Лауазымды нұсқаулық
Инженер-энергетике (Энергетик)
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
энергетикалық жабдықтың, электрлік және жылу желілерінің, ауа құбырлары мен газ құбырларының үздіксіз жұмыс істеуін, дұрыс пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
өндірістің жылу энергетикалық ресурстарға қажеттілігін айқындайды, энергия шаруашылықтарын техникалық қайта жарақтандырудың, дамытудың, энергиямен жабдықтау жүйесін реконструкциялау мен жаңғыртудың қажетті негіздерін дайындайды;
энергия шаруашылығын пайдалануға қажетті жабдықты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға арналған өтінімдерді жасайды, энергия ресурстарын үнемдеу, ұйым бөлімшелерінің электрге, жылуға және энергияның өзге түрлеріне қажеттіліктері бойынша іс-шаралардың қажетті негіздемелерін есептеуді орындайды, оларды жұмсау нормаларын, олардың энергияға қажеттіліктерін шығара отырып, ұйым бөлімшелерінің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады;
жылу және энергияның өзге түрлерінің шығыс нормаларының сақталуын бақылайды;
энергия жүйесінің ең көп іске қосылу сағаттарында энергетикалық жүктемелерді төмендету кестесін жасайды және олардың ұйымның бөлімшесі үшін айқындалған мөлшері шегінде орындалуын қамтамасыз етеді, ұйымда орнатылған энергетикалық, электрлік және табиғатты қорғау құрылғыларын паспорттауды жүргізеді;
энергетикалық қондырғылар мен желілерді өнеркәсіптік сынақтан өткізуге және қабылдап алуға, энергетикалық жабдықтың авариялары себептерін қарауға қатысады және олардың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша іс-шаралар әзірлейді;
релелік қорғау және автоматика құралдарын тексеруді және сынақтан өткізуді ұйымдастырады;
ұйымда қолданылатын бақылау-өлшеу, электрлік техникалық және жылу техникалық құралдарына техникалық қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ қысыммен жұмыс жасайтын қазандарды, ыдыстарды, бу және ыстық судың құбырларын, мемлекеттік қадағалау органдарының пайдалануға қабылдауға, тексеруге және растауға арналған электр қондырғыларын және энергия шаруашылығының өзге объектілерін дайындауды қамтамасыз етеді;
энергия жабдығын және электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
энергетикалық жабдыққа арналған стандарттарды және техникалық талаптарды әзірлеуге және ендіруге қатысады;
мердігерлік ұйымдармен жабдықты жөндеуге арналған шарттар жасау үшін қажетті материалдар дайындайды;
энергия жабдығының күрделі және өзге жөндеуден өткізудің орындалуын бақылайды;
отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану және үнемдеу бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделейді және жинақтайды;
энергиялық қондырғылар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
бекітілген нысандар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды.
Білуге тиіс:
энергетика саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, энергетикалық жабдықтар мен коммуникацияларды пайдалану жөніндегі әдістемелік және өзге де материалдар;
энергетика шаруашылығын ұйымдастыру;
ұйымның техникалық даму перспективалары;
энергетикалық жабдықтың техникалық сипаттамалары, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс режимі және техникалық пайдалану тәртібі;
жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу және ұтымды пайдалану жүйесі;
жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы;
энергетикалық жабдықты бөлшектеу, реттеу, іске қосу және жөндеу әдістері;
энергия ресурстарына, жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға арналған өтінімдерді жасау тәртібі;
жабдықты жөндеуге өткізу және жөндеуден кейін қабылдау тәртібі;
ұйым өнімі өндірісі технологиясының негіздері;
энергетикалық жабдықты пайдалану, жөндеу және жетілдіру кезінде еңбекті ұйымдастыру талаптары;
энергетикалық жабдықты пайдалану және жөндеу бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибе;
экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санатты инженер-энергетик (энергетик): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санатты инженер-энергетик (энергетик) лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санатты инженер-энергетик (энергетик): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз инженер-энергетик (энергетик) лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз инженер-энергетик (энергетик): кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және мамандығы бойынша лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
24 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
18 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
20 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
27 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
24 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
27 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
20 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
34 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
28 рет жүктеп алынды