Лауазымды нұсқаулық
Медиаторға
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды (жанжалдарды) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді;
медицияның нақты өткізу рәсімі тәртібін қалыптастырады және келіседі;
медиация басталғанға дейін тараптарға оның мақсаттарын, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
медиация барысында бір мезгілде барлық тараптармен де, тараптардың әрқайсысымен де жеке-жеке кездесулер өткізеді;
медиация жүргізу барысында тек медиация тараптарының келісімімен әрекет етеді;
дауды (жанжалды) шешу жөнінде медиация тараптарының өтініші бойынша ауызша және жазбаша ұсынымдар береді;
даулы мәселелерді талқылу қорытындысы бойынша дауды шешудің нұсқалаларын құруды жүргізеді;
медиация рәсімі шеңберінде дау мәнінің шешу үшін жарамдылығын түсіну мақсатында оның мәнін анықтайды;
медиация рәсімі қатысушыларының эмоциялық жай-күйін таниды және түзетеді;
медиация ресімдеріне қатыстатын тұлғалардың құзыретін орнатады;
медиация барысында тараптарға және даудың қатысты нысанасына бейтараптықты, әділдікті сақтайды;
ақпараттарды көрсету құралдарымен жұмыс жасайды;
ұйымдастырушылық-өкімдік және анықтамалық-ақпараттық құжаттар құрайды;
құпиялылық принципін сақтай отырып, қоғамды өз қызметі туралы ақпараттандырады;
медиаторлар ұйым белігілеген талаптар бойынша атқарылған жұмыс туралы ай-сайынғы есеп ұсынады;
медиацияны жүргізу үшін құжаттар дайындайды;
медиация рәсімінің тараптарымен ұйымдастыру және қаржылық мәселелерді келіседі;
медиация рәсімдерінің тараптарымен медиация процестерін дайындау, ұйымдастыру, жүргізу барысында пайланылататын және оны қорытындылау бойынша құжаттарды келіседі.
Білуге тиіс:
медиация жүйесінің заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
медиаторлардың кәсіби әдеп кодексі;
медиацияда келіссөз процесін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері;
медиацияның принциптері, медиацияны жүргізу дәйектілігі;
психология (әлеуметтік, когнитивті, гуманистік), формальді логика негіздері;
тайм-менеджмент негіздері;
қақтығыстардың сыныптамасы;
шектеулер, әлеуметтік нормалар мен стандарттар, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар және олардың қақтығыстарды шешудегі рөлі;
азаматтық, еңбек, отбасылық құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтық қатынастардағы дауларды (жанжалдарды) шешудің ерекшеліктері;
кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық істер бойынша дауларды (жанжалдарды) және корпоративтік дауларды шешу;
келіссөздер теориясының негіздері;
эмоционалдық әрекет ету түрлері;
халықаралық конвенциялар және халықаралық практика.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм немесе тиiстi мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе жалпы орта білім, тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы және медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өту.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
103 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
47 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
66 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
75 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
37 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
62 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
44 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
33 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
40 рет жүктеп алынды