Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман

Лауазымды нұсқаулық Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман

Лауазымды нұсқаулық 

Лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маманға

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.  

  Лауазымдық міндеттері:

       қайта жөнделген және (немесе) жаңғыртылған лифтілерге оларды орнату (пайдалану) объектісінде "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне тиісті ұлттық стандарт бойынша толық техникалық куәландыру нысанында сынақтар, тексерулер, өлшеулер және сәйкестігін бағалауды жүргізеді;

       толық техникалық куәландыру нәтижелерін лифтінің паспортына жазады, оларды тиісті актімен ресімдеп, мамандандырылған лифті ұйымына береді;

      белгіленген қызмет мерзімі өткен лифтілерге сынақтар, тексерулер, өлшеулер жүргізеді, олардың қалдық ресурстарын есептеуді жүзеге асырады, лифтілерді сәйкестікке бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындылар жасайды;

       "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке тиісті ұлттық стандарт бойынша мерзімдік және (немесе) ішінара техникалық куәландыру жүргізу кезінде лифтілерді пайдалану мерзімін белгілеу кезеңінде оларды сынақтан өткізу, тексеру және өлшеу бойынша жұмыстарды орындайды, нәтижелерін тиісті актпен ресімдейді, нәтижелерін лифтінің паспортына жазады;

       "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламент күшіне енгенге дейін пайдалануға енгізілген, бірақ белгіленген қызмет мерзімі өтпеген лифтілерге сынақтар, тексерулер, өлшеулер жүргізеді, нәтижелерін хаттамалармен ресімдейді;

       лифтілерде электр өлшеу жұмыстарын орындайды, электр өлшеулердің хаттамаларын ресімдейді;

      ұйымға лифтілерді қауіпсіз пайдаланудың тиісті ұлттық стандарт бойынша "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;

       пайдалану кезінде лифтілердің қауіпсіздігін арттыру жөнінде ұсынымдар береді.

Білуге тиіс:

       техникалық реттеу саласындағы заңдар және өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті және оны қолдану және орындау үшін қажетті стандарттар;

       лифтілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік-техникалық, техникалық және әдістемелік құжаттама;

       лифтінің құрылысы, конструктивтік ерекшеліктері және қызмет ету принциптері;

       белгіленген қызмет мерзімі өткен қайта жөнделген және (немесе) жаңғыртылған, оларды пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде мерзімдік және (немесе) ішінара техникалық куәландыру өткізіліп жатқан, "Лифтілердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті күшіне енгенге дейін пайдалануға енгізілген, бірақ белгіленген қызмет мерзімі өтпеген лифтілерге сынақтар, тексерулер, өлшеулер жүргізу тәртібі, ұйымдастырылуы және технологиясы;

       толық, мерзімдік, ішінара техникалық куәландыру және сараптама жүргізу кезінде лифтілер мен құрылғылардың лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу тәртібі, ұйымдастырылуы, технологиясы;

       белгіленген қызмет мерзімі өткен лифтілердің қалдық ресурстарын есептеу тәсілдері;

      белгіленген қызмет мерзімі өткен лифтілердің сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдеу тәртібі;

       лифтілерде электр өлшеу жұмыстарын жүргізу тәртібі, әдістемелері және технологиясы;

       сәйкестікті бағалау кезінде пайдаланылатын техникалық құралдарды және өлшеу құралдарын пайдалану тәртібі;

      техникалық және пайдалану құжаттамасын жүргізу тәртібі;

      экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санатты лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      ІІ санатты лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

       санатсыз лифтілердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау жөніндегі маман: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және лифтілерге техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және лифтілерге техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

 

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу