Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісі (бастығы)

Лауазымды нұсқаулық Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісі (бастығы)

Лауазымды нұсқаулық

Институттың ғылыми-зерттеу бөлімінің (бөлімше, зертхана) меңгерушісіне (бастығы)

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.  

        Лауазымдық міндеттері:

       институттың тақырыптық жоспарында бөлімше үшін көзделген ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын ұйымдастырады, тиісті білім саласы бойынша олардың даму перспективаларын анықтайды;

       зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімшенің алдына қойылған ғылыми және техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды;

       бөлімшенің перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлейді және оларды институт басшылығына ұсынады;

      техникалық тапсырмаларды, методикалық және жұмыс бағдарламаларын, техникалық-экономикалық негіздемелерді, экономикалық қызметтің тиісті түрінің дамуының болжамы мен ұсыныстарын, өзге де жоспарлы құжаттар мен методикалық материалдарды әзірлеуді басқарады;

       жоспарлы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қоса ізденушілерін анықтайды;

      әртүрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың, заңдардың, әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүйелік-ғылыми негізін, өңірлерді дамытудың кешенді бағдарламаларын, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің дамуы үшін нормативтік-құқықтық базаны, интеллектуалдық меншік нарығы мен өзінің зерттеулері бағыттарының аясында тиісті инфрақұрылымды әзірлеуге қатысады;

       бірлескен зерттеулер жүргізу үшін отандық және шетелдік әріптестерді іздеу, қосымша қаржыландыруды тарту бойынша бастамалар қабылдайды, жобалар конкурстары мен тендерлеріне қатысу үшін жобалық ұсыныстар әзірлейді;

      өз бағыттары бойынша ғылыми-техникалық жетістіктер мен идеялар нарығында маркетингтік зерттеулер жүргізеді;

       жаңа технологиялар мен жобаларды құқықтық қорғау, ашуға және өзге де зияткерлік меншікке авторлық құқық мәселелерін зерделеп және уақтылы шеше отырып, мүдделі тұтынушыларға өз идеялары мен жетістіктерін сату жөнінде шаралар қабылдайды;

       бөлімшенің тақырыптық жоспарында көзделген проблемалар бойынша ғылыми басшылықты жүзеге асырады, олардың соңғы мақсаттары мен болжамды нәтижелерін қалыптастырады және маңызды жұмыстарды жүргізуге тікелей қатысады;

       жоспарда көзделген тапсырмалардың, шарт міндеттемелерінің орындалуын, сонымен қатар бөлімше мен қоса орындаушылардың мамандары орындаған жұмыстың сапасын бақылайды;

       бұл жағдайда нормативтік талаптарды, жинақтылық пен құжаттың сапалы орындалуын, оны келісудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      институттың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесінің қарауына бөлімше орындаған жұмыстар туралы ғылыми есептерді бекітеді және ұсынады;

      зерттеулердің, авторлық қадағалау мен оларды енгізу кезінде техникалық көмек көрсетудің нәтижелерін тәжірибелік қолдануды қамтамасыз етеді;

      бөлімшенің жұмыс жүргізу үшін қажетті жабдықтарға, материалдарға және өзге де ресурстарға қажеттілігін анықтайды, бөлімшені осы ресурстармен қамтамасыз ету, жабдықтардың, аппаратуралар мен аспаптардың сақталуы, оларды ұтымды пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      ғылыми және техникалық жетістіктерді патенттеу мен лицензиялау, өнертабыстар мен ұтымды ұсыныстарды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

       бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, жұмысшыларды тиімді орналастыруды қамтамасыз етеді, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;

      жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін, еңбек тәртібі мен нормаларының сақталуын бақылайды;

       кадрларды іріктеуге қатысады, оларды аттестациялау мен қызметтерін бағалау, біліктіліктерін арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      бөлімшенің құрамына кіретін секторлардың (зертхана) қызметінің бағыттарын анықтайды, олардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Білуге тиіс:

       тиісті білім, ғылым және техника саласындағы заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және ғылыми проблемалар;

      ұйым қызметінің профилі бойынша экономикалық қызмет түрінің даму бағыттары, жоғары тұрған органдардың басшылық материалдары, білімнің тиісті саласындағы отандық және шетелдік жетістіктер;

      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастырудың, жоспарлаудың және қаржыландырудың, жүргізудің және енгізудің белгіленген тәртібі;

       өзге ұйымдармен бірге жұмыстар орындаған кезде шарт жасасу мен орындау тәртібі;

      маркетинг, бөлімшенің ғылыми жабдығы, оны пайдаланудың тәртібі;

      өнертабысқа өтінім жасау және ғылыми-техникалық құжаттаманы және аспаптарды, материалдарды, өзге де ғылыми жабдықтарды сатып алуға өтінімдерді ресімдеу тәртібі;

      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқарудың жүйесі;

      кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру бойынша қолданыстағы ережесі;

       іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі басшылық материалдар;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, доктордың немесе ғылым кандидатының ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбегінің болуы, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыстардағы өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс.

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу