Көтерме сату дүкені басшысының лауазымдық нұсқаулығы
Жеке кәсіпкер «У.»
Құжат түрі ЛАУАЗЫМДЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Құжат атауы Көтерме саудада сату (өткізу) дүкенінің басшысы
г. Алматы 20___ жыл
№ 1 Қосымша
№ _______ Еңбек шартына
«____»_________ 20___ ж.
Лауазымдыұ нұсқаулық
№___________
көтерме саудада сату (өткізу) дүкенінің басшысына
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
ұйымның өнімін өткізуді ұтымды ұйымдастыруды, оны тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде және көлемде тұтынушыларға жеткізуді жүзеге асырады;
өнім өндіру мен сатудың болжамдарын, перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын дайындауға, ұйымның өніміне сұранысты, өткізу нарығының даму перспективаларын зерделеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізуге қатысуын қамтамасыз етеді;
өнімді тұтынушыларға жеткізу шарттарын дайындауды және жасауды, жеткізу талаптарын келісуді ұйымдастырады;
өндірістік бөлімшелердің дайын өнімді тапсырыстарға және жасалған шарттарға сәйкес мерзімдерде, номенклатура бойынша, жиынтықпен және сапада тапсыруды қамтамасыз ету мақсатында жеткізу жоспарларын жасау және оларды өндіріс жоспарларымен байланыстыру жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды;
өнімді сату жоспарының орындалуы, жеткізуге арналған тапсырмаларды, ерекшеліктерді және өзге құжаттарды уақтылы алу жөнінде шаралар қабылдайды;
ұйым бөлімшелерінің тапсырыстарды, шарттық міндеттемелерді орындауын, қоймалардағы дайын өнім қорларының жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді;
өндірістік бөлімшелерден дайын өнімдерді қоймаларға қабылдауды, ұтымды сақтауды және тұтынушыларға жіберуге дайындауды, дайын өнімді тиеп жіберуге арналған көлік құралдарына, механикаландырылған тиеу құралдарына, ыдыстарға және жұмыс күшіне қажеттілікті айқындауды ұйымдастырады;
дайын өнімді сақтауды, өткізуді және тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі стандарттарды әзірлеуді және ендіруді, сондай-ақ өткізу желісін, тұтынушыларға өнімді жеткізу нысандарын жетілдіру, көлік шығындарын қысқарту, дайын өнімнің нормадан тыс қалдығын төмендету және өткізу операцияларын жеделдету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
көрмелерді, жәрмеңкелерді, сату көрмелерін ұйымдастыруға және өнімді жарнамалау жөніндегі өзге де іс-шараларға қатысады;
ұйым шығаратын өнімнің көтерме саудасын ұйымдастырады;
сатылған өнім үшін қаражаттың уақтылы түсуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
ұйымға тұтынушылардан келіп түскен шағымдарды қарауға және ұсынылған шағым-талаптарға жауаптар, сондай-ақ тұтынушылар шарттардың талаптарын бұзған кезде оларға талаптарды дайындауға қатысады;
тапсырыстар мен шарттардың орындалуын, сатылмаған дайын өнімді тиеп жіберу және қалдығын есепке алуды, өткізу құжаттамасының уақтылы ресімделуін, өткізу (жеткізу) жөніндегі, өткізу жоспарының орындалуы туралы көзделген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді;
дайын өнім қоймаларының қызметін үйлестіреді, бөлімнің жұмыскерлеріне басшылық жасайды.
тұтынушыларды жарнамаланатын тауарлар немесе қызметтер сапасының артықшылығы және ерекше сипаттамалары туралы хабардар ете отырып, сатылатын тауардың немесе көрсетілетін қызметтерді оларды өткізу нарығында өткізу мақсатында жарнамалау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
жарнамалық науқандарды өткізу бойынша жұмыстарды басқаруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
тауардың (қызметтің) бір түрі немесе тобы бойынша жарнамалық шаралардың жоспарын даярлайды және оларды өткізу шығындарын айқындайды;
ұйымның алдағы ұйымдық дамуының, инновациялық және инвестициялық қызметінің перспективалық бағыттарына негізделген жарнамалық стратегияны қалыптастыруға қатысады;
жарнаманың бұқаралық ақпарат құралдарындағы нысандары мен тәсілдерін, олардың мәтіндік, түс және музыкалық ресімделуін таңдауды жүзеге асырады;
жарнаманың нақты орнын (газеттер, журналдар, жарнама роликтері және өзгелер) және олардың оңтайлы үйлесуін айқындайды;
жарнаманы орналастырудың оңтайлы уақыты мен орнын, жарнамалық науқандарды өткізу ауқымы мен мерзімдерін, жарнаманы мамандығы, жасы, сатып алу мүмкіндіктері, жынысы бойынша нысаналық топтарға бағыттай отырып, жарнама бағытталуға тиіс адамдар шеңберін айқындау мақсатында өткізу нарығы мен сатып алушылық сұранысты зерделейді;
жарнамалық мәтіндерді, плакаттарды, жобаларды, каталогтарды, буклеттерді даярлауды ұйымдастырады, жарнаманың көрнекілігін және қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың сапасын, бәсекелестік күрес тәртібін бұзуға жол бермей отырып, қоғамдық мораль нормаларының сақталуын бақылайды;
өнімді немесе қызметтерді жарнамалау бойынша шарттар мен келісімшарттарды әзірлеуді және іске асыуына бақылауды жүзеге асырады;
жарнамалық қызметті жетілдіру мақсатында іскер әріптестермен байланысты, қажетті ақпаратты жинау жүйесін және сыртқы байланыстарды кеңейтуді ұйымдастырады;
өндірілетін өнімге немесе көрсетілетін қызметтерге деген сұраныстың уәждемесін талдайды, сатып алушылардың сұранысын зерттеу және бағалау арқылы сату болжамы мен уәждемесін жүзеге асырады;
жарнамалық шараларды әзірлеу және өткізу барысында ұйымның өзге құрылымдық бөлімшелерімен қажетті байланысты ұстанады, қойылған мәселелерді шешу үшін консультанттар мен сарапшыларды тартады, белгілі және кеңінен танымал адамдармен шарттар жасай отырып, оларды жарнамаға қатысуға шақырады;
Білуге тиіс:
дайын өнімді өткізуді және жеткізуді ұйымдастыру бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;
болжамдар, өнімді өндіру мен сатудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын жасау әдістері мен тәртібі;
ұйымның даму перспективалары;
өткізу нарығын өңірлер бойынша дамыту перспективалары;
ұйым өніміне сұранысты зерттеу әдістері;
ұйым шығарған өнімнің көтерме және бөлшек бағалары;
дайын өнімнің нормативтік қорларын әзірлеу әдістері мен тәртібі;
өнімді жеткізуге шарттар жасасу, тиеу және көлік құралдарына қажеттілікті айқындау тәртібі;
құжаттамасын ресімдеу тәртібі;
өнімді сақтау және тасымалдау стандарттары;
тұтынушыларға талаптарды және келіп түскен талаптарға жауаптар дайындау тәртібі;
ұйым шығаратын өнімге арналған стандарттар мен техникалық шарттар, қойма шаруашылығын ұйымдастыру;
сату көлемінің ұлғаю жолдарын айқындайды және оларды іске асырады;
өндіріс технологиясы, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
өткізу операцияларын есепке алуды және сату жоспарының орындалуы туралы есептілікті жасауды ұйымдастыру;
есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдары;
барлық әлеуетті клиенттер туралы ақпарат жинайды, оларды белсендіру әдістерін анықтайды, одан әрі ынтымақтастық үшін олардың себептерін анықтайды, сапарларды талдайды және одан әрі стратегияларды әзірлейді;
тауардың клиентке жеткізілуін бақылайды;
негізгі клиенттермен келіссөздер жүргізеді;
сату динамикасын және олардың өсу мүмкіндіктерін талдайды;
қойманың жұмысын және қоймадағы өнім қорларын бақылауды жүзеге асырады;
тауардың қажетті және резервтік қорларын жоспарлайды;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
кәсіпкерлік, коммерциялық және жарнамалық қызметті реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнесті жүргізу негіздері, нарық конъюнктурасы;
баға белгілеу және салық салу тәртібі;
менеджменттің теориясы мен практикасы;
жарнама ісін жүргізудің отандық және шетелдік озық тәжірибесі, жарнама құралдары мен жеткізушілері;
іскерлік әкімшілендіру, маркетинг негіздері;
жарнамалық науқандарды жүргізу нысандары мен тәсілдері;
шарттар мен келісімшарттарды даярлау тәртібі;
жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру мен өткізуі;
іскерлік қарым-қатынас этикасы;
социалогия негіздері, жалпы және арнайы психология;
өндіріс технологиясының негіздері;
ұйымды басқару құрылымын, инновациялық және инвестициялық қызметтің перспективасы;
іс жүргізуді ұйымдастыру негіздері;
ақпаратты жинау және өңдеудің қазіргі заманғы құралдары;
есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдары;
персоналмен жұмыс істеу, еңбекті уәждеу нысандары мен тәсілдері;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша өткізу саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
5. ТАРАПТАР РЕКВИЗИТТЕРІ / РЕКВИЗИТЫ СТОРОН
Жұмысберуші / Работодатель
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
001 Титулка
1 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
1 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
1 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
1 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
1 рет жүктеп алынды -
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
1 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
1 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
1 рет жүктеп алынды -
Еңбек шарты Трудовой договор руководителем магазина продаж (сбыта) оптовой реализации
1 рет жүктеп алынды -
Заявление о приеме на работу
1 рет жүктеп алынды