Бір тараптың ажырасуға келмеуі, бас тартуы немесе екінші тараптың ажырасуға қатысты өтінішін елемеуі жағдайында некені сот тәртібімен бұзу
2003 жылғы 5 сәуірде талап қоюшы КЖК мен жауапкер ККЕ арасында неке қиылған, неке қию туралы актілерді тіркеу кітабындағы акт жазбасының № 56-39-16-542740, тіркеуші орган – «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Талап қоюшы сотқа жүгініп, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ екенін, жауапкермен бірге өмірі қалыптаспағанын, отбасын сақтап қалу және жауапкермен одан әрі бірге тұру мүмкін еместігін, ерлі-зайыптылар арасындағы некелік қатынастар 2010 жылдан бастап тоқтатылғанын және сол кезеңнен бастап ерлі-зайыптылар бір-бірімен қарым-қатынас жасамайтынын көрсеткен.
Жауапкердің некені бұзу туралы бірлескен өтініш беру немесе некені бұзуға келісімі туралы өтініш беру үшін тіркеуші органға келмеуіне байланысты некені соттан тыс тәртіппен бұзу мүмкін болмаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкермен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды сұраған.
Сот отырысында талап қоюшы талап қою арызын қолдап, оны қанағаттандыруды сұрады. 2010 жылдан бері жауапкермен қарым-қатынас жасамағанын, оның жүрген жері мен айналысатын кәсібі өзіне белгісіз екенін түсіндірді. Жауапкер некені бұзуға қатысты онлайн-өтініштерді растауды елемейді.
Іс сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкердің сот отырысына келмеуінің себептері дәлелсіз деп танылуына байланысты оның қатысуынсыз қаралды.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабының 1-тармағына сәйкес, егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірге тұруы және отбасын сақтауы мүмкін емес екенін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
Мұндай мән-жайларды сот анықтады. Тараптар арасындағы некелік қатынастар 2010 жылдан бастап тоқтатылған, ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы бірге тұрмағандықтан, отбасын сақтау мүмкін емес.
Кодекстің 19-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылық білдірмегеніне қарамастан, өзінің әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған жағдайда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
Сот сондай-ақ талап қоюшының некені бұзу туралы тіркеуші органға өтінішпен жүгінгенін, алайда жауапкердің келмеуіне, сондай-ақ оның тарапынан некені бұзуға қатысты өтініштің немесе келісімнің болмауына байланысты некені соттан тыс тәртіппен бұзудың мүмкін болмағанын ескереді.
Жауапкердің некеге немқұрайлы қарауына байланысты талап қоюшы некені сот тәртібінен өзге тәртіппен бұзу мүмкіндігінен айырылған.
Жоғарыда баяндалған мән-жайларды ескере отырып, сот некені бұзу туралы талап қою арызы қанағаттандырылуға жатады деп есептейді.
Талап қоюшы некені бұзу туралы талап қою арызын берген кезде 1 180 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеген.
Сонымен бірге, талап қоюшы жауапкерден төлеген мемлекеттік баж сомасын өндіріп алуды талап етпейді.
Сот тараптарға ерлі-зайыптылардың бірлесіп жинаған мүлкін бөлу туралы дауларға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 180-бабының ережелеріне сәйкес есептелетін үш жылдық талап қою мерзімі қолданылатынын түсіндіреді.
Дау туындаған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың осы мүліктегі үлестерін айқындау Кодекстің 37-бабының үшінші бөлігіне сәйкес медиация тәртібімен немесе сот тәртібімен жүргізіледі.
Неке бұзылғаннан кейін талап қоюшыға Ка тегін қалдыру қажет.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 223-226-баптарын басшылыққа ала отырып, сот
ШЕШТІ:
КЖК-нің некені бұзу туралы талап қою арызы қанағаттандырылсын.
КЖК мен ККЕ арасында 2003 жылғы 5 сәуірде неке қию туралы актілерді тіркеу кітабында № 56-39-16-542740 акт жазбасымен тіркелген, тіркеуші орган – «Талғар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылатын неке бұзылсын.
Неке шешім заңды күшіне енген кезден бастап тоқтатылды деп есептелсін.
Неке бұзылғаннан кейін талап қоюшыға Ка тегі қалдырылсын.
Сот шығыстары мен шығындары талап қоюшының өзіне жүктелсін.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Расторжение брака в судебном порядке
55 рет жүктеп алынды -
рЕШЕНИЕ УДОВ
55 рет жүктеп алынды