Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Әкімшілік талап қоюды қайтару

Әкімшілік талап қоюды қайтару

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Әкімшілік талап қоюды қайтару

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінде әкімшілік талап қоюды қайтару үшін 17 негіз көзделген.

Қаралып отырған санаттағы істер көбіне мынадай негіздер бойынша қайтарылады:

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 6) тармақшасы - талап қоюшы берілген талап қоюды кері қайтарып алды;

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігі 9) тармақшасы - тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты және оны сот бекітеді;

ӘРПК-нің 138-бабының  екніші бөлігі 11) тармақшасы - іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды;

ӘРПК-нің 138-бабының  екінші бөлігі 17) тармақшасы - іс осы соттың қарауына жатпайды.

Сондай-ақ талап қоюды қайтару негіздемесі ӘРПК-нің 136-бабының сегізінші бөлігінде көзделген, оған сәйкес талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы  талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.

Талданып отырған санат бойынша талап қоюларды қайтару туралы мәселені шешу соттарға  қиындық тудырмайды.

Бұл ретте, соттың белсенді рөлі қағидатын іске асыру бітімгершілік жолмен шешілген істер санын едәуір арттыруға мүмкіндік берді (келісім жасасу не талап қоюды кері қайтарып алу).

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот актілерін орындау

 

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 9-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес соттардың талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы ұйғарымдары атқарушылық құжаттар болып табылады.

АПК-нің 156-бабының үшінші бөлігіне сәйкес талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талап қоюшы мәлімдеген талапқа мөлшерлес болуға және жария мүдделер мен үшінші тұлғалардың мүдделерін бұзбауға тиіс.

Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 63-бабының 4-тармағында талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау кезінде сот орындаушысы талап қою талаптарына байланысты мәлімделген талапқа сәйкес барлық мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуды көздейді.

Сот орындаушыларының әдеттегі қателігі және соның салдарынан осы санат бойынша талап қоюлардың негізі қамтамасыз ету шараларын қабылдау бойынша соттардың ұйғарымдарын орындау кезіндегі мөлшерлестіктің бұзылуы болып табылады.

Іс жүзінде сот орындаушыларына талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымы келіп түскен кезде тыйым барлық анықталған мүлікке, банк шоттарындағы ақшалай қаражатқа салынады.

Егер бұл әрекеттер сот актісінің орындалуын қамтамасыз етсе, олар заңды болып табылады.

Мысалы, АҚ сотқа М.-ге, ЖШС-на, М.-ге 48 646 369 теңге сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінді. Талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот жауапкерлердің мүлкіне талап қою сомасы шегінде тыйым салу туралы ұйғарым қабылдады. Жауапкерлердің банктік шоттарында ақша қаражатының болмауына байланысты сот орындаушысы жауапкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салды. Соттар ЖСО-ның бұл әрекеттерін заңды және қабылданған қамтамасыз ету шараларына мөлшерлес деп санады (6001-22-00-6aп/133).

Тиісінше атқарушылық құжаттардың осы түрін орындау кезінде сот орындаушысы сот ұйғарымын орындау үшін жеткілікті банктік шоттардағы ақшалай сомалардың бар-жоғын тексеріп, анықтауы керек.

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымын орындау кезінде инкассалық өкімдер қоюға жол берілмейді.

Сот орындаушыларына көрсетілген даулар санатын қарау кезінде борышкерлер талап қою талаптарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті нарықтық құнын көрсете отырып, мүліктің тізбесін ұсынады.

Алайда ЖСО бағалау туралы ұсынылған есептер қабылданбайды, өйткені мүлікті сату туралы мәселе қаралмайды, ЖСО соттың тыйым салу туралы талабын ғана орындайды.

Сондай-ақ сот орындаушылары аталған санаттағы істерді қарау кезінде қандай да бір әрекеттер жасаудың мүмкін еместігін көрсетеді, өйткені талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылды.

Бұл ретте, сот орындаушысы қабылдаған қамауға алу түріндегі қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы қаулы шығаруға заңнамалық тыйым жоқ.

ЖСО банктік шотында (сот ұйғарымында көрсетілген талап қоюды қамтамасыз ету сомасы) ақша қаражатының жеткіліктілігі туралы мәліметтерді ұсынған кезде мүліктен (жылжымалы және жылжымайтын) не қамтамасыз ету сомасынан асатын құны бойынша өзге де банктік шоттардан тыйым салуды алып тастау туралы қаулы шығаруы тиіс.

Атқарушылық іс жүргізу қағидаттарының бірі өндіріп алушының талаптары мен мәжбүрлеп орындау шаралары көлемінің арақатынасы қағидаты болып табылады.

Соттардың талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымдарын орындау кезінде сот орындаушылары сот актісінде тыйым салынған мүлік құнының көрсетілген сомасының мөлшерлестігін тексеруге міндетті.

Ақша қаражаты болмаған жағдайда сот орындаушысы құны сот ұйғарымының орындалуын толық көлемде қамтамасыз ететін мүлікті айқындауға тиіс.

Құны талап қоюды қамтамасыз ету шегінен едәуір асатын мүлікке тыйым салулардың болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады.

Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы сот актілерін орындау тәртібі, сонымен қатар сот орындаушысының іс-қимыл алгоритмін көрсете отырып, «соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» ЖС НҚ-да түсіндіруді талап етеді.

 

Сот практикасын талдау сот орындаушыларының 2021 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты әкімшілік істерді қарау нәтижелері

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Құжатты жүктеп алу

  • ^J()~1
    51 рет жүктеп алынды

Талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы сот актілерін орындау

Талап қоюды қамтамасыз ету немесе талап қоюды қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы сот актілерін орындауАтқарушылық іс жүргізу туралы заңның 9-бабының 4-1) тармақшасына...

Толық оқу »

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3...

Толық оқу »

Соттың талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымына апелляциялық алқаға жеке шағым

Соттың талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымына апелляциялық алқаға жеке шағымАзаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқажәне Алматы қалалық сотының әкімшілік істерінеАлма...

Толық оқу »

157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

157-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қою...

Толық оқу »

Сот орындаушыларымен талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот актілерін орындау

Сот орындаушыларымен талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот актілерін орындау Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 9-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес соттар дың талап қоюды қам...

Толық оқу »

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтініш өтініш қамтамасыз ету шараларында барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтініш өтініш қамтамасыз ету шараларында барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салуНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы С...

Толық оқу »

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Сот: 1) мүлік туралы мәліметтер болмаған кезде "Атқару...

Толық оқу »

496-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

496-бап. Қазақстан Республикасы сотының шет мемлекет қатысатын даулар бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы және сот актiсiн мәжбүрлеп орындату туралы мәселелердi шешуi Қа...

Толық оқу »

157-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау

157-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды,...

Толық оқу »

158-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қоюын қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

158-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің талап қоюын қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғ...

Толық оқу »

496-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шет мемлекеттің қатысуымен даулар бойынша сот актісін мәжбүрлеп орындау туралы мәселелерді шешуі

496-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы сотының талап қоюды қамтамасыз ету туралы және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі шет мемлекеттің қатысуым...

Толық оқу »

Барлық мүлікке, есеп айырысу шоттарындағы ақшаға, талап қою шегінде тыйым салу туралы талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтініш

Барлық мүлікке, есеп айырысу шоттарындағы ақшаға, талап қою шегінде тыйым салу туралы талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық эко...

Толық оқу »

Азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы бас тарту бойынша соттың ұйғарымына жеке шағым

Азаматтық іс бойынша талап қоюды қамтамасыз ету туралы бас тарту бойынша соттың ұйғарымына жеке шағымАлматы қалалық азаматтық істер жөніндегі сот алқасыАлматы қ., 050000, Қазы...

Толық оқу »