Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 65 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 52-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентін бекіту туралы Еуразиялық жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Регламентке № 1 қосымшаның 29-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:

Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 053/2026) (бұдан әрі – техникалық регламент) қабылдансын.

Мыналар белгіленсін:

а) техникалық регламент:

Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап;

Қырғыз Республикасының аумағында 2032 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2032 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Қырғыз Республикасының аумағында Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес өндірілген және айналымға шығарылатын бояу және лак материалдары Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануға жатпайды;

б) техникалық регламенттің 12-тармағында көзделген құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшері туралы норма техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 60 ай өткен соң, бірақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа № 9 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағында айқындалған стандарттар тізбесіне бояу және лак материалдарындағы құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшерін анықтау үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын тиісті мемлекетаралық стандарттарды енгізуді көздейтін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімі күшіне енгеннен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 36 ай бойы техникалық регламенттің 12-тармағында көрсетілген бояу және лак материалдарындағы құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшері 0,5 пайыздан аспауға тиіс.

Техникалық регламент күшіне енген күннен бастап 36 ай өткен соң және техникалық регламенттің 12-тармағында көзделген құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшері туралы норма күшіне енгенге дейін бояу және лак материалдарындағы құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшері 0,05 пайыздан аспауға тиіс;

в) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті жөніндегі шешімі қабылданған кезде көрсетілген шешімде техникалық регламенттің 10-тармағын қолданбау бөлігінде ереже көзделуге тиіс.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен:

а) Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп, бояу және лак материалдарының өрт және радиациялық қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындау және көрсетілген талаптарды қолдану мен орындау үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын тиісті мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аттестатталған (валидацияланған) және бекітілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер әдістемелерін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру, осындай талаптарды белгілеу және тиісті мемлекетаралық (өңірлік) стандарттарды Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа № 9 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағында айқындалған стандарттар тізбесіне енгізу бөлігінде техникалық регламентке өзгерістер енгізу мақсатында;

б) 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтерді ұсыну сұралсын.

Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан
М. ГригорянН. ПеткевичС. ЖұманғаринД. АмангелдиевА. Оверчук
 ҚАБЫЛДАНДЫ
 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 20 мамырдағы № 65 шешімімен

Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 053/2026)

I. Қолданылу саласы

Осы техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, бояу және лак материалдарын тұтынушыларды олардың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленді.

Осы техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) кедендік аумағында айналымға шығарылатын бояу және лак материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын, Одақтың кедендік аумағында қолдану және орындау үшін міндетті талаптарды, сондай-ақ оларды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Осы техникалық регламент Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын мынадай бояу және лак материалдарына қолданылады:

а) бояулар;

б) лактар (оның ішінде күңгірттендіргіш заттар мен бояғыштары бар лактар);

в) грунтовкалар;

г) грунт-эмальдар;

д) су-дисперсиялық бояу және лак материалдары;

е) көп компонентті бояу және лак материалдары;

ж) ұнтақ тәрізді бояу және лак материалдары;

з) аэрозольді қаптамадағы бояу және лак материалдары;

и) эмальдар;

к) лазурьдер;

л) сіңдіргіш құрамдар;

м) сүректі қорғау құралдары;

н) сүрекке арналған морилкалар;

о) сәндік сылақтар;

п) шпаклевкалар;

р) олифтер.

Осы техникалық регламенттің қолданылуы мынадай өнімдерге таралмайды:

а) парфюмериялық-косметикалық өнім болып табылатын лактар мен эмальдар;

б) тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын жартылай фабрикатты лактарды қоса алғанда, жартылай фабрикатты лактар;

в) шайырлар;

г) еріткіштер, сұйылтқыштар, сұйылтушы заттар;

д) бояу және лак материалдарына арналған қатайтқыштар, сиккативтер, қатаю үдеткіштері;

е) полиграфиялық (баспа) бояулар, көркемдік-безендіру жұмыстарына арналған бояулар, акварель бояулары;

ж) жол таңбалауға арналған материалдар.

II. Негізгі ұғымдар

Осы техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шартқа № 9 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттамада, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемаларында (бұдан әрі – үлгілік схемалар) белгіленген негізгі ұғымдар мен олардың анықтамалары, сондай-ақ мынадай мағынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

«аэрозольді қаптама» – ыдыстың ішіндегісін аэрозоль түрінде шашыратуға мүмкіндік беретін құрылғымен жабдықталған ыдыс;

«бояу және лак материалының қауіпсіздігі» – оның өмірлік циклі ішінде адам өмірі мен (немесе) денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен (немесе) денсаулығына зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауымен сипатталатын бояу және лак материалының жай-күйі;

«су-дисперсиялық эмаль» – жылтырлығы бар су-дисперсиялық бояу;

«су-дисперсиялық бояу және лак материалы» – боялатын бетке жағылған кезде мөлдір емес бояу және лак жабынын түзетін, бояу және лак ортасы пленка түзетін заттың судағы дисперсиясы болып табылатын сұйық пигменттелген бояу және лак материалы;

«бояу және лак материалының тұтануы» – тұтану көзінен басталып, ол жойылғаннан кейін де жалғасатын бояу және лак материалының жалынды жануы;

«зиянды зат» – адам ағзасымен байланысқан кезде өзінің өмірлік циклі ішінде кәсіптік ауруларды тудыруы немесе денсаулық жағдайында басқа да ауытқуларға әкелуі мүмкін зат;

«кепілдік мерзімі» – бояу және лак материалын қабылдау кезінде анықталуы мүмкін болмаған жасырын кемшіліктерді анықтау мерзімі;

«қолдануға дайын бояу және лак материалы» – бояу және лак материалы немесе оның жеке компоненттерін (көп компонентті бояу және лак материалы) араластырғаннан кейін және қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес тиісті еріткіштермен және (немесе) сұйылтқыштармен сұйылтылғаннан кейін тиісті бояу әдісімен жағуға дайын бояу және лак материалы;

«грунтовка» – боялатын бетке жағылған кезде боялатын бетке және келесі қабаттарға жақсы адгезиясы бар мөлдір емес немесе мөлдір біртекті бояу және лак жабынын түзетін және бояу және лак жүйесінің қасиеттерін жақсартуға арналған бояу және лак материалы;

«грунт-эмаль» – бояу және лак материалының органикалық еріткіштердегі пленка түзетін заты ерітіндісі немесе суда органикалық пленка түзетін заттың дисперсиясы болып табылатын, сұйық немесе паста тәрізді пигменттелген бояу және лак материалы, ол боялатын бетке жағылған кезде боялатын бетке адгезиясы жақсартылған, қорғаныш, сәндік немесе арнайы қасиеттері бар мөлдір емес бояу және лак жабынын түзеді;

«сәндік сылақ» – әртүрлі сәндік әсерлері бар бедерлі жабын алу үшін боялатын бетке жағылатын паста тәрізді бояу және лак материалы;

«бояу және лак материалының өмірлік циклі» – бояу және лак материалын жасау мен оның өмір сүру кезеңдерінің жиынтығы (өндіру, тасымалдау, сақтау, бояу және лак жабынын қалыптастыру, бояу және лак жабынын пайдалану және қалдықтарды кәдеге жарату);

«бояу» – пленка түзетін заты олифтің әртүрлі маркалары немесе синтетикалық полимерлердің сулы дисперсиясы болып табылатын, боялатын бетке жағылған кезде мөлдір емес бояу және лак жабынын түзетін сұйық немесе паста тәрізді пигменттелген бояу және лак материалы (құрылыста және жолдарды таңбалау үшін қолданылатын бояудың бояу және лак ортасында басқа пленка түзетін заттар болуы мүмкін);

«лазурь» – құрамында аз мөлшерде пигмент және (немесе) толтырғыш бар және сәндік және (немесе) қорғаныш қасиеттері бар мөлдір немесе жартылай мөлдір бояу және лак жабынын түзетін органикалық еріткіш негізіндегі немесе су-дисперсиялық бояу және лак материалы;

«лак» – боялатын бетке жағылған кезде қорғаныш, сәндік немесе арнайы техникалық қасиеттері бар мөлдір бояу және лак жабынын түзетін бояу және лак материалы;

«бояу және лак жүйесі» – боялатын бетке жағылуы тиіс немесе жағылған бояу және лак материалдарының қабаттарының жиынтығы;

«бояу және лак жабыны» – боялатын бетке бояу және лак материалының бір немесе бірнеше қабатын жағу нәтижесінде қалыптасқан тұтас жабын;

«бояу және лак материалы» – боялатын бетке жағылған кезде қорғаныш, сәндік және (немесе) арнайы техникалық қасиеттері бар бояу және лак жабынын түзетін сұйық, паста тәрізді немесе ұнтақ тәрізді материал;

«ұшпа органикалық қосылыс» (бояу және лак материалындағы) – қалыпты 101,3 кПа қысымда өлшенген бастапқы қайнау температурасы 250 ºC-қа тең немесе одан төмен кез келген органикалық қосылыс;

«зиянды заттардың миграциясы» (бояу және лак жабындарына қатысты) – дайын бояу және лак жабындарынан ауа ортасына ұшпа химиялық заттардың бөліну процесі;

«көп компонентті бояу және лак материалы» – қолданар алдында дайындаушы көрсеткен пропорцияда араластырылуы тиіс 2 немесе одан да көп жеке компонент түрінде шығарылатын бояу және лак материалы;

«сүрекке арналған морилка» – сүрек бетінің түсін өзгертетін бояғышы бар, әдетте мөлдір және беткі қабықша түзбейтін, еріткіш ретінде май, олиф, спирт немесе су қолданылатын, сүрекке терең сіңетін құрам;

«біртекті бояу және лак өнімі» – бірыңғай техникалық талаптар бойынша дайындалған, компоненттік құрамы мен агрегаттық күйі бірдей, пигменттік бөлігімен (пигменттелген материалдар үшін), қоспаларымен, қаптамасының көлемі мен нысанымен ерекшеленетін бір типтегі және мақсаттағы бояу және лак материалдары;

«бояу» – бояу және лак материалын бетке жағу;

«олиф» – кептіруді жеделдету үшін сиккативтер енгізілген өсімдік майларын өңдеу өнімдері болып табылатын пленка түзетін зат;

«органикалық еріткіш негізіндегі бояу және лак материалы» – бояу және лак ортасы пленка түзетін заттың органикалық еріткіштегі ерітіндісі болып табылатын бояу және лак материалы;

«бояу және лак материалына арналған қатайтқыш» – араластырылғаннан кейін пленка түзетін затпен химиялық реакцияға түсетін және бояу және лак жабынына қажетті қасиеттер беретін көп компонентті бояу және лак материалының компоненті;

«бояу және лак материалының қауіпсіздік паспорты» – бояу және лак материалының қауіпті қасиеттері, осы бояу және лак материалын дайындаушы туралы, сондай-ақ дайындаушы уәкілеттік берген тұлға немесе осы бояу және лак материалын сатушы (импорттаушы) туралы (егер бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш беруші тиісінше дайындаушы уәкілеттік берген тұлға немесе сатушы (импорттаушы) болып табылса) мәліметтерді, Одақтың кедендік аумағында бояу және лак материалдарының қауіпсіз айналымын қамтамасыз етуге арналған қауіпсіздік талаптарын қамтитын белгіленген нысандағы құжат;

«бояу және лак материалына арналған пигмент» – бояу және лак ортасында іс жүзінде ерімейтін, оптикалық, қорғаныш немесе сәндік қасиеттеріне байланысты пайдаланылатын ұсақ дисперсті бөлшектер түріндегі бояғыш зат;

«бояу және лак материалының өрт-жарылыс қауіптілігі» – бояу және лак материалының жанудың пайда болу және таралу қабілетін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы;

«жартылай фабрикатты лактар» – лактар, эмальдар, грунтовкалар, шпаклевкалар алу үшін арналған лактар;

«ұнтақ тәрізді бояу және лак материалы» – еріткіш құрамайтын, ұнтақ тәрізді нысандағы, боялатын бетке жағылғаннан кейін балқу немесе қатаю нәтижесінде тұтас бояу және лак жабынын түзетін бояу және лак материалы;

«тұтынушылық қаптама» – бояу және лак материалдарын түпкілікті тұтынушыға бастапқы қаптауға және өткізуге арналған қаптама;

«ескерту таңбалауы» – химиялық өнімнің қауіпті қасиеттері және қауіптіліктің алдын алу шаралары туралы мәліметтерді қамтитын графикалық және (немесе) мәтіндік ақпарат;

«сіңдіргіш құрам» – адсорбциялық қабілеті жоғары боялатын беттерді алдын ала өңдеуге және боялатын беттің кеуектері мен жарықтарын толтыруға арналған тұтқырлығы төмен бояу және лак материалы;

«бояу және лак материалының сұйылтқышы» – белгілі бір кептіру жағдайларында буланатын, бояу және лак материалының еріткіші болып табылмайтын, бірақ еріткішпен бірге пайдаланылуы мүмкін және бояу және лак материалы мен бояу және лак жабынының қасиеттерін нашарлатпайтын бір немесе көп компонентті сұйықтық;

«бояу және лак материалына арналған еріткіш» – белгілі бір кептіру жағдайларында буланатын және бояу және лак материалының пленка түзетін затын толығымен ерітетін бір немесе көп компонентті сұйықтық;

«бояу және лак материалының рецептурасы» – бояу және лак материалына арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың құрамдас бөлігі болып табылатын, оның барлық компоненттерінің құрамы мен мөлшері туралы (кемінде 2 компонент туралы) мәліметтерді қамтитын құжат;

«сиккатив» – тотығу арқылы қатаятын бояу және лак материалдарына кептіру процесін жеделдету үшін қосылатын металлорганикалық қосылыс;

«сүректі қорғау құралы» – сүректі бұзатын және (немесе) оның түсін өзгертетін организмдердің дамуына жол бермейтін биоциді бар материал;

«бояу және лак материалының жарамдылық мерзімі» – бояу және лак материалының мақсаты бойынша тиімді пайдалануға жарамды болатын мерзім;

«бояу және лак материалының типтік үлгісі» – бір дайындаушы біртұтас техникалық құжаттама бойынша дайындаған, шикізаттық және компоненттік құрамы мен қолданылу саласы бірдей, пигменттер мен толтырғыштарды қоспағанда, біртекті бояу және лак өнімдерінің номенклатурасынан таңдап алынған үлгі;

«бояу және лак материалының уыттылығы» – бояу және лак материалының құрамына кіретін химиялық заттарға тән, тірі организмге зиянды әсер етуі мүмкін қасиеттер жиынтығы;

«көліктік қаптама» – өнімді сақтау және тасымалдау кезінде оны орын ауыстыру барысында зақымданудан қорғауға арналған және дербес көліктік бірлікті құрайтын қаптама;

«қаптама» – бояу және лак материалын орналастыруға, оны зақымданудан және жоғалудан қорғауға, сондай-ақ айналым процесін (тасымалдау, тиеу және түсіру, жеткізу, сақтау және өткізу) жеңілдетуге арналған бұйым;

«бояу және лак материалының қатаю үдеткіші» – бояу және лак материалына енгізілген кезде оның химиялық қатаюын жеделдететін зат;

«химиялық зат» – табиғи күйінде болатын немесе кез келген өндірістік процестің нәтижесінде алынған химиялық элементтер және (немесе) олардың қосылыстары, оның ішінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге қажетті кез келген қоспалар мен химиялық өнімді алу процесіне байланысты кез келген қоспалар, бірақ химиялық заттың тұрақтылығын бұзбай немесе құрамын өзгертпей бөліп алуға болатын кез келген еріткішті қоспағанда (химиялық заттарға құрамында химиялық зат массасы бойынша 80 % және одан көп концентрацияда болатын химиялық өнім жатады, бұл ретте қалған 20 % және одан аз бөлігі қоспалар және (немесе) қоспа-қосындылар болып есептеледі);

«шпаклевка» – боялатын бетке бояудан бұрын тегіс емес жерлерді тегістеу немесе тегіс әрі біркелкі бет алу үшін жағылатын, құрамында толтырғыш мөлшері жоғары бояу және лак материалы;

«эмаль» – бояу және лак ортасы бояу және лак материалының пленка түзетін затының органикалық еріткіштердегі ерітіндісі болып табылатын және боялатын бетке жағылған кезде мөлдір емес бояу және лак жабынын түзетін сұйық немесе паста тәрізді пигменттелген бояу және лак материалы.

III. Бояу және лак материалдарын сәйкестендіру

Бояу және лак материалын сәйкестендіру сыртқы түрінің, құрамының, мақсатының және қаптамасында, заттаңбасында, жапсырмасында, бояу және лак материалының қауіпсіздік паспортында (бұдан әрі – қауіпсіздік паспорты) немесе жеткізу шартында (келісімшартта), не тауарға ілеспе құжаттамада көрсетілген сипаттамаларының осы техникалық регламенттің 3-тармағында көрсетілген бояу және лак материалдарының атауларына және осы техникалық регламентте белгіленген анықтамаларға сәйкес келуін белгілеу арқылы жүргізіледі (оның ішінде бояу және лак материалының пленка түзетін затының түрін (тегін) және бояу және лак материалы үлгісін зертханалық зерттеу барысында алынған деректерді ескере отырып).

Бояу және лак материалдарын сәйкестендіруді:

дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға), сатушы (импорттаушы) бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімін жүргізу мақсатында;

Одаққа мүше мемлекеттің осы техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті органы (бұдан әрі – мүше мемлекет) жүргізеді.

IV. Одақ нарығында бояу және лак материалдарының айналымға шығарылу қағидалары

Бояу және лак материалдары Одақ нарығында осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келген жағдайда айналымға шығарылады.

Осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталмаған бояу және лак материалдары Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланбайды және Одақ нарығында айналымға шығаруға жол берілмейді.

V. Бояу және лак материалдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары

Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі оларға қойылатын қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ осы техникалық регламентте белгіленген бояу және лак материалдарын таңбалау және олардың қауіпті қасиеттері туралы ақпарат беру талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.

Бояу және лак материалдарының өрт және радиациялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.

Бояу және лак материалдарының құрамында мыналарды пайдалануға жол берілмейді:

сынап, кадмий, жартылай металл мышьяк сияқты ауыр металдарды;

Одақтың кедендік аумағында тыйым салынған хлорланған көмірсутектер, бензол, пиробензол, метанол сияқты ұшпа органикалық қосылыстарды (сондай-ақ оларды бояу және лак материалдарының құрамында еріткіштер мен сұйылтқыштар ретінде және бояу және лак материалдарына арналған жеке сұйылтқыштар ретінде пайдалануға).

Бояу және лак жабындарынан ауа ортасына зиянды заттардың миграциясының рұқсат етілген деңгейлері осы техникалық регламентке қосымшаның 2-кестесіне сәйкес мәндерден аспауға тиіс.

Тұрғын және (немесе) қоғамдық үй-жайлардың ішкі беттерін, жиһаз өнімдерін, балалар ойын алаңдарын, балалар мен жасөспірімдерге арналған бұйымдарды, аттракциондарды және тамақ өнімдерімен жанасатын бұйымдарды бояуға, сондай-ақ су тазарту және су дайындау жабдықтарын бояуға арналған бояу және лак материалдарындағы құрғақ қалдыққа қайта есептегендегі қорғасын мөлшері 0,009 %-дан аспауға тиіс. Сондай-ақ бояу және лак материалдарының құрамында құрғақ қалдыққа қайта есептегенде мөлшері 0,1 %-дан асатын 1-қауіптілік класына жататын химиялық заттар болмауға тиіс.

Осы техникалық регламенттің 12-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, бояу және лак материалдарының құрамында құрамына металдар кіретін сиккативтер, құрғақ қалдыққа қайта есептегенде мөлшері 0,5 %-дан асатын 1-қауіптілік класына жататын химиялық заттар, ал қорғасын бар пигменттер (қорғасын кроны) – 1-қауіптілік класына жататын химиялық заттар – 15 %-дан, мырыш тетраоксихроматы бояу және лак материалдарында 15 %-дан артық болмауға тиіс.

Құрамында қорғасын бар сиккативтер мен пигменттердің, мырыш кронының, мырыш тетраоксихроматының болуын бағалау бояу және лак материалдарының рецептурасын және дайындаушы ұсынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.

Одақ нарығында айналымға шығарылатын бояу және лак материалдары олардың мақсатына (қолданылу саласына) және түріне қарай мынадай сынақтардан өтуге тиіс:

а) одориметриялық сынақтар – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, тамақ өнеркәсібінде (құрғақ тамақ өнімдерімен жанасқан жағдайда), жиһаз және автомобиль өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін шыны пластинада кептіргеннен кейінгі иіс қарқындылығын анықтау (ауа ортасы);

б) органолептикалық сынақтар – ауыз сумен жабдықтауда және (немесе) тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін иіс, дәм, түс, лайлылық көрсеткіштерін анықтау (ауыз су, тамақ өнімдеріне ұқсас модельдік орталар);

в) санитариялық-химиялық сынақтар:

өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, жиһаз және тамақ өнеркәсібінде (құрғақ тамақ өнімдерімен жанасқан жағдайда) қолданылатын бояу және лак материалдары үшін бояу және лак жабынынан ауа ортасына ұшпа компоненттердің миграциясын бағалау;

тамақ өнеркәсібінде (сұйық тамақ өнімдерімен жанасқан жағдайда) қолданылатын бояу және лак материалдары үшін бояу және лак жабынынан сұйық модельдік орталарға (сығындыларға) ұшпа компоненттердің миграциясын бағалау;

г) токсикологиялық сынақтар:

өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, ауыз сумен жабдықтауда, тамақ, жиһаз және автомобиль өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін тері жабындарына әсер еткен кезде (бір рет, 3 рет) жергілікті тітіркендіргіш және тері арқылы резорбтивтік қасиеттерін бағалау (ұсынылатын қолдану режимінде терінің функционалдық көрсеткіштерінің жай-күйін бағалау);

ауыз сумен жабдықтауда және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін сығындылардың жалпы уытты әсерін бағалау;

ауыз сумен жабдықтауда және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін сығындылардың көздің шырышты қабаттарына жергілікті тітіркендіргіш әсерін бағалау;

өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, ауыз сумен жабдықтауда, тамақ, жиһаз және автомобиль өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін деммен жұту және (немесе) теріге жанасу кезінде сенсибилизациялаушы әсерін бағалау (ұсынылатын қолдану режимінде);

д) ылғалды дезинфекция режимі көзделген үй-жайлардың (ішкі жұмыстардың) ішкі беттерін бояуға арналған бояу және лак материалдары үшін патогенді және санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдердің (тест-культуралардың) бояу және лак жабындарында тіршілік ету мерзімін бағалау бойынша санитариялық-микробиологиялық сынақтар.

Бояу және лак материалдарының құрамына және мақсатына қарай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптары қосымшаға сәйкес белгіленген.

Бояу және лак материалдарының өрт-жарылыс қауіптілігі көрсеткіштері қауіпсіздік паспортында және (немесе) бояу және лак материалына арналған нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетіледі.

Бояу және лак материалдары мен олардың қалдықтарын кәдеге жарату мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

VI. Бояу және лак материалдарын таңбалауға қойылатын талаптар

Бояу және лак материалдарын таңбалау олардың сәйкестендірілуіне қажетті ақпаратты, сондай-ақ бояу және лак материалдарын қауіпсіз пайдалану, сақтау және тасымалдау туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Бояу және лак материалдарын таңбалау қаптамаға немесе қаптамаға олардың сақталуын қамтамасыз ететін тәсілмен бекітілетін заттаңбаға не жапсырмаға түсіріледі.

Егер қаптамада, заттаңбада немесе жапсырмада таңбалауды толық көлемде орналастыруға орын жеткіліксіз болса, ақпараттың бір бөлігі бояу және лак материалдары бар әрбір қаптама бірлігіне қоса берілетін қосымша парақта көрсетіледі.

Бояу және лак материалдарын таңбалау климаттық және таңбалауды зақымдауы мүмкін басқа да факторлардың әсеріне төзімді, өшпейтін әріптермен және (немесе) символдармен анық, түсінікті, оңай оқылатын түрде түсірілуге тиіс.

Бояу және лак материалдарының тұтынушылық және көліктік қаптамаларын таңбалау әрбір қаптама бірлігіне түсіріледі және мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:

а) бояу және лак материалын дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), сатушының (импорттаушының) атауы мен орналасқан жерінің мекенжайы, қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда);

б) дайындаушы елдің атауы, бояу және лак материалын өндіру мекенжайы;

в) тауар белгісі және (немесе) тауар маркасы (бар болса);

г) бояу және лак материалының атауы, маркасы (артикулы) (бар болса), сорты (бар болса), оның ішінде сауда атауы;

д) түсінің атауы (пигменттелген бояу және лак материалдары үшін);

е) тұтынушылық қаптама үшін нетто массасы және көліктік қаптама үшін нетто және брутто массасы;

ж) тұтынушылық қаптамадағы бояу және лак материалы бірліктерінің саны (көліктік қаптама үшін) және тұтынушылық қаптама бірлігінің нетто массасы;

з) бояу және лак материалы партиясының нөмірі;

и) бояу және лак материалының дайындалған күні (айы, жылы);

к) бояу және лак материалы дайындалған нормативтік-техникалық құжаттың белгіленуі (бар болса);

л) бояу және лак материалының жарамдылық мерзімі немесе кепілдік мерзімі;

м) ескерту таңбалауы.

Тұтынушылық қаптамаға қосымша мыналар түсіріледі:

а) бояу және лак материалының мақсаты және оны қолдану жөніндегі нұсқаулар;

б) бояу және лак материалының негізгі тұтынушылық қасиеттері немесе сипаттамалары;

в) бояу және лак материалын қауіпсіз пайдалану, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату қағидалары мен шарттары;

г) бояу және лак материалының құрамы (бояу және лак материалының пленка түзетін заты, еріткіш), оның ішінде қауіпті химиялық заттар туралы ақпарат.

Қосымша ақпарат ілеспе құжаттамада және (немесе) тұтынушылық таңбалауда және (немесе) қауіпсіздік паспортында қамтылуға тиіс.

Қауіпті жүктерге жататын бояу және лак материалдарының көліктік қаптамасына көліктік таңбалау, сондай-ақ жүктің қауіптілігін сипаттайтын мынадай ақпарат түсіріледі:

а) қауіптілік белгісі;

б) тиісті жөнелту атауы;

в) БҰҰ нөмірі;

г) жіктеу шифры (бар болса).

Бояу және лак материалдарын таңбалау дайындаушы белгілеген сақтау және тасымалдау қағидалары сақталған жағдайда бояу және лак материалдарының бүкіл кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде сақталуға тиіс.

Ескерту таңбалауында бояу және лак материалының мынадай сәйкестендіру деректері қамтылуға тиіс:

қауіптіліктің сипаттамасы, оның ішінде қауіптілік белгісі, сигналдық сөз және қауіптіліктің қысқаша сипаттамасы (Н-фразалар);

қауіптіліктің алдын алу шаралары (Р-фразалар);

бояу және лак материалдарымен қауіпсіз жұмыс істеу туралы толығырақ ақпарат қауіпсіздік паспортында қамтылғаны туралы нұсқау.

Бояу және лак материалдарын таңбалау орыс тілінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда бояу және лак материалдары өткізілетін мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде (мемлекеттік тілдерінде) жүргізіледі.

Бояу және лак материалын дайындаушының атауы мен орналасқан жерінің мекенжайы, қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда), тауар белгісі (тауар маркасы) латын әліпбиінің әріптерімен көрсетілуі мүмкін, бұл ретте дайындаушы ел міндетті түрде орыс тілінде және мүше мемлекеттердің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде көрсетілуге тиіс.

VII. Бояу және лак материалдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету

Бояу және лак материалдарының осы техникалық регламентке сәйкестігі оның талаптарын тікелей орындау арқылы немесе халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттардың талаптарын, ал олар болмаған жағдайда осы техникалық регламент талаптарының сақталуын ерікті негізде қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етіледі.

Бояу және лак материалдарын зерттеу (сынау) және өлшеу әдістері халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесіне енгізілген құжаттарда, ал олар болмаған жағдайда мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарында, сондай-ақ осы техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулер әдістемелерінде белгіленеді.

VIII. Бояу және лак материалдарының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау

Бояу және лак материалдары Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылғанға дейін осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін мемлекеттік тіркеу нысанында бағалау рәсімінен өтуге тиіс. Мемлекеттік тіркеуді бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізуге уәкілетті мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

Бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау үлгілік схемаларға сәйкес, осы техникалық регламентте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу бояу және лак материалдарын өндіріске қою кезеңінде, ал Одақтың кедендік аумағына әкелінетін бояу және лак материалдары үшін – олар Одақтың кедендік аумағына әкелінгенге дейін жүргізіледі.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін бірыңғай нысан мен қағидалар бойынша ресімделеді.

Куәлік мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушілер мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оның аумағында тіркелген және дайындаушы, сатушы (импорттаушы) немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға болып табылатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға болуы мүмкін.

Куәліктің қолданылу мерзімі – 5 жыл.

Бояу және лак материалының рецептурасына өзгерістер енгізілген жағдайда бояу және лак материалы сәйкестікті бағалау рәсімінен қайта өтуге тиіс.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

а) бояу және лак материалдарының үлгілерін (сынамаларын) сәйкестендіру және іріктеу. Оны дайындаушы немесе өтініш беруші не өтініш берушінің тапсырмасы (өтініші) бойынша және оның қатысуымен Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) осы техникалық регламенттің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілген құжаттарда белгіленген қағидалар бойынша жүргізеді. Бояу және лак материалдарының үлгілерін (сынамаларын) мүше мемлекеттің аккредиттелген инспекциялық органы іріктеуіне жол беріледі;

б) іріктелген бояу және лак материалдарының үлгілерін (сынамаларын) сынақ зертханасында (орталығында) зерттеу (сынау) және өлшеу;

в) өтініш берушінің уәкілетті органға бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті және осы техникалық регламенттің 39-тармағында көрсетілген оған қоса берілетін құжаттарды ұсынуы;

г) бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды тіркеу;

д) өтініш беруші ұсынған құжаттарға, оның ішінде бояу және лак материалына жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің нәтижелеріне сараптама жүргізу;

е) куәлік беру немесе бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

ж) куәлік туралы мәліметтерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу;

з) куәлік беру.

Уәкілетті органның мемлекеттік тіркеуді жүргізу туралы өтініші мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ресімделеді. Бұл ретте көрсетілген өтінішке өтініш беруші қол қоюға және онда мынадай мәліметтер болуға тиіс:

а) бояу және лак материалының атауы, оның ішінде дайындаушы берген сауда атауы және (немесе) өзге де шартты белгісі (бар болса);

б) өтініш берушінің толық атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес), орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда) – заңды тұлға үшін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы;

в) дайындаушының толық атауы (құрылтай құжаттарына сәйкес), орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және бояу және лак материалдарын өндіру жөніндегі қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда) – бояу және лак материалдарын өндіретін заңды тұлға және оның филиалдары үшін немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және бояу және лак материалдарын өндіру жөніндегі қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда);

г) бояу және лак материалын сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болса);

д) бояу және лак материалы дайындалған құжаттың (құжаттардың) белгіленуі және атауы (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болса).

Дайындаушы өндірістік алаңдарда тапсырысты орналастырған жағдайда өтініште тапсырысты орындаушының толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және бояу және лак материалдарын өндіру жөніндегі қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайы (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда) көрсетіледі.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

а) Одақтың кедендік аумағында өндірілетін бояу және лак материалы үшін:

бояу және лак материалы дайындалған құжаттардың (техникалық шарттар, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар және (немесе) бояу және лак материалының құрамы туралы мәліметтер және өзге де құжаттар) осы бояу және лак материалын дайындаушы куәландырған көшірмелері;

бояу және лак материалын қолдану (пайдалану, эксплуатациялау) жөніндегі дайындаушының құжаты (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) немесе өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

бояу және лак материалының заттаңбаларының (қаптамасының) көшірмелері немесе олардың макеттері, өтініш беруші куәландырған;

бояу және лак материалы үлгілерін (сынамаларын) іріктеу актісі;

зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамалары;

дайындаушыда осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін бояу және лак материалын тұрақты өндіруді қамтамасыз ететін енгізілген менеджмент жүйесінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (дайындаушының хаты және (немесе) менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының көшірмесі), өтініш беруші куәландырған (бар болса);

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі туралы мәліметтер;

дайындаушы уәкілеттік берген тұлға үшін – Одақтың кедендік аумағында өндірілетін бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және Одақтың кедендік аумағына жеткізілетін бояу және лак материалдарының көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі үшін жауапкершілікті көздейтін дайындаушымен жасалған шарттың көшірмесі, өтініш беруші куәландырған;

бояу және лак материалының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін негіз болған, өтініш беруші өз таңдауы бойынша ұсынған өзге де құжаттар (бар болса);

б) Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде өндірілетін бояу және лак материалы үшін:

бояу және лак материалы дайындалған құжаттардың (техникалық шарттар, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар және (немесе) бояу және лак материалының құрамы туралы мәліметтер және өзге де құжаттар) осы бояу және лак материалын дайындаушы куәландырған көшірмелері;

бояу және лак материалын қолдану (пайдалану, эксплуатациялау) жөніндегі дайындаушының құжаты (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) немесе өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

бояу және лак материалының заттаңбаларының (қаптамасының) көшірмелері немесе олардың макеттері, өтініш беруші куәландырған;

бояу және лак материалы үлгілерін (сынамаларын) іріктеу актісі;

зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамалары;

дайындаушыда осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін бояу және лак материалын тұрақты өндіруді қамтамасыз ететін енгізілген менеджмент жүйесінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі, өтініш беруші куәландырған (дайындаушының хаты және (немесе) менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификатының көшірмесі);

мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі туралы мәліметтер;

дайындаушы уәкілеттік берген тұлға үшін – шетелдік дайындаушымен жасалған, жеткізілетін бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және Одақтың кедендік аумағына жеткізілетін бояу және лак материалдарының көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі үшін жауапкершілікті көздейтін шарттың көшірмесі, өтініш беруші куәландырған;

бояу және лак материалының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растау үшін негіз болған, өтініш беруші өз таңдауы бойынша ұсынған өзге де құжаттар (бар болса).

Дәлелдемелік материалдардың құрамында құрамы ұқсас бояу және лак материалдарына қатысты алынған құжаттар, жарияланған ғылыми деректер, интерполяция қағидаттары мен есептеу әдістері негізінде алынған бояу және лак материалдарының қауіпсіздігін растайтын құжаттар, сондай-ақ қауіпсіздік паспорттары пайдаланылуы мүмкін.

Біртекті бояу және лак өнімдері үшін сынақтар бір дайындаушы біртұтас техникалық құжаттама бойынша технологиялық процестің бірдей жағдайларында дайындаған, атауы мен мақсаты бойынша сәйкестендірілген типтік үлгілерде жүргізіледі.

Пигменттелген бояу және лак материалдары үшін санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық көрсеткіштерді анықтау мақсатында құрамында ең қауіпті пигменттер мен ұшпа органикалық қосылыстардың мөлшері ең жоғары үлгілер іріктеледі.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу мынадай схемалардың бірі бойынша жүзеге асырылады:

а) 1р схемасы Одақтың кедендік аумағында өндірілетін бояу және лак материалдары үшін қолданылады;

б) 2р схемасы Одақтың кедендік аумағынан тыс жерде өндірілетін бояу және лак материалдары үшін қолданылады.

1р мемлекеттік тіркеу схемасы мыналарды көздейді.

1р мемлекеттік тіркеу схемасы бойынша өтініш беруші дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) болып табылады.

Дайындаушы өндіріс процесінің тұрақтылығын және өндірілетін бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

1р схемасы бойынша мемлекеттік тіркеу кезінде осы тармақта және осы техникалық регламенттің 46-тармағында көзделген рәсімдер орындалады.

Зерттеулерді (сынақтарды) және өлшеулерді жүргізу мақсатында өтініш беруші немесе өтініш берушінің тапсырмасы (өтініші) бойынша және оның қатысуымен сынақ зертханасы (орталығы) өтініш берушінің қоймасында бояу және лак материалдарының үлгілерін сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізеді.

Бояу және лак материалдарының үлгілерін (сынамаларын) мүше мемлекеттің аккредиттелген инспекциялық органы іріктеуіне жол беріледі.

Бояу және лак материалдарының үлгілерін сәйкестендіру және (немесе) іріктеу нәтижелері тиісті актімен (актілермен) ресімделеді.

Іріктелген бояу және лак материалдарының үлгілеріне (сынамаларына) зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер сынақ зертханасында (орталығында) жүргізіледі.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу мақсатында орындалған зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

Бояу және лак материалының рецептурасына организмге әсері қауіпті болып табылатын немесе қауіпті болуы мүмкін бір немесе бірнеше компонентті ауыстыру, қосу бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда мұндай бояу және лак материалына жаңа зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамасы алынуға тиіс.

Өтініш беруші осы техникалық регламенттің 39-тармағының «а» тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бірге уәкілетті органға ұсынады.

2р мемлекеттік тіркеу схемасы мыналарды көздейді.

2р схемасы бойынша мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш берушілер дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы (импорттаушы) болып табылады.

2р схемасы бойынша мемлекеттік тіркеу кезінде осы тармақта және осы техникалық регламенттің 46-тармағында көзделген рәсімдер орындалады.

Зерттеулерді (сынақтарды) және өлшеулерді жүргізу мақсатында дайындаушы, өтініш беруші немесе өтініш берушінің тапсырмасы (өтініші) бойынша және оның қатысуымен сынақ зертханасы (орталығы) дайындаушының немесе өтініш берушінің қоймасында бояу және лак материалдарының үлгілерін сәйкестендіруді және іріктеуді жүргізеді.

Бояу және лак материалдарының үлгілерін (сынамаларын) мүше мемлекеттің аккредиттелген инспекциялық органы іріктеуіне жол беріледі.

Бояу және лак материалдарының үлгілерін сәйкестендіру және (немесе) іріктеу нәтижелері тиісті актімен ресімделеді.

Іріктелген бояу және лак материалдарының үлгілеріне (сынамаларына) зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер сынақ зертханасында (орталығында) жүргізіледі.

Бояу және лак материалдарын мемлекеттік тіркеу мақсатында орындалған зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамасының қолданылу мерзімі 1 жылды құрайды.

Бояу және лак материалының рецептурасына организмге әсері қауіпті болып табылатын немесе қауіпті болуы мүмкін бір немесе бірнеше компонентті ауыстыру, қосу бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда мұндай бояу және лак материалына жаңа зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамасы алынуға тиіс.

Өтініш беруші осы техникалық регламенттің 39-тармағының «б» тармақшасында көзделген құжаттар топтамасын қалыптастырады және оны бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бірге уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарайды және бояу және лак материалын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркейді.

Өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасына, оның ішінде бояу және лак материалының зерттеулері (сынақтары) мен өлшеулерінің нәтижелеріне сараптама уәкілетті орган тарапынан жүргізіледі.

Өтініш беруші ұсынған құжаттар топтамасына және бояу және лак материалының жүргізілген зерттеулері (сынақтары) мен өлшеулеріне сараптаманың оң нәтижелері болған кезде уәкілетті орган куәлік беру туралы шешім қабылдайды.

Бояу және лак материалының осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда уәкілетті орган куәлік беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Куәлік беруден бас тарту туралы шешім мұндай шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бас тарту себептері негізделіп, өтініш берушіге тікелей тапсырылады немесе салым тізімдемесі және табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімімен жазбаша нысанда не электрондық құжат түрінде жіберіледі.

Уәкілетті орган өтініш берушіге куәлік береді және ол туралы мәліметтерді куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізеді.

Өтініш беруші бояу және лак материалын Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін тәртіппен таңбалауды қамтамасыз етеді.

Өтініш беруші өзі жеткізетін бояу және лак материалының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Куәлікті және (немесе) оған қосымшаны қосымша немесе қайталама зерттеулер (сынақтар) мен бояу және лак материалын өлшеулер жүргізбей мынадай жағдайларда ауыстыруға жол беріледі:

куәлікте және (немесе) оған қосымшада қателердің (баспа қателерінің) анықталуы;

дайындаушының ұйымдық-құқықтық нысанының, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекенжайының) өзгеруі;

өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысанының, орналасқан жерінің (заңды тұлғаның мекенжайының), сондай-ақ қызметін жүзеге асыратын жерінің мекенжайының (мекенжайлар әртүрлі болған жағдайда) өзгеруі;

бояу және лак материалының сауда атауының өзгеруі (бояу және лак материалының рецептурасы мен құрамын өзгертпей);

бояу және лак материалы дайындалған құжаттың белгіленуінің өзгеруі (бояу және лак материалының рецептурасын, құрамын және қауіпсіздік көрсеткіштерін өзгертпей).

Куәлік және (немесе) оған қосымша ауыстырылған жағдайда Одақтың кедендік аумағында бояу және лак материалдарының айналымы осындай ауыстыруға қажетті мерзімге тоқтатылмайды.

Куәліктің қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы және (немесе) тоқтатылуы мүмкін:

а) бояу және лак материалының осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеуі;

б) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі туралы ақпараттың алынуы;

в) өтініш берушіден бояу және лак материалын әкелуді және (немесе) өндіруді тоқтату туралы ақпараттың алынуы.

Куәліктің бар екенін растау мыналар болып табылады:

а) куәліктің түпнұсқасы немесе оны берген уәкілетті орган не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

б) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (электрондық қолтаңбасымен) куәландырылған куәліктің электрондық нысаны;

в) куәліктердің бірыңғай тізіліміндегі мәліметтер;

г) бояу және лак материалдарын сатып алуды (алуды) растайтын құжаттарда және (немесе) өзге де ілеспе құжаттамада куәліктің нөмірі мен берілген күнінің көрсетілуі (бірыңғай куәліктер тізілімінде мәліметтер болған жағдайда).

Құжаттардың шет тілінен орыс тіліне және мүше мемлекеттің мемлекеттік тіліне аудармаларына өтініш берушінің қолы мен мөрі қойылуға тиіс (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе), немесе нотариаттық тәртіппен, немесе аударма агенттігінің (бюросының) мөрімен, немесе аудармашының қолымен (оның біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі қоса беріле отырып) куәландырылуға тиіс.

Осы техникалық регламенттің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, оның ішінде бояу және лак материалдарының осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

бояу және лак материалдарына қатысты – дайындаушыда (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғада), сатушыда (импорттаушыда) бояу және лак материалдарын өндірістен алып тастаған (өндіруді тоқтатқан) күннен бастап кемінде 5 жыл бойы;

бояу және лак материалдарының партиясына қатысты – дайындаушыда (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғада), сатушыда (импорттаушыда) бояу және лак материалдарының жарамдылық мерзімі (кепілдік мерзімі) аяқталған күннен бастап кемінде 2 жыл бойы сақталуға тиіс.

Көрсетілген құжаттар мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарына талап ету бойынша ұсынылуға тиіс.

IX. Бояу және лак материалдарын Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауға қойылатын талаптар

Осы техникалық регламент талаптарына сәйкес келетін және сәйкестікті бағалаудан өткен бояу және лак материалдары Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады.

Бояу және лак материалдарын Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбалау бояу және лак материалдары Одақ нарығында айналымға шығарылғанға дейін жүзеге асырылады.

Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі бояу және лак материалының әрбір қаптама бірлігіне (тұтынушылық қаптамаға, заттаңбаға, жапсырмаға) және (немесе) бояу және лак материалына арналған ілеспе құжаттарға түсіріледі.

Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі анық әрі айқын бейнені қамтамасыз ететін және бояу және лак материалы толық пайдаланылғанға немесе кәдеге жаратылғанға дейін сақталатын кез келген тәсілмен түсіріледі.

X. Бояу және лак материалының қауіпсіздік паспортына қойылатын талаптар

Одақ нарығында бояу және лак материалдарын айналымға шығаратын дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе сатушы (импорттаушы) қауіпсіздік паспортын жасайды және онда көрсетілген ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты болады.

Бояу және лак материалдарын жеткізу кезінде қауіпсіздік паспорты бояу және лак материалдарына арналған ілеспе құжаттардың құрамына енгізілуге тиіс.

Қауіпсіздік паспорты бояу және лак материалдары Одақ нарығында айналымға шығарылғанға дейін ресімделеді.

Қауіпсіздік паспортының қолданылу мерзімі шектелмейді.

Дайындаушының (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның), бояу және лак материалдарын импорттаушының атауы және (немесе) мекенжайы өзгерген жағдайда қауіпсіздік паспорты жаңартылуға және қайта шығарылуға жатады.

Қауіпсіздік паспортының түпнұсқасы дайындаушыда (дайындаушы уәкілеттік берген тұлғада) немесе бояу және лак материалдарын сатушыда (импорттаушыда) сақталады.

Бояу және лак материалдарын тұтынушылардың (сатып алушылардың), мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген кез келген мүдделі заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың талап етуі бойынша дайындаушы (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға) немесе бояу және лак материалдарын сатушы (импорттаушы) қауіпсіздік паспортының көшірмесіне өтеусіз негізде қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

 

Еуразиялық экономикалық одақтың «Бояу және лак материалдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне қосымша (ЕАЭО ТР 053/2026)

Бояу және лак материалдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар

1-кесте

Бояу және лак материалдарының қауіпсіздік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар

Қауіпсіздік көрсеткішінің атауыРұқсат етілген деңгейЕскертпе
I. Одориметриялық көрсеткіштер  
Құрылыс саласында, жиһаз өнімдері үшін, автомобильдерді жөндеу кезінде бояу үшін дайын жабындарды бағалау кезіндегі ауа ортасының иісі2 балдан аспайдыӨнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, ауыз сумен жабдықтауда, тамақ және жиһаз өнеркәсібінде, сондай-ақ автомобильдерді жөндеу кезінде бояу үшін қолданылатын бояу және лак материалдары үшін
Ауыз сумен жабдықтауда пайдалану кезінде нұсқаулыққа сәйкес кептірілген шыны пластинаға жағылған бояу және лак материалы үлгісінен алынған сулы сығындының иісі2 балдан аспайды 
Нұсқаулыққа сәйкес кептірілген шыны пластинаға жағылған бояу және лак материалы үлгісінен тамақ өнімдеріне ұқсас модельдік ерітінділерге алынған сығындылардың иісі1 балдан аспайды 
II. Сұйық модельдік орталардың органолептикалық көрсеткіштері  
Ауыз сумен жабдықтауда пайдалану кезінде нұсқаулыққа сәйкес кептірілген шыны пластинаға жағылған бояу және лак материалы үлгісінен алынған сулы сығынды: Ауыз сумен жабдықтауда, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін
дәмі2 балдан аспайды 
түсі20 (35)* градустан аспайды 
лайлылығы2,6 (3,5)* ЕМФ-тан (формазин бойынша лайлылық бірліктері) және 1,5 (2)* мг/л-ден (каолин бойынша) аспайды 
Бояу және лак материалы үлгісінен тамақ өнімдеріне ұқсас модельдік ерітінділерге алынған сығындылар:  
дәміжол берілмейді 
түсіжол берілмейді 
лайлылығыжол берілмейді 
III. Токсикологиялық көрсеткіштер  
Бояу және лак материалдарынан алынған сығындыларды асқазанға енгізу кезіндегі жедел уыттылықБояу және лак материалдарымен жанасатын сулы модельдік орталар (сығындылар) айқын жалпы уытты әсер көрсетпеуге тиісАуыз сумен жабдықтауда, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін
Ұсынылатын қолдану режимінде бояу және лак материалдарының тері жабындарына тітіркендіргіш әсері: тері жабындарына0–4 балл (таңбалауда қолды жеке қорғау құралдарын пайдалану талабы және тиісті ескерту жазбалары болған жағдайда 2-ден 4 балға дейінгі тітіркендіргіш әсердің болуына жол беріледі)Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста, жиһаз өнеркәсібінде, сондай-ақ автомобильдерді жөндеу кезінде бояу үшін қолданылатын бояу және лак материалдары үшін
Ұсынылатын қолдану режимінде бояу және лак материалдарымен жанасатын модельдік орталардың (сығындылардың) тітіркендіргіш әсері: тері жабындарына, шырышты қабаттарға0 балл, 0 баллАуыз сумен жабдықтауда, тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бояу және лак материалдары үшін
Сенсибилизациялаушы әсеріТаңбалауда қауіпсіздік пен сақтық шараларының тізбесі, сондай-ақ жеке қорғаныш құралдарын пайдалану талаптары көрсетілген жағдайда аллергендік әсердің болуына жол беріледі 
Тері арқылы резорбтивтік әсері бір рет, қайталапРезорбтивтік әсердің және уыттанудың клиникалық белгілерінің болмауы 
IV. Микробиологиялық көрсеткіштер  
Бояу және лак жабындарында патогенді және санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдердің (тест-культуралардың) тіршілік ету мерзімін бағалауБояу және лак жабынының бетінде патогенділерді қоса алғанда, микрофлораның өсуі мен дамуының болмауыЫлғалды дезинфекция режимі көзделген үй-жайлардың, ғимараттар мен құрылыстардың ішкі беттерін бояуға арналған бояу және лак материалдары үшін

2-кесте

Бояу және лак материалдарының негізгі түрлеріне санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық бағалау жүргізу кезінде бояу және лак жабындарынан ауа ортасына зиянды заттардың миграциясының рұқсат етілген деңгейлері

Бояу және лак материалының түріЗиянды заттың атауыАуа ортасына миграциясының рұқсат етілген деңгейі, мг/м³
1. Целлюлоза ацетобутираттыформальдегид0,01
 сірке қышқылы0,06
 ксилол*0,1
2. Полиакрилдіформальдегид0,01
 метилметакрилат0,01
 ксилол*0,1
3. Стирол-акрилдіформальдегид0,01
 метилметакрилат0,01
 стирол0,002
4. Алкид-акрилдіформальдегид0,01
 метилметакрилат0,01
 стирол0,002
 фтал ангидриді0,02
 ксилол*0,1
5. Алкидті: глифтальді, пентафтальді, меламинді, нитроцеллюлозалыформальдегид0,01
 фтал ангидриді0,02
 ксилол*0,1
6. Битумдыформальдегид0,01
 фенол0,003
 ксилол*0,1
7. Бутадиен-стиролды, каучукты, хлоркаучуктыформальдегид0,01
 стирол0,002
 дибутилфталат0,1
 ксилол*0,1
8. Винилацетаттыформальдегид0,01
 сірке қышқылы0,06
 дибутилфталат0,1
9. Поливинилацетальды, канифольді, майлыформальдегид0,01
 ксилол*0,1
10. Кремнийорганикалықформальдегид0,01
 хлорсутек0,1
 толуол0,3
11. Майлы-алкид-стиролдыформальдегид0,01
 фтал ангидриді0,02
 стирол0,002
 ксилол0,1
12. Карбамидтіформальдегид0,01
 ксилол0,1
 метил спирті0,5
13. Қанықпаған полиэфирлі ұнтақ тәріздіформальдегид0,01
 стирол0,002
14. Полиуретандыформальдегид0,01
 циансутек0,01
 фенол0,003
 ксилол*0,1
15. Полиуретан-акрилаттыформальдегид0,01
 циансутек0,01
 метилметакрилат0,01
 бензол0,1
16. Фенолалкидтіформальдегид0,01
 фенол0,003
 фтал ангидриді0,02
 ксилол0,1
17. Фенолды және фенолформальдегидтіформальдегид0,01
 фенол0,003
 ксилол0,1
18. Перхлорвинилді және поливинилхлоридтіформальдегид0,01
 хлорсутек0,1
 дибутилфталат0,1
 ксилол0,1
19. Винилхлорид сополимерліформальдегид0,01
 хлорсутек0,1
 дибутилфталат0,1
 метилметакрилат0,01
 стирол0,002
 ксилол0,1
20. Эпоксидтіформальдегид0,01
 эпихлоргидрин0,04
 ксилол*0,1

* Органикалық еріткіш негізіндегі бояу және лак материалдары үшін қосымша анықталады.

Ескертпе. Осы қосымшаның 2-кестесіне енгізілмеген бояу және лак материалдарының түрлері үшін бояу және лак жабындарынан ауа ортасына зиянды заттардың миграциясының рұқсат етілген деңгейлері бояу және лак материалдарының рецептурасы негізінде, олардың негізгі компоненттері мен осы қосымшаның 2-кестесінде белгіленген зиянды заттардың миграциясының рұқсат етілген деңгейлері ескеріле отырып айқындалады.

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар