Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiн босалқы жер құрамына ауыстырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 сәуірдегі № 258 қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 137 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жалпы ауданы 832,9 мың гектар жерлері кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жеріне ауыстыру мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды, Павлодар және Абай облыстарының босалқы жерінің құрамына ауыстырылсын.
2. Павлодар және Абай облыстарының әкімдіктері осы қаулының 1-тармағынан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жерлерді қоспағанда, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының бұған дейін "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерін запастағы жер қорының құрамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 ақпандағы № 172 қаулысына сәйкес босалқы жер құрамына ауыстырылған жалпы ауданы 1816,6 мың гектар жерлер Қарағанды, Павлодар және Абай облыстары әкімдіктерінің қарамағында болады деп белгіленсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі | О. Бектенов |
| Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің2026 жылғы 11 сәуірдегі№ 258 қаулысынақосымша |
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының кейіннен ядролық қауіпсіздік аймағының жерлеріне ауыстыру мақсатында босалқы жер құрамына ауыстырылатын жерлерi
Жүктеу
Өңір атауы | Босалқы жер құрамына ауыстырылатын жер учаскелерінің ауданы, мың гектар | ||||
Жалпы ауданы | оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары | ||||
егістік | жайылым | шабындық | басқа алқаптар | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| Қарағанды облысы | |||||
| Қарқаралы ауданы | 41,6 | - | 38,66 | - | 2,94 |
| Павлодар облысы | |||||
| Май ауданы | 285,9 | - | 280,1 | - | 5,8 |
| Абай облысы | |||||
| Жаңасемей ауданы | 505,4 | - | 328,7 | - | 176,7 |
| Барлығы | 832,9 | - | 647,46 | - | 185,44 |
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау