ІІ Бөлім Үйлестірілген жүйе Қазақстан Республикасының Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесі туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгізу туралы хаттамаға қосылуы туралы Заңы
Қысқартулар мен нышандар
Бк - беккерель В - вольт BT - ватт г - грамм Гц - герц дтекс - олардың массасының ұзындығына қатынасына тең болатын талшықтардың немесе жiптердiң желiлiк тығыздығының жүйеден тыс бiрлiгi. 1 дтекс = 10 мг/м ИҚ - инфрақызыл кВА - киловольт-ампер квар - реактивтi киловольт-ампер кВт - киловатт кг - килограмм кгк - килограмм-күш кН - килоньютон кПА - килопаскаль ккал - килокалория л - литр м - метр мас.% - масса бойынша қамту пайызы м- - мета- м 2 - шаршы метр мм - миллиметр мкКи - микрокюри мН - миллиньютон H - ньютон көл.% - көлем бойынша қамту пайызы о- - орто- n- - пара- АйнТ - айнымалы тоқ ТұрТ - тұрақты тоқ сг - сантиграмм см - сантиметр см 2 - шаршы сантиметр см 3 - текше сантиметр cH - сантиньютон К - кельвин 0 С - Цельсия градусы ASTM - Америка Материалдарды сынау қоғамы INN - International Nonproprietary Nama, Халықаралық меншiктi емес атау INNN - International Nonproprietary Nama Modified, Халықаралық жаңартылған меншiктi емес атау ISO - International on standartization organization, Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым % - пайыз
Мысалдар 1500 г/м 2 - шаршы метрге бiр мың бес жүз грамм 15 0 С - Цельсияның он бес градусы
ҮЖ-ны түсіндірудің негізгі ережелері
Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiндегi тауарларды жiктеу мына Ережелер бойынша жүзеге асырылады: 1. Бөлiмдердiң, топтардың және кiшi топтардың атаулары тек YЖ-ны пайдаланудың ыңғайлығы үшiн ғана келтіріледi; ҮЖ-дегi тауарларды жiктеу, егер мұндай мәтiндерде мынадай ережелерге сәйкес өзгедей көзделмесе, заңдық мақсаттар үшiн тауар позицияларының мәтiндерi мен тауарларға немесе топтарға тиiстi ескертулердi негiзге ала отырып жүзеге асырылады. 2. (а) Тауар позициясы атауындағы қандай да бiр тауарға кез келген сiлтеме жиынтықты емес немесе аяқталмаған түрде ұсыныла отырып, бұл тауардың жиынтықты емес немесе аяқталған тауардың негiзгi қасиеттерiне ие болуы шартымен жиынтықты емес немесе аяқталмаған осындай тауарға сiлтеме ретiнде қарастырылуы тиiс, сондай-ақ жиналмаған немесе ажыратылған түрде ұсынылған жиынтықты немесе аяқталған тауарға (немесе қарастырылып отырған тауар позициясында осы Ережеге сәйкес жиынтықты немесе аяқталған ретiнде жiктелген) сiлтеме ретiнде қарастырылуы тиiс. (б) Тауар позициясы атауындағы қандай да бiр материалдарға немесе затқа кез келген сiлтеме бұл материалдың немесе заттың басқа материалдармен немесе заттармен қоспасына немесе қосындысына сiлтеме ретiнде қарастырылуы тиiс. Белгiлi материалдан немесе заттан жасалған тауарға кез келген сiлтеме толық немесе iшiнара осы материалдан немесе заттан тұратын тауарларға сiлтеме ретiнде қарастырылуы тиiс. Бiрден астам материалдан немесе заттан тұратын тауарларды жiктеу 3 Ереженiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Егер 2(б)-ережеге сәйкес немесе қандай да бiр басқа себептер бойынша prima facie, тауарларды екi немесе одан да көп тауар позициясына жатқызу мүмкiндiгi болса, мұндай тауарларды жiктеу мынадай үлгiде жүзеге асырылады: (а) Неғұрлым жалпы сипаттамасы бар тауар позицияларымен салыстырғанда неғұрлым нақты сипаттаманы қамтитын тауар позициясына артықшылық берiледi. Алайда, eкi немесе одан да көп тауар позициясының әрқайсының қоспалардың немесе көп бөлiктi бұйымдардың құрамына кiретiн материалдардың немесе заттардың бөлiктерiне ғана немесе бөлшек саудаға арналып ұсынылған тауарлардың бөлiгiне ғана қатысы болса, онда аталған тауар позициялары, тiптi олардың бipeуi тауардың неғұрлым толық немесе дәл сипаттамасын бергеннiң өзiнде, аталған тауарға қатысы бойынша тең мәндi ретiнде қарастырылуы тиiс. (б) Әр түрлi материалдардан тұратын немесе әр түрлi бөлiктерден дайындалатын қоспалар, көп бөлiктi бұйымдар және оларды жiктеу 3(а)-ереженiң талаптарына сәйкес жүзеге асыру мүмкiн болмайтын бөлшек саудаға арналған жиынтықтарда ұсынылатын тауарлар, осы өлшемнiң қолданылуы шартымен, аталған тауарларға негiзгi қасиет беретiн материал немесе құрамдас бөлiк бойынша жiктелуi тиiс. (в) Ереженiң 3(а) немесе 3(б) талаптарына сәйкес жiктелуi жүзеге асырылмайтын тауарлар аталған тауарларды жiктеу кезiнде қарастыру үшiн тең дәрежеде қолайлы тауар позицияларының арасында кодтардың өсу тәртiбiндегi соңғы тауар позициясында жiктелуi тиiс. 4. Жоғарыда жазылған Ереженiң талаптарына сәйкес жiктелуi жүзеге асырылмайтын тауарлар қарастырылып отырған тауарларға барынша ұқсас (жақын) тауарларға сәйкес келетiн тауар позициясында жiктеледi. 5. Жоғарыда аталған ережелерге қосымша ретiнде төменде аталатын тауарларға қатысты мынадай ережелер қолданылуы тиiс: (а) фотоаппараттарға, музыка аспаптарына, мылтықтарға, сызба керек-жарақтарына, алқаларға арналған тысқаптар мен футлярлар, сондай-ақ ұзақ пайдалану үшiн жарамды және өзi арналатын бұйымдармен бiрге ұсынылатын тиiстi бұйымдарды немесе бұйымдардың жиынтығын орналастыру үшiн арнайы нысаны бар ұқсас ыдыстар, егер осындай түрдегi ыдыс әдетте сатуға аталған бұйымдармен бiрге түссе, оған оралған бұйымдармен бiрге жiктелуi тиiс. Алайда аталған Ереже оралған бұйыммен бiртұтас бүтiндi құрай отырып соңғыға негiзгi қасиет беретiн ыдысқа қолданылмайды. (б) Жоғарыда келтiрiлген Ереженiң 5(а) талабына сәйкес өзiндегi тауарлармен бiрге ұсынылатын орамдық материалдар мен ыдыстар, егер олар әдетте, атаған тауарларды орау үшiн пайдаланылса, бiрге жiктелуi тиiс. Алайда, егер мұндай орамдық материалдар немесе ыдыстар қайталап пайдалануға жарамды болса аталған ереже мiндеттi болып табылмайды. 6. Заңдық мақсаттар үшiн тауар позициясының субпозицияларындағы тауарларды жiктеу, тек субпозициялар бiр деңгейде салыстырмалы болуы шартымен субпозициялар мен ескертулердiң субпозицияларға қатысы бар атауларына, сондай-ақ mutatis mutandis, жоғарыда аталған Ереженiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн, егер мәтiнде өзгедей келiсiлмесе, бөлiмдер мен топтарға тиiстi ескертулер де қолданылуы мүмкін.
I бөлiм 1-топ 01.01/04
I бөлiм Тірі жануарлар; Жануарлардан алынатын өнімдер
Ескертулер: 1. - Бұл бөлiмдегi жануарлардың нақты тегiне немесе түрiне арналған кез келген сiлтеме, егер өзгедей келiсiлмесе, осы тектiң немесе түрдiң төлдерiне де жатады. 2. - Бүкіл Номенклатура бойынша "кептiрiлген" өнiмдер терминi, егер өзгедей келiсiлмесе, майсыздандыруға, буландыруға немесе сублимациялық кептiруге ұшыраған өнiмдердi де бiлдiредi.
1-топ Тiрi жануарлар
Ескертулер: 1. - Аталған топқа: (а) балықтарды, шаян тектестердi, ұлуларды және 03.01, 03.06 немесе 03.07 тауар позициясының өзге де су омыртқасыздарын; (б) микроорганизмдер дақылдары мен 30.02 тауар позициясының басқа да өнiмдерiн; және (в) 95.08 тауар позициясындағы жануарларды қоспағанда барлық жануарлар енгiзiледi.
Тауар ҮЖ коды позициясы
01.01 Tipi жылқылар, есектер, қашырлар және лошактар: 0101.10 - таза тұқымды тектi жануарлар 0101.90 - өзгелерi 01.02 Tipi мүйiздi ipi қара мал: 0102.10 - таза тұқымды тектi жануарлар 0101.90 - өзгелерi 01.03 Тірі шошқалар: 0103.10 - таза тұқымды тектi жануарлар - өзгелерi 0103.91 -- массасы 50 кг жетпейтiн 0103.92 -- массасы 50 кг немесе одан көп 01.04 Тiрi қойлар мен ешкілер: 0104.10 - қойлар 0104.20 - ешкiлер
I бөлiм 1-топ 01.05/11
Тауар ҮЖ коды позициясы 01.05 Tipi үй құсы, яғни үй тауықтары (Gallus domesticus), үйректер, қаздар, күркетауықтар мен мысыр тауықтары - массасы 185 г аспайтын 0105.11 -- үй тауықтары (Gallus domesticus) 0105.12 -- күрке тауықтар 0105.19 -- өзгелерi - өзгелерi 0105.92 -- массасы 2000 г аспайтын үй тауықтары (Gallus domesticus) 0105.93 -- массасы 2000 г астам үй тауықтары (Gallus domesticus) 0105.99 -- өзгелерi Өзге де тiрi жануарлар - сүт қоректiлер: 0106.11 -- маймылдар 0106.12 -- киттер, дельфиндер және теңiз шошқалары (Cetacea отрядының сүт қоректiлерi); ламантиндер және дюгондар (Sirenia отрядының сүт қоректiлерi); 0106.19 -- өзгелерi 0106.20 - рептилдер (жыландар мен тасбақаларды қоса алғанда) - құстар; 0106.31 -- жыртқыш құстар 0106.32 -- тоты тектестер (тоты құстарды, ұзын құйрықты тоты құстарды, ара мен какадуды қоса алғанда) 0106.39 -- өзгелерi 0106.90 - өзгелерi
I бөлiм 2-топ 02701/04 1
2-топ Ет және тамақтық өкпе-бауырлар мен iшек-қарындар
Ескертулер: 1. - Аталған топқа: (а) тамаққа пайдалануға жарамсыз 02.01-02.08 немесе 02.10 тауар позицияларының өнiмдерi; (б) iшектер, жануарлардың көпiршiктерi немесе асқазандары (05.04 тауар позициясы) немесе жануарлардың қаны (05.11 немесе 30.02 тауар позициясы); немесе (в) жануарлардың тоң майлары, 0209 тауар позициясының өнiмдерiнен басқа (15-топ)
Тауар YЖ Кoды позициясы 02.01 Мүйiздi ipi қара малдың етi, жас немесе мұздатылған: 0202.10 - ұша және жартылай ұша 0201.20 - сүйектен айырылмаған өзге де кесек ет 0201.30 - сүйектен айырылған 02.02 Тоңазытылған мүйiздi ipi қара малдың етi: 0202.10 - ұша және жартылай ұша 0202.20 - сүйектен айырылмаған өзге де кесек ет 0202.30 - сүйектен айырылған 02.03 Шошқаның жас мұздатылған немесе тоңазытылған етi: - жас немесе мұздатылған: 0203.11 -- ұша және жартылай ұша 0203.12 -- сан еті, жауырындары және олардан алынған сүйегiнен айырылмаған кесек еттерi 0203.19 -- өзгелерi - тоңазытылған: 0203.21 -- ұша және жартылай ұша 0202.22 -- сан етi, жауырындары және олардан алынған сүйегiнен айырылмаған кесек еттерi 0203.29 -- өзгелерi 02.04 Жас, тоңазытылған немесе мұздатылған қойдың немесе ешкiнiң еті: 0204.10 - қозылардың жас немесе мұздатылған ұшалары және жартылай ұшалар - жас немесе мұздатылған өзге де қой етi 0204.21 -- ұшалар және жартылай ұшалар 0204.22 -- сүйектен айырылмаған өзге де кесек ет 0204.23 -- сүйектен айырылған
I бөлiм 2-топ 02.04 2 /07
Тауар YЖ Кoды позициясы - мұздалған басқа да қойдың етi 0204.41 -- ұшалар және жартылай ұшалар 0204.42 -- сүйектен айырылмаған өзге де кесек еттер 0204.43 -- сүйектен айырылған 0204.50 - лақтың етi 02.05 0205.00 Жас, мұздатылған немесе тоңазытылған жылқылардың, есектердiң, қашырлардың немесе лошактардың еті. 02.06 Мүйiздi ipi қараның, шошқалардың, қойлардың, ешкiлердiң, жылқылардың, есектердiң, қашырлардың немесе лошактардың жас, мұздатылған немесе тоңазытылған тамақтық өкпе-бауырлары мен iшiк-қарындары: 0206.10 - мүйiздi iрi қара малдың жас немесе тоңазытылған - мүйiздi iрi қара малдың мұздатылған: 0206.21 -- тiлдерi 0206.22 -- бауыры 0206.29 -- өзгелерi 0206.30 - шошқаның жас немесе мұздатылған - шошқаның тоңазытылған: 0206.41 -- бауыры 0206.49 -- өзгелерi 0206.80 - өзге де жас немесе мұздатылған 0206.90 - өзге де тоңазытылған 02.07 01.05 тауар позициясында көрсетiлген үй құсының мұздатылған немесе тоңазытылған етi және тамақтық өкпе-бауырлары мен iшiк-қарындары - үй құстары (Gallus domesticus) 0207.11 -- бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған 0207.12 -- бөлiктерге мүшеленбеген, тоңазытылған 0207.13 -- жас немесе тоңазытылған ұшаның бөлiктерi мен тамақтық өкпе-бауыры, iшек-қарындары 0207.14 -- мұздатылған ұшаның бөлiктерi мен тамақтық өкпе-бауыры, iшек-қарындары - күркетауықтар: 0207.24 -- бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе мұздатылған 0207.25 -- бөлiктерге мүшеленбеген, мұздатылған 0207.26 -- жас немесе тоңазытылған ұшаның бөлiктерi және өкпе-бауыры мен iшек-қарындары 0207.27 -- мұздатылған ұшаның бөлiктерi және өкпе-бауыры мен iшек-қарындары
І бөлім 2-топ 02.07/10
Тауар YЖ Кoды позициясы 0207.32 -- бөлiктерге мүшеленбеген, жас немесе тоңазытылған 0207.33 -- бөлiктерге мүшеленбеген, мұздатылған 0207.34 -- майлы бауыр, жас немесе тоңазытылған 0207.35 -- жас немесе тоңазытылған өзгелерi 0207.36 -- мұздатылған өзгелерi 02.08 Өзге де жас, тоңазытылған немесе мұздатылған тамақтық еттiк өкпе бауырлары мен iшек-қарындары 0208.10 - үй қояндарының немесе қояндардың 0208.20 - бақаның табандары 0208.30 - маймылдардың 0208.40 - киттердiң, дельфиндердiң және теңiз шошқаларының (Cetacea отряды сүтқоректiлерiнiң); ламантиндер мен дюгендердiң (Sirenia отряды сүтқоректiлерiнiң) 0208.50 - рептильдер (жыландар мен тасбақаларды қоса алғанда) 0208.90 - өзгелерi 02.09 0209.00 Қорытылмаған немесе басқа тәсiлмен алынбаған, жас, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұздық суда, кептiрiлген немесе қақталған арық еттен сылынып алынған шошқа тоңмайы мен үй құсының тоңмайы
02.10 Тұздалған, тұздық судағы, кептiрiлген немесе қақталған ет және тамақтық өкпе-бауырлар мен iшек-қарындары; еттен немесе еттiк өкпе-бауырлар мен iшек-қарындардан алынған тамақтық ұн: - шошқа етi: 0210.11 -- сүйектен ажыратылмаған сан еттері, жауырындар және олардың кесектерi 0210.12 -- төс еттер (қыртыстарымен) және олардан алынған кесек еттер 0210.19 -- өзгелерi 0210.20 - iрi қара малдың етi - еттен немесе еттiк өкпе-бауырлар мен iшек-қарындардан алынған тамақтық ұн мен iрi тартылған ұнды қоса алғанда, өзгелерi 0210.91 -- маймылдардың 0210.92 - киттердiң, дельфиндердiң және теңiз шошқаларының (Cetacea отряды сүтқоректiлерiнiң); ламантиндер мен дюгендердiң (Sirenia отряды сүтқоректiлерiнiң)
І бөлім 2-топ 02.10
Тауар YЖ Кoды позициясы 0210.93 - рептильдер (жыландар мен тасбақаларды қоса алғанда) 0210.99 - өзгелері
I бөлiм 3-топ 03.01/02 1
3-топ Балық және шаянтектестер, ұлулар және басқа да су омыртқасыздары
Ескертулер: 1. - Аталған топқа: (а) 01.06 тауар позициясының сүтқоректiлерi; (б) 01.06 тауар позициясы сүтқоректiлерінiң етi (02.08 немесе 02.10 тауар позициясы); (в) өлген немесе өзiнiң табиғаты бойынша немесе өздерiнiң жай-күйiне байланысты тамаққа пайдалану үшiн жарамсыз (05 топ) балық (оның бауырын, уылдырығын және молокiн қоса алғанда) немесе шаянтектестер, ұлулар немесе өзге де су омыртқасыздары; тамаққа пайдалануға жарамсыз майда және iрi тартылған балық ұны немесе балықтан немесе шаянтектестерден, ұлулардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан алынған түйiршiктер (23.01 тауар позициясы); немесе (г) бекiре уылдырықтары немесе оның балық уылдырықтарынан дайындалған алмастырғыштары (16.04 тауар позициясы) енгiзілмейдi. 2. - Аталған топтағы "түйiршiктер" терминi тiкелей сығымдау жолымен, не аз мөлшерде байланыстырғыш зат қосу арқылы шоғырландырылған өнiмдердi бiлдiредi.
Тауар YЖ Кoды позициясы 03.01 Тiрi балық: 0301.10 - сәндiк балық - өзге де тiрi балық: 0301.91 -- патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss, Oncorhynchus clarki, Oncorhynchus aguabonita, Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache және Oncorhynchus chrusogaster) 0301.92 -- жыланбалық (Аnguilla spp.) 0301.93 -- тұқы балық 0301.99 -- өзгелерi 03.02 03.04 тауар позициясының балық сүбесi мен балықтың өзге де етiн қоспағанда, жас немесе тоңазытылған балық: - албырт балықтың, бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда:
I бөлiм 3-топ 03.02 2 /02
Тауар YЖ Кoды позициясы
0302.11 -- патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss, Oncorhynchus clarki, Oncorhynchus aguabonita, Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache және Oncorhynchus chrusogaster) 0302.12 -- Тынық мұхит албырт балығы (Oncorhynchus nerka, Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus keta, Oncorhynchus trchawytscha, Oncorhynchus kisutсh, Oncorhynchus masou және Oncorhynchus rhodurus), Атлант албырт балығы (Salmo salar) және Дунай албырт балығы (Нисhо hucho) 0302.19 -- өзгелерi - түйетабан тектестер (Pleuronectidae, Воthidае, Cynoglossidae, Soleidae, Sсорhthаlmidaе және Citharidae), бауырын, уылдырығын және мологын қoспағанда: 0302.21 -- сутіл (Reinhardtius hippoglossoides, Hippoglossus hippoglossus, Hippoglossus stenolepis) 0302.22 -- теңiз түйетабаны (Pleuronectes р1аtessa) 0302.23 -- теңiз тiлi (Solea spp.) 0302.29 -- өзгелерi - тунец (Тhunnus), скипджек немесе ала тунец (Еuthynnus (Katsuwonus) pelamis), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда: 0302.31 -- ұзын қауырсынды тунец немесе альбакор (Тhunnus alalunga) 0302.32 -- сары қауырсынды тунец (Тhunnus albacares) 0302.33 скипджек немесе ала тунец: 0302.34 -- үлкен көздi тунец (Тhunnus obesus) 0302735 -- көк немесе кәдiмгі тунец (Тhunnus thynnus) 0302736 -- оңтүстіктiң көк тунецi (Thunnus maccoyii) 0302.39 -- өзгелерi 0302.40 -- майшабақ (Сluреа harengus, Сluреа pallasii), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда 0302.50 - нәлiм (Gadus morhua, Gadus ogas, Gadus macrocephalus), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда - өзге де балықтар, бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда 0302.61 -- сардиндер (Sardina pilchardus, Sardinors spp.), сардинелла (Sardinella spp.), килькалар немесе шпроттар (Sprattus sprattus) 0302.62 -- пикша (Melanogrammus aeglefinus)
I бөлiм 3-топ 03.02 2 03 1
Тауар YЖ Кoды позициясы 0302.63 -- сайда (Pollachius virens) 0302.64 -- скумбрия (Scomber scombrus, Scomber australasicus, Scomber japonicus) 0302.65 -- акулалар 0302.66 -- жыланбалық (Anguilla spp.) 0302.69 -- өзгелерi 0302.70 - бауыр, уылдырық және молоктар 03.03 03.04 тауар позициясының балық сүбесi мен балық етiн қоспағанда, жас немесе мұздатылған балық: - тынық мұхит албырт балығы (Oncorhynchus nerka Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus keta, Oncorhynchus tschawytscha, Oncorhynchus kisutch, Oncorhynchus masou және Oncorhynchus rhodurus), бауыр, уылдырық және молоктарды қoспағанда 0303.11 -- қызыл немесе нерка (Oncorhynchus nerka) 0303.19 -- өзгелерi - өзге де албырт балықтар, бауыр, уылдырық және молоктарды қоспағанда: 0303.21 -- патшабалық (Salmo trutta, Oncorhynchus mykiss, Oncorhynchus clarki, Oncorhynchus aguabonita, Oncorhynchus gilae, Oncorhynchus apache және Oncorhynchus chrusogaster) 0303.22 -- Атлант албырт балығы (Salmo salar) және Дунай албырт балығы (Hucho hисhо) 0303.29 -- өзгелерi - түйетабан тектестер (Pleuronectidae, Воthidае, Cynoglossidae, Soleidae, Scophthalmidae және Citharidae), бауырын, уылдырығын және мoлoгын қоспағанда: 0303.31 -- сутiл (Reinhardtius hippoglossoides, Hippoglossus hippoglossus, Hippoglossus stenolepis) 0303.32 -- теңiз түйетабаны (Pleuronectes platessa) 0303.33 -- теңiз тiлi (Solea spp.) 0303.39 -- өзгелерi - тунец (Тhunnus), скипджек немесе ала тунец (Еuthynnus (Katsuwonus) pelamis), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда: 0303.41 -- ұзын қауырсынды тунец немесе альбакор (Thunnus alalunga) 0303.42 -- сары қауырсынды тунец (Thunnus albacares) 0303.43 скипджек немесе ала тунец 0303.44 -- үлкен көздi тунец (Тhunnus obesus) 0303 45 -- көк немесе кәдiмгі тунец (Тhunnus thynnus) 0303.46 -- оңтүстіктiң көк тунецi (Thunnus maccoyii)
I бөлiм 3-топ 03.03 2 /05 2
Тауар YЖ Кoды позициясы 0303.49 -- өзгелерi 0303.50 -- майшабақ (Clupea harengus, Clupea pallasii), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда 0303.60 - нәлiм (Gadus тотhиа, Gadus ogas Gadus macrocephalus), бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда - өзге де балықтар, бауырын, уылдырығын және мологын қоспағанда 0303.71 -- сардиндер (Sardina pilchardus, Sardinors spp.), сардинелла (Sardinella spp.), килькалар немесе шпроттар (Sprattus sprattus) 0303.72 -- пикша (Melanogrammus aeglefinus) 0303.73 -- сайда (Роllachius virens) 0303.74 -- скумбрия (Scomber scombrus, Scomber australasicus, Scomber japonicus) 0303.75 -- акулалар 0303.76 -- жыланбалық (Anguilla spp.) 0303.77 -- лаврак (Dicentrarchus labrax, Dicentrarchus punctatus) 0303.78 -- мерлуза (Меrluccius spp.) және америка нәлiмi (Urophycis sрр.) 0303.79 -- өзгелерi 0303.80 - бауыр, уылдырық және молоктар 03.04 Балықтың сүбесi және балықтың өзге де етi (фаршты қоса алғанда), жас, тоңазытылған немесе мұздатылған: 0304.10 - жас немесе тоңазытылған 0304.20 - мұздатылған сүбе 0304.90 - өзгелерi 03.05 Кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы балық; ыстық немесе суықтай қақталған балық; тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе ipi тартылған балық ұны және түйiршiктерi: 0305.10 - тамаққа пайдалануға жарамды ұсақ немесе iрi тартылған балық ұны және түйiршiктерi 0305.20 - балықтың кептiрiлген, қақталған, тұздалған немесе тұздықтағы бауыры, уылдырығы және мологы 0305.30 - балық сүбесi, кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы, бiрақ қақталмаған - сүбенi қоса алғанда, қақталған балық:
I бөлiм 3-топ 03.05 2 /06
Тауар YЖ Кoды позициясы 0305.41 -- Тынық мұхит албырт балығы (Oncorhynchus nerka, Oncorhynchus gorbuscha, Oncorhynchus ketа, Oncorhynchus tschawytscha, Oncorhynchus kisutch, Oncorhynchus masou және Oncorhynchus rhodurus), Атлант албырт балығы (Salmo salar) және Дунай албырт балығы (Нисhо hисhо) 0305.42 -- мaйшабақ (Clupea harengus, Clupea pallasii) 0305.49 -- өзгелерi - кептiрiлген, тұздалған немесе тұздалмаған, бiрақ қақталмаған балық 0305.51 -- треска (Gadus morhua, Gadus ogas Gadus macrocephalus) 0305.59 -- өзгелерi - тұздалған, бiрақ кептiрiлмеген және қақталмаған балық, тұздықтағы балық: 0305.61 -- майшабақ (Clupea harengus, Clupea pallasii) 0305.62 -- треска (Gadus morhua Gadus ogas Gadus macrocephalus) 0305.63 анчоустар (Engraulis spp.) 0305.69 -- өзгелерi 03.06 Шаянтектестер, сауыттағы немесе сауытсыз, тiрi, жас, тоңазытылған, мұздатылған, кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы; сауыттағы шаянтектестер, буға немесе ыстық суға пiсiрiлген, тоңазытылған немесе тоңазытылмаған, мұздатылған, кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы; шаянтектестерден алынатын тамаққа пайдалану үшiн жарамды майда және iрi тартылған ұн және түйiршіктер: - мұздатылған: 0306.11 -- еуропалық қысқышсыз шаян және өзге де қысқышсыз шаяндар (Раlinurus spp., Раlinurus spp., Jasus spp.) 0306.12 -- омарлар (Homarus spp.) 0306.13 -- ас шаяндар және тiстi ас шаяндар 0306.14 -- теңiз шаяндары 0306.19 -- шаянтектестерден алынатын тамаққа пайдалану үшiн жарамды майда және iрi тартылған ұнды және түйiршiктердi қоса алғанда, өзгелерi - мұздатылмаған 0306.21 -- еуропалық қысқышсыз шаян және өзге де қысқышсыз шаяндар (Palinurus spp., Panilirus spp., Jasus spp.) 0306.22 -- омарлар (Homarus spp.) 0306.23 -- ас шаяндар және тiстi ас шаяндар
I бөлiм 3-топ 03.06/07 2
Тауар YЖ Кoды позициясы 0306.24 -- теңiз шаяндары 0306.29 -- шаянтектестерден алынатын тамаққа пайдалану үшiн жарамды майда және iрi тартылған ұнды және түйiршiктердi қоса алғанда, өзгелерi 03.07 Ұлулар, бақалшықты немесе бақалшықсыз, тiрi, жас, тоңазытылған, мұздатылған, кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы; шаянтектестер мен ұлулардан ерекшеленетiн өзге де су омыртқасыздары, тipi, жас, тоңазытылған, мұздатылған, кептiрiлген, тұздалған немесе тұздықтағы; өзге де су омыртқасыздарынан алынатын тамаққа пайдалану үшiн жарамды майда және ірi тартылған ұн және түйiршiктер: 0307.10 - устрицалар - Pecten Chlamus немесе Рlасоресten тектерiнiң корольдiк айдаршықтарын қоса алғанда, айдаршықтар: 0307.21 -- тiрi, жас немесе тоңазытылған 0307.29 -- өзгелерi - мидилер (Mytilus spp., Perna spp.): 0307.31 -- тiрi, жас немесе тоңазытылған 0307.39 -- өзгелерi - каракатицалар (Sepia officindalis Rossia macrosoma, Sepiola spp.) және кальмарлар (Ommastrephes spp., Loligo sрр., Nototodarus sрр., Sepioleuthis spp.): 0307.41 -- тiрi, жас немесе тоңазытылған 0307.49 -- өзгелерi - сегiзаяқтар (Oсtорus spp.): 0307.51 -- тiрi, жас немесе тоңазытылған 0307.59 -- өзгелерi 0307.60 - ұлулар, липаристен басқа - өзге де су омыртқасыздарынан алынатын тамаққа пайдалану үшiн жарамды майда және iрi тартылған ұнды және түйiршiктердi қоса алғанда, өзгелерi: 0307.91 -- тiрi, жас немесе тоңазытылған 0307.99 -- өзгелерi
I бөлiм 4-топ 04.01
4-топ Басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген сүт өнімдерi; құстардың жұмыртқалары; табиғи бал; жануарлардан алынатын тамақ өнiмдерi
Ескертулер: 1. - "Сүт" терминi қаймағы алынбаған сүтті, сондай-ақ қаймағы iшiнара немесе толық алынған сүтті бiлдiредi. 2. - 04.05 тауар позициясында: (а) құрамында 80 мас.% немесе одан да көп, бiрақ 95 мас.% көп емес және құрамында сүт майы бар ең көп 2 мас.% құрғақ (майсыздандырылған) сүт қалдығы және ең көп 16 мас.% су бар сүттен ғана дайындалған табиғи кiлегейлi майды, сарысулы майды немесе рекомбинацияланған майды (консервленген майды қоса алғанда, жас, тұздалған немесе ашыған) бiлдiредi. Кiлегейлi майдың құрамында қосымша эмульгаторлар болмайды, бiрақ натрий хлоридi, тамақтық бояғыштар, бейтараптандырғыш тұздар мен сүт қышқылын түзетiн зиянсыз бактериялардың дақылдары болуы мүмкiн; (б) "сүт пасталары" терминi өнiмде 39 мас.% немесе одан да көп, бiрақ 80 мac.% мөлшерiндегi жалғыз тоң май ретiнде сүт майы бар майдағы су түрiнде жағылуға қабiлеттi эмульсияны бiлдiредi. 3. - Сүт сарысуын концентрациялау кезiнде және сүттi немесе сүт тоң майын қоса отырып алынған өнiмдер, олардың мынадай үш сипаттамаға ие болуы шартымен 04.06 тауар позициясына ірімшік ретiнде енгiзiледi: (а) құрғақ затқа қайта есептегенде, құрамында 5 мас.% немесе одан да көп сүт майының болуы; (б) құрамында 70 мас.% кем емес, бiрақ 85 мас.% аспайтын құрғақ заттың болуы; және (в) олардың қалыптасуы немесе қалыптасуының мүмкiн болуы. 4. - Аталған топқа: (а) құрғақ затқа қайта есептегенде құрамында сусыз лактоза ретiнде бiлiнетiн 95 мас.% астам лактоза бар сүт сарысуынан алынған өнiмдер (17.02 тауар позициясы); немесе (б) альбуминдер (құрғақ затқа қайта есептегенде құрамында 80 мас.% астам сарысу белогы бар екi немесе одан да көп сарысу белоктарының концентраттарын (35.02 тауар позициясы) қоса алғанда) немесе глобулиндер (35.04 тауар позициясы).
Субпозицияларға ескертулер: 1. - 0404.10 субпозициясында "түрi өзгерген сүт сарысуы" терминi сарысудың құрамбас бөліктерінен тұратын өнiмдердi, яғни лактоза, протеиндер немесе минералды заттар толық немесе iшiнара аластатылған сарысуды, оған сарысудың табиғи компоненттерi мен сарысудың табиғи құрамбас бөліктерінін араластыру жолымен алынған өнiмдердi бiлдiредi. 2. - 0405.10 субпозициясында "кiлегейлi май" терминi сусызданған майды немесе қорытылған майды (0405.90 субпозиция) бiлдiрмейдi.
I бөлiм 4-топ 04.01/05
Тауар YЖ Кoды позициясы 04.01 Қоюлатылмаған және қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттар қосылмаған сүт және кiлегей: 0401.10 - құрамында 1 мac.% аспайтын майы бар 0401.20 - құрамында 1 мac.% астам, бiрақ 6 мас.% аспайтын майы бар 0401.30 - құрамында 6 мас.% астам майы бар 04.02 Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттар қосылған сүт және кiлегей: 0402.10 - құрамында 1,5 мас.% аспайтын майы бар ұнтақ, түйiршiктi немесе басқа да қатты түрлердегi - құрамында 1,5 мас.% астам майы бар ұнтақ, түйiршiктi немесе басқа да қатты түрлердегi 0402.21 -- қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттар қосылмаған 0402.29 -- өзгелерi - өзгелерi: 0402.91 -- қант немесе басқа да тәттiлейтiн заттар қосылмаған 0402.99 -- өзгелерi 04.03 Майсу, ұйыған сүт және кiлегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кiлегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттiлеушi заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмдiк-хош иiстi қоспалармен немесе оларсыз, жемiстер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған: 0403.10 - йогурт 0403.90 - өзгелерi 04.04 Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттiлеушi заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы; басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген, қант немесе басқа да тәттiлеушi заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи құрамдас бөліктерінен алынған өнiмдер: 0404.10 - қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттiлеушi заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы және түрi өзгертiлген сүт сарысуы 0404.90 - өзгелерi 04.05 Кiлегейлi май және сүттен дайындалатын өзге де тоң майлар мен майлар; сүт пасталары: 0405.10 - кiлегейлi май 0405.20 - сүт пасталары
I бөлiм 4-топ 04.05/10
Тауар YЖ Кoды позициясы 0405.90 - өзгелерi 04.06 Ірімшіктер және ақ iрiмшiк: 0406.10 - сарысулық-альбуминдiк ірімшіктер және ақ iрiмшiктi қоса алғанда, жас ірімшіктер (толық пiспеген немесе бабына келтiрiлмеген) 0406.20 - ұсақталған ірімшектер немесе барлық сорттағы ұнтақты ірімшіктер 0406.30 - ұсақталмаған және ұнтақталмаған балқытылған ірімшіктер 0406.40 - көгiлдiр ірімшіктер 0406.90 - өзге де ірімшіктер 04.07 0407.00 Құстардың жас, консервленген немесе пiсiрiлген қабықты жұмыртқалары 04.08 Құстардың қабықсыз жұмыртқалары мен сары уыздары, жас, кептiрiлген, буға немесе ыстық суға пiсiрiлген, пiшiнделген, мұздатылған немесе қант немесе басқа да тәттілеушi заттар қосыла отырып немесе қосылмастан басқа да тәсiлмен консервленген: - жұмыртқа сары уыздары: 0408.11 -- кептiрiлген 0408.19 -- өзгелерi -- өзгелерi: 0408.91 -- кептiрiлген 0408.99 -- өзгелерi 04.09 0409.00 Табиғи бал 04.10 0410.00 Басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген малдан алынатын тамақ өнiмдерi
I бөлiм 5-топ 05.01/04
5-топ Жануарлардан алынатын басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген өнiмдер
Ескертулер: 1. - Аталған топқа: (а) тамақ өнiмдерi (жануарлардың бүтін және бөлшектелген iшектерiнен, көпiршiктерiнен және асқазандарынан, сондай-ақ жануарлардың сұйық немесе құрғақ қандарынан басқа); (б) 05.05 тауар позициясындағы тауарлардан, сондай-ақ 05.11. тауар позициясындағы өңделмеген терiлердiң кесiндiлерi мен ұқсас қалдықтарынан басқа, терiлер немесе былғары (үлбiрдi қоса алғанда) (41 немесе 43-топ); (в) жылқының жалы мен оның қалдықтарынан басқа, жануарлардан алынатын тоқыма материалдары (ХI-бөлім); немесе (г) сыпырғыштар немесе щетка бұйымдарын дайындау үшiн әзiрленген байламдар немесе түйiндер (96.03 тауар позициясы). 2. - 05.01 тауар позициясындағы ұзындығы бойынша жіктелген шаш өңделмеген болып саналады (шаштың түбi мен оның шектерi тиiстi тәртiппен орналаспауы шартымен). 3. - Бүкіл Номенклатура бойынша "пiл сүйегi" терминi пiлдiң, бегемоттың, морждың, сытқының және қабанның мүйiздерiн немесе азуларын, мүйiзтұмсықтың мүйiздерiн және барлық жануарлардың тiстерiн бiлдiредi. 4. - Бүкіл Номенклатура бойынша "жылқының жалы" терминi жылқының немесе мүйiзді iрi қараның, жалының немесе құйрығының қылдарын бiлдiредi.
Тауар ҮЖ коды позициясы 05.01 0501.00 Өңделмеген, жуылған немесе жуылмаған, тазаланған немесе тазаланбаған адам шашы; оның қалдықтары 05.02. Шошқаның немесе қабанның қылтандары; щетке бұйымдарын өндiру үшiн пайдаланылатын борсықтың немесе өзге де қылдары; олардың қалдықтары 0502.10 - шошқаның немесе қабанның қылтанақтары және осы қылтанақтардың қалдықтары 0502.90 - өзгелерi 05.03 0503.00 Жылқының жалы және оның қалдықтары, оның ішiнде қолтықтағы кесіндi түрiндегiсi немесе онысыз.
I бөлiм 5-топ 05.04/10
Тауар ҮЖ коды позициясы 05.04 0504.00 Жануарлардың (балықтардан басқа) бүтiн немесе бөлшектелген, жас, тоңазытылған, мұздатылған, тұздалған, тұздықтағы, кептiрiлген немесе қапталған iшектерi, көпiршiктерi және асқазандары. 05.05 Қауырсындармен немесе түбіттерiмен бiрге құстардың терiлерi мен өзге де бөлiктерi, тазаланған, дезинфекцияланған немесе сақтау үшiн өңделген, бiрақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған қауырсындар мен қауырсындардың бөлiктері (шеттері кесiлген немесе кесiлмеген) және түбiттерi; қауырсындар мен олардың бөлiктерiнiң ұнтағы және қалдықтары: 0505.10 - толтыру үшiн пайдаланылатын құс қауырсыны; түбiт 0505.90 - өзгелерi 05.06 Өңделмеген, залалсыздандырылған, бастапқы өңдеуге ұшыраған (пішiн берiлместен), қышқылмен өңделген немесе желатинделген сүйектер және мүйiздiң өзектерi: 0506.10 - қышқылмен өңделген оссеин мен сүйектер 0506.90 - өзгелерi 05.07 Өңделмеген немece бiрiншi өңдеуге ұшыраған (пiшін, берместен) пiл сүйегi, тасбақалардың сауыттары, киттердiң немесе басқа да теңiз сүт қоректілерінің мұрттары, мүйіздер, бұғы мүйiздерi, тұяқтар, тырнақтар, аяқ тырнақтары мен тұмсықтары; осы өнiмдердiң ұнтақтары мен қалдықтары: 0507.10 - пiл сүйегi; ұнтақ және қалдықтар 0507.90 - өзгелерi 05.08 0508.00 Өңделмеген немесе алғашқы өңдеуге ұшыраған маржандар мен ұқсас материалдар; ұлулардың, шаян тәрiздестердің немесе тiкентерiлiлердiң бақалшықтары мен сауыттары, өңделмеген немесе пiшiнiн берместен алғашқы өңдеуге ұшыраған каракатицалардың қаңқалық пластиналары, осы өнiмдердiң ұнтағы мен қалдықтары. 05.09 0509.00 Жануарлардан алынатын табиғи кемiктер
I бөлiм 5-топ 05.10/11
Тауар ҮЖ коды позициясы 05.10 0510.00 Фармацевтикалық өнiмдер өндiрiсiнде пайдаланылатын жас, мұздатылған, тоңазытылған немесе қысқа мерзiмде сақталатын өзге де тәсiлмен өңделген бездер және өзге де жануарлардан салынатын өнiмдер. 05.11 Басқа жерде аталмаған немесе енгiзiлмеген жануарлардан алынатын өнімдер; тамаққа пайдалану үшiн жарамсыз 1 немесе 3 топтағы өлген жануарлар: 0511.10 - бұқаның шәуетi - өзгелерi 0511.91 -- балықтың және шаян тектестердiң, ұлулар және басқа да су омыртқасыздардың өнiмдерi; 3-топтың өлген жануарлары 0511.99 -- өзгелерi
II бөлiм 6-топ 06.01
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 525 Заңы
Қазақстан Республикасы 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестiрiлген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға және Брюссельде 1986 жылғы 24 маусымда жасалған Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесi туралы халықаралық конвенцияға түзетулер енгiзу туралы хаттамаға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы