Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бұйрық / Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шiлдедегi № 369/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 шiлдеде № 39202 болып тіркелді

   ЗҚАИ-ның ескертпесі!      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 75-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13193 болып тіркелген);

      2) "Электрондық үкіметтің" веб-порталын күтіп-ұстауға, жүргізуге және электрондық ақпараттық ресурстармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 22 шiлдедегi № 435/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34790 болып тіркелген) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасында заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

Заместитель Премьер-Министра –Министр искусственного интеллектаи цифрового развития Республики КазахстанЖ. Мадиев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПремьер-Министрініңорынбасары – Жасандыинтеллект және цифрлық даму
 Министрі2026 жылғы 1 шілдедегі№ 369/НҚ Бұйрығыменбекітілген

 

"Цифрлық үкімет" веб-порталының мазмұнына, жүргізілуіне және цифрлық деректермен және цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтырылуына қойылатын талаптар

1-тарау. Порталдың мазмұнына және жүргізілуіне қойылатын талаптар

      1. Порталдың мазмұнына мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық әрі анық ақпараттың болуы;

      2) ұсынылатын ақпараттың уақтылы өзектендіріліп отыруы;

      3) ақпараттың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы;

      4) ақпараттың пайдаланушылардың қабылдауы мен пайдалануына қолжетімді болуы.

      2. Порталды жүргізілуіне мынадай қойылатын талаптар белгіленеді:

      1) порталдың тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) анықталған техникалық ақауларды уақтылы жою;

      3) порталдың цифрлық деректері мен цифрлық жазбаларын Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қорғауды қамтамасыз ету.

2-тарау. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар

      3. Порталды цифрлық деректермен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

      1) цифрлық деректердің анықтығы мен өзектілігі;

      2) мәтіндік материалдар құжат (Document – .doc), кеңейтілетін белгілеу тілі (Extensible Markup Language – .xml), презентация (PowerPoint Presentation – .ppt), тасымалданатын құжат пішімі (Portable Document Format – .pdf), байытылған мәтін пішімі (Rich Text Format – .rtf) форматтарында ұсынылады, ал графикалық материалдар мен фотосуреттер цифрлық түрде біріккен фотографиялық сарапшылар тобының форматы (Joint Photographic Experts Group – .jpeg) және графикалық алмасу форматы (Graphics Interchange Format – .gif) форматтарында ұсынылады.

3-тарау. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыруға қойылатын талаптар

      4. Порталды цифрлық жазбалармен ақпараттық толықтыру кезінде мынадай талаптар белгіленеді:

      1) цифрлық жазбалардың анықтығы мен өзектілігі;

      2) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы ақпарат, оларға қоса салыстырмалы кестелер (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда) және түсіндірме жазбалар орналастырылуы;

      3) ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік есептілік және мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат орналастырылуы;

      4) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бағалау парақтары туралы ақпарат орналастырылуы. 

 

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау