Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығының күшін жою туралы

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығының күшін жою туралы

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығының күшін жою туралы

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрығының күшін жою туралы

2025 жылғы 20 маусымдағы № 6001-24-00-6ап/3614 

Талап қоюшы: «Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма). 

Жауапкер: «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қала бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) . 

Даудың нысанасы: Басқармаға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы 2024 жылғы 27 мамырдағы №29-ОД бұйрығының күшін жою туралы. 

Талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша қайта қарау ІСТІҢ МӘНІ: сотта анықталған мән-жайларға Департаменттің 2024 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығы негізінде 2024 жылғы 26 қаңтардан 23 сәуірге дейін Кәсіпкерлік кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 194-бабы 2- тармағының 8) және 9) тармақшаларында кӛзделген бұзушылық белгісі бойынша Басқармаға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылушылығына тергеп-тексеру жүргізілген. 

Тергеп-тексеруді  жүргізуге  2023  жылғы  13  желтоқсанда  түскен «K» ЖШС-ның арызы негіз болған. 

Арызда қала әкімдігі екі жыл ішінде мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар бойынша қызмет кӛрсететін әлеуетті ӛнім берушілердің ӛтінімдерін дұрыс қарастырмағандығын, нәтижесінде барлық ваучерлер тек қолданыстағы ӛнім берушілер арасында таратылып отырғандығын хабарлаған. 

2023 жылғы 15 желтоқсанда Департамент Басқарманың атына іс әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу туралы хабарлама жіберген. Оның орындалмауына байланысты Департамент тергеу жүргізген. 

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Департамент Басқарманың іс-әрекеттерінде Кодекстің 194-бабы 2-тармағының 8) және 9) тармақшаларында кӛзделген бұзушылық фактілерін анықтаған. 

2024 жылғы 19 наурызында Департамент Басқармаға тергеу нәтижелері  бойынша  қорытынды  жобасын  ұсынған.  2024  жылғы 27 наурызында Басқарма қорытынды жобаға қарсылықты келісім комиссиясының қарауына жолдаған. 

2024 жылғы 23 сәуірінде келісім комиссиясының отырысы ӛткізіліп, оның шешімі бойынша қорытынды жобасын қолдау ұсынылған. 

Департаменттің 2024 жылдың 27-мамырдағы №30-ОД бұйрығы негізінде тергеп-тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті лауазымды тұлғалардың қорытындысы бекітілген. 

Бұйрықтың 2-тармағына сәйкес Департаменттің бәсекелестікті қорғау бӛлімі тергеу объектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау; 3-тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою үшін тергеу объектісіне нұсқама енгізу бұйырылған. 

Басқарма аталған әрекеттермен келіспей, сотқа жүгінген. 

Сот актілері: 

1-ші саты: Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы  31  шілдедегі  шешімімен  талап  қою  қанағаттандырусыз  қалдырылған. 

Апелляция: қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылған. 

Кассация: сот актілері күшінде қалдырылған. 

Қорытындылар: соттардың талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырғанда Басқарманың мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру тәртібін сақтамауына байланысты ӛнім берушілердің жекелеген субъектiлерiне, мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға қатысқысы келетін әлеуетті ӛнім берушілерге қатысты артықшылық жағдайға қоятын артықшылықтар беру арқылы тауар нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкелді деген тұжырымы іс материалдарымен бекітілген. 

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән- жайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды делінген.  

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы