Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Азаматтық талап арыз кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралы

 

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері

 жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 

​Шымкент қалаласы, 160011, Түркістан көшесі, 87.

+7 (7252) 99‒75‒40, +7‒747‒573‒75‒49

 

Азаматтық талапкер: Т  А  А

ЖСНН  

+7 701 

Шымкент қаласы, мкр А . 22 үй,  ... пәтер.

Сенімді өкіл: адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

050002, Алматы қаласы, Медеу  ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz

+7 708 578 57 58 / 8 727 971 78 58.

 

Азаматтық жауапкер: М  Е  Ш

ЖСН      

Шымкент қаласы, 160005, А й ауданы, мкр. Ы  көш. Б ,  23.         

+7 705 ............

 

Үшінші тарап: Біләлов Бауыржан Мелдеханұлы

Шымкент қаласы жеке сот орындаушысы

Шымкент қаласы / Аль-Фарабий ауданы, Желтоксан көшесі 16.   kchsi_bilalov@mail.ru

+7 747 527 1275, +7 702 977 7571.

 

 

 

Азаматтық талап арыз

                                тұрақты ақшалай соммада алимент өндіру туралы

 

 «15» тамыз 2009 жылы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 2-бабы, 2-тармағы, 1), 2) тармақшаларына сәйкес ерлі-зайыптылар одағының еріктілігі және отбасындағы ерлі-зайыптылардың құқықтарының теңдігі қағидаттары негізінде азаматша Т  А  А  (бұдан әрі – Азаматтық талапкер) азамат М  Е  Ш  (бұдан әрі – Азаматтық жауапкер)мен некені тіркеген, және осы некеден кәмелетке толмаған балалар дүниеге келген:

• Ш. Ж. Е.., туған күні 21.08.2009 ж.;

• Ш.. Қ. Е.., туған күні 15.11.2011 ж.;

• Ш. М. Е., туған күні 25.11.2016 ж.

Азамат М.Е. Ш. – кәмелетке толмаған балалардың әкесі, бұл жоғарыда көрсетілген кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 46, 47, 50-баптарына сәйкес М. Е. Ш. өзінің әкелік құқығын мойындаған, және Кодекстің 30-бабында көзделген «Отбасындағы ерлі-зайыптылардың теңдігі» бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылар өз отбасындағы қарым-қатынастарын өзара құрмет пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының амандығы мен нығаюына жәрдемдесуге, балалардың денсаулығы, дамуы және әл-ауқаты жөнінде қамқорлық жасауға міндетті, алайда бұл міндеттер Жауапкер тарапынан ұзақ уақыт бойы қасақана еленбей келеді.

Аталған алимент өндіру бойынша сот бұйрығы негізінде Шымкент қаласы жеке сот орындаушысы Біләлов Бауыржан Мелдеханұлы атқарушылық ісін қозғап мәжбүрлі түрде алимент өндіруде.

Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде 2019 жылдан бастап алименттер Жауапкердің ресми еңбекақысынан ұсталып келеді. Осы жылдар бойы оның табысы құжаттарда ең төменгі жалақы мөлшеріне толық сәйкес болған — алдымен 44 000, кейін 60 000, 70 000, 85 000 теңге. Еңбек нарығы өзгеріп отырған жағдайда және Жауапкер іс жүзінде атқаратын лауазымның жауапкершілік деңгейін ескере отырып, табыстың мұндай «тұрақтылығы» тек жұмыс берушінің ресми төлемдерді қасақана төмендетуімен және нақты табысты жасыруымен ғана түсіндірілуі мүмкін.  

Нәтижесінде Талапкердің балалары өте мардымсыз алимент алып келді: әр балаға ай сайын бар болғаны 14 000 теңгеден, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейін де жаппайды және баланың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды, бұл баланы лайықты қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Сонымен қатар, Талапкерге Жауапкердің іс жүзінде Жауапкер өзінің нақты жалақысы шамамен 1 000 000 теңге, бұл ресми мәліметтермен мүлде сәйкес келмейді.  

Осылайша, Жауапкер өзінің нақты табыстарын қасақана жасырып, өзі жоғары деңгейде өмір сүріп жатқанда, ал баласы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған алименттің символикалық мөлшерін ғана алуда. Мұндай әрекет Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 66, 67 және 138-баптарын, баланы қамтамасыз етуге ата-аналардың тең қатысуы қағидатын бұзады және баланы көрінеу теңсіз жағдайға қояды, бұл заңға да, адамгершілікке де қайшы.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 141-бабы алиментті үлеспен өндіріп алу баланың мүдделерін қамтамасыз етпеген, қиындық туғызған немесе нақты тиімділігін жоғалтқан жағдайларда алиментті тұрақты ақшалай сома ретінде белгілеу мүмкіндігін тікелей көздейді.

Жауапкердің жасанды түрде төмендетілген табысының 1/2 бөлігін ұстау алименттік міндеттемелердің мәнін жояды және баланың құқықтарын өрескел бұзады, бұл Бала құқықтары туралы конвенцияның 27-бабында да бекітілген.

Жоғарыда келтірілгеннің негізінде, Талапкер алиментті Жауапкердің нақты табыс деңгейіне сәйкес тұрақты ақшалай сома ретінде белгілеу — әділ, заңды және қажетті шара деп санайды.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 616-бабы 4-тармағына сәйкес, соттарда алимент өндіру туралы талаптар бойынша талапкерлер мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Осыған байланысты Талапкер мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

Осыны негізге ала отырып және Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 141-баптарын басшылыққа ала отырып,

 

СОТТАН СҰРАЙМЫН:

·        Жауапкер М  Е  Ш  Талапкер Т  А  А  пайдасына ай сайын 100 АЕК мөлшерінде тұрақты ақшалай сома түрінде алимент өндіруді.

 

 

Азаматтық талапкер,                                                           А.А  Т  

 

сенімді өкілі адвокат,                                                          Г.Т Саржанов

  

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу