Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 23 мамыр N 2996
Қазақстан Республикасының ұдайы кеңейiп келе жатқан халықаралық байланыстарын, оның әлемдiк интеграциялық процестерге, Евразия одағы идеяларын жүзеге асыруға белсене қатысуын ескере отырып
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Ақмола университетi Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң негiзгi мiндеттерiн, мамандықтар тiзбесiн, құрылымы мен профессор-оқытушылар құрамының штат санын айқындасын және белгiленген тәртiппен оның Жарғысын бекiтсiн, сондай-ақ университеттi қаржыландыру, материалдық-техникалық қамсыздандыру және студенттер мен профессор оқытушылар құрамы үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау мәселелерiн шешсiн.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы