Лауазымды нұсқаулық
Өндірісті дайындау жөніндегі инженерге
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана отырып өндірісті дайындауды, өндірісті жинақтаушы бұйымдармен, материалдармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етуді, барлық қажетті техникалық құжаттаманы уақтылы ресімдеуді бақылауды жүзеге асырады, бекітілген жұмыс учаскесі бойынша айлық өндірістік бағдарламалар мен ауысым-тәуліктік тапсырмаларды әзірлейді;
өндірісті жедел жоспарлау үшін нормативтерді әзірлеуге және енгізуге қатысады;
аяқталмаған өндірістің жиынтығын, өндірістік бөлімшелер жұмысындағы заделдер мен күнтізбелік озулардың белгіленген нормаларының сақталуын бақылайды;
өндірістік қуаттарды тиімдірек пайдалануды есепке ала отырып, жабдықтарды жүктеудің күнтізбелік кестесін есептейді, олардың орындалуын қадағалайды;
цехтар мен учаскелердің жұмысын талдайды, өнімді дайындау, жұмысты орындау (қызметтерді көрсету) циклдарын қысқарту мүмкіндігін іздестіреді, өндіріс резервтерін айқындайды, оларды пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
өндіріс жоспарының орындалуын бақылайды және ырғақты жұмысты қамтамасыз ету, өндірістік процесс барысының бұзылуының алдын алу және жою, жабдықтарды тиімді пайдалану, өндірістік бағдарламаны орындау үшін еңбек ұжымдарына қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдайды;
белгіленген есептілікті жүргізеді.
Білуге тиіс:
ұйымдағы өндірістік жоспарлау мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері, әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдар;
өндірістік бағдарламалар мен ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларды әзірлеу тәртібі;
ұйымның өндірістік қуаты;
шығарылатын өнімнің номенклатурасы;
орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) түрлері;
өндірісті ұйымдастыру;
ұйым өнімін өндіру технологиясының негіздері;
өндіріс барысының есебін ұйымдастыру;
цехтердің, учаскелердің мамандандырылуы, олардың арасындағы өндірістік байланыс;
диспетчерлік қызметті ұйымдастыру мен механикаландыру құралдары;
экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санаттағы өндірісті даярлау жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санаттағы өндірісті дайындау жұмысы лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санаттағы өндірісті даярлау жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз өндірісті дайындау жұмысы лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз өндірісті дайындау жұмысы жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және I санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
119 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
40 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
35 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
87 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
77 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
53 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
35 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
75 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
61 рет жүктеп алынды