Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық Сарапшы

Лауазымды нұсқаулық Сарапшы

Лауазымды нұсқаулық

Сарапшыға

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.

  Лауазымдық міндеттері:

       теорияға және көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, арнайы ғылыми біліміне сәйкес жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп қорытынды дайындайды;

       ғылыми қызметкерлермен бірлесе отырып зерттеуге арналған бірнеше сұрақтарды дайындайды;

      сараптама үшін ұсынылатын объектілерді мерзімінде қарастырады;

       зерттеліп отырған мәселе бойынша дәлелденген, объективті және толық сараптық қорытындыны дайындайды;

       зерттеудің заманауи тәсілдерін қолдана отырып, білікті сараптаманы жүзеге асырады;

       өзінің мамандығы бойынша өзге бөлімшелердің қызметкерлеріне кеңес береді;

       техникалық қызметкерлердің жұмысын (лаборанттардың, лаборант-зерттеушілердің, сынақ мерзімін өтеуші-зерттеушілердің) басқарады, олардың өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруға ықпал етеді;

      сараптама жүргізудің, құрал-саймандарды, аппаратуралар мен жабдықтарды пайдаланудың, реактивтерді (егер олар пайдаланылса) ұтымды пайдаланудың дұрыстығын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіптің сақталуын бақылайды;

       персоналдың біліктілігін арттыру бойынша сабақтар өткізуге қатысады;

      өзінің жұмысын жоспарлайды, өзінің қызметінің көрсеткіштерін талдайды;

       белгіленген тәртіпке сәйкес құжаттаманың уақтылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді;

       мекеме басшыларының бұйрықтарын, үкімдері мен тапсырмаларын, өзінің кәсіби қызметінің нормативтік-құқықтық актілерін уақытылы және білікті орындайды;

       ішкі тәртіп, өртке қарсы қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібін және санитариялық-эпидемиологиялық режимін сақтайды;

       басшылық қызметіне қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы және санитарлық тәртібі бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде уақтылы хабардар етуді қоса алғанда, жедел шаралар қабылдайды;

      өз біліктілігін жүйелі түрде арттырып отырады.

Білуге тиіс:

      сараптама жүргізу жөніндегі заңнамалық актілер, нормативтік және әдістемелік материалдар;

      зерттеулерде қолданылатын ғылымдардың негіздемелері;

      сараптама жүргізу әдістері;

       есепке алу құжаттарының нысандары мен есептілікті құру тәртібі;

ақпаратты, байланыс және коммуникацияларды жинау мен өңдеудің техникалық құралдары;

       компьютерлік технологиялар және операциялық жүйелер;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу