, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасының некесін (ерлі-зайыптылығын) бұзуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқықтарына әсер етпеуге тиіс.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда, бала олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқылы. Бала ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да олармен қарым-қатынас жасауға құқылы.
Кодекстің 73-бабына сәйкес, баладан бөлек тұратын ата-ананың баламен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге қатысуға, сондай-ақ баланың білім алуына және бала үшін маңызды басқа да мәселелерге қатысты шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы бар.
Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтірмеуге тиіс.
Осыған байланысты, баламен қарым-қатынас жасау туралы дауды қарауыңызды сұраймын, себебі баланың анасы 2026 жылғы 9 мамырдан бастап ешқандай себеп түсіндірместен менің баламен қарым-қатынас жасауымa үзілді-кесілді кедергі келтіріп келеді.
Осыған байланысты баламен қарым-қатынас жасаудың мынадай тәртібін белгілеуді сұраймын:
а) әр жұма күні сағат 21:00-ден жексенбі күні сағат 21:00-ге дейін;
б) мереке күндері ата-аналардың өзара келісуі бойынша сағат 09:00-ден келесі күнгі сағат 09:00-ге дейін;
в) менің туған күнімде – 14 сәуірде, сағат 09:00-ден 15 сәуір сағат 09:00-ге дейін жыл сайын;
г) анамның (баланың әжесінің) туған күнінде – 5 шілдеде, сағат 09:00-ден 6 шілде сағат 09:00-ге дейін жыл сайын;
д) 7 мамырда (Отан қорғаушылар күні), сағат 09:00-ден 8 мамыр сағат 09:00-ге дейін жыл сайын;
е) күзгі, қысқы және көктемгі оқу каникулдары кезінде – каникулдың екінші жартысында, жазғы каникул кезінде – жыл сайын 15 шілдеден 31 тамызға дейін.
Баламен бірге тұратын ата-ана туралы мәліметтер:
С. Г. Ж., тұрғылықты мекенжайы: Алматы қаласы, Н. ауданы, К.-2 шағынауданы, С. көшесі, 162-үй, тел. 8701...
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңымен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қосымшалар:
- А.А.А. жеке куәлігінің көшірмесі;
- наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтамалар;
- соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
- жылжымайтын мүліктің (тұрғын үйдің) бар екендігі туралы анықтама;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы анықтама;
- әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы анықтама;
- 11 дана фотосурет;
- 6 дана мінездеме;
- сенімхат;
- өкілдік туралы хабарлама;
- адвокат куәлігі;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік.
2026 жылғы 20 мамыр А.А.А.
Сенімхат бойынша өкілі
Адвокат Саржанов Ғ.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы