Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / МӘЛІМЕТТЕРДІ (АҚПАРАТТЫ) ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛУ ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТТЕРДІ (АҚПАРАТТЫ) ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛУ ТУРАЛЫ

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

МӘЛІМЕТТЕРДІ (АҚПАРАТТЫ) ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛУ ТУРАЛЫ

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 83 шешімі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы (бұдан әрі – Комиссия) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша болып табылатын Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 10-тармағының 4) тармақшасына және 16-тармағының 5) тармақшасына (бұдан әрі – Хаттама), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесінің және оларды салу тәртібінің 17-тармағына (бұдан әрі – Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібі), Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 44 және 45-тармақтарына сәйкес Комиссия сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау туралы істі (бұдан әрі – іс) қарады.

Іс материалдарын қарау нәтижелері бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін бәсекелестік саласындағы халықаралық шарттар мен актілердің ережелеріне сүйене отырып, қаралып отырған істің нақты мән-жайларын және осы Шешімнің сипаттау және уәждеу бөліктерінде қосымшаға сәйкес ұсынылған істі қарау жөніндегі комиссияның қорытындыларын зерделеп, Айыппұлдарды есептеу әдістемесін және оларды салу тәртібін басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:

  1. Мыналар:

а) жеке кәсіпкер Кан Богдан Алексеевичтің (дербес деректер жарияланбайды) (бұдан әрі – ЖК Кан Б.А.) Комиссияның сұрау салулары бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбауынан көрініс тапқан әрекетсіздігі Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу болып табылатыны, ол үшін жауаптылық Хаттаманың 16-тармағының 5) тармақшасында көзделгені;

б) осы тармақтың «а» тармақшасында көрсетілген тұлғаға қатысты істі қарауды тоқтату үшін негіздердің жоқ екені танылсын.

  1. Хаттаманың 16-тармағының 5) тармақшасына және Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне сәйкес ЖК Кан Б.А.-ға 26 666 ресей рублі 67 копейка мөлшерінде айыппұл салынсын.

Осы Шешіммен тағайындалған айыппұл Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге жатады (Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) айыппұл төлеуге арналған банктік деректемелері: бюджеттік сыныптама коды – 204176, төлем мақсатының коды – 913).

  1. Комиссия ЖК Кан Б.А.-ны:

а) Айыппұлдарды есептеу әдістемесінің және оларды салу тәртібінің 171-тармағының екінші абзацына сәйкес осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген айыппұлды осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей толық көлемде төлеу қажеттігі туралы хабардар етсін. Айыппұл көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда Комиссия Айыппұлдарды есептеу әдістемесінің және оларды салу тәртібінің 18-тармағына сәйкес осы Шешімді мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдайды;

б) Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің 45-тармағына сәйкес осы Шешімнің 2-тармағында көрсетілген айыппұлдың төленгені туралы осы тармақтың «а» тармақшасында көзделген мерзім аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде Комиссияға хабарлау қажеттігі туралы хабардар етсін.

  1. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақ Сотына шағым жасалуы мүмкін.
  2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сағынтаев
 Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 83 шешіміне ҚОСЫМША

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ АЛҚАСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ 7 ШІЛДЕДЕГІ № 83 ШЕШІМІНІҢ

СИПАТТАУ ЖӘНЕ УӘЖДЕУ БӨЛІКТЕРІ

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша болып табылатын Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (бұдан әрі тиісінше – Хаттама, Шарт) 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу фактісіне байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) 2025 жылғы 14 қазандағы № 42/опр ұйғарымымен жеке кәсіпкер Кан Богдан Алексеевичке (дербес деректер жарияланбайды) (бұдан әрі – ЖК Кан Б.А.) қатысты мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау фактісі бойынша іс қозғады (бұдан әрі – іс) және оны қарау жөніндегі комиссияны мынадай құрамда тағайындады:

комиссия төрағасы Максимов С.В. – Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры;

комиссия төрағасының орынбасары Ивантей И.А. – Департамент директорының орынбасары;

комиссия мүшелері:

Суменков С.С. – Департаменттің Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау бөлімінің бастығы;

Жусупбекова Ш.Т. – Департаменттің Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау бөлімінің бастығының орынбасары;

Волков А.А. – Департаменттің Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі;

Гердт Э.Е. – Департаменттің Бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі.

Істі қарауға қатысқан тұлғалар: Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін уәкілетті органдарының өкілдері – Баймаканова А.Т., Белов А.В., Головизнина П.О., Морозова М.С., Нугманов А.М., Склярова Я.В., Усова Д.Е. және Шиныбаев Т.Х.

Жауапкер – ЖК Кан Б.А.

Шешім қабылдау үшін қосымша ақпарат алу қажеттілігіне байланысты істі қарау мерзімі 60 жұмыс күніне ұзартылды, бұл туралы 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 2/опр ұйғарым шығарылды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 23-тармағына сәйкес 2026 жылғы 9 сәуірде істі қарау жөніндегі комиссияның төрағасы Максимов С.В. істі қараудың аяқталғанын жариялады.

Істі қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.

Комиссияға 2024 жылғы 19 наурыздағы № б/н хатпен (2024 жылғы 19 наурыздағы кіріс № 4391) «СИВИК компаниясы» ғылыми-өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі қоғамының (Ресей Федерациясы) автокөлік құралдары мен тіркемелерге арналған гараж жабдықтарының трансшекаралық нарығында бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың ықтимал белгілері туралы өтініші келіп түсті (бұдан әрі – өтініш).

Өтінішті қарауға байланысты Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Хаттаманың 13-тармағын басшылыққа ала отырып, ЖК Кан Б.А.-дан 2024 жылғы 12 шілдедегі № 22-324 хатпен 2024 жылғы 25 шілдеге дейін (пошта жөнелтілімінің № RS021132418RU сәйкестендіргіші – 2024 жылғы 31 шілдеде, 15 тамызда, 23 тамызда және 18 қыркүйекте табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған, осыған байланысты пошта жөнелтілімі Комиссияға қайтарылған) және 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-427 хатпен 2024 жылғы 13 қыркүйекке дейін (пошта жөнелтілімінің № RS021132979RU сәйкестендіргіші – адресатқа 2024 жылғы 9 қазанда табысталған) Комиссияға қажетті мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуды сұрады. Бұл ретте Комиссия ЖК Кан Б.А.-ны Шарттың және Хаттаманың XVIII бөлімінде көзделген мәліметтерді (ақпаратты), оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін немесе уақтылы ұсынбағаны үшін жауаптылық туралы хабардар етті.

Комиссияның сұрау салуына жауап ретінде ЖК Кан Б.А.-дан ақпарат ұсынылмады.

Жеке кәсіпкер «Nik Pro» (Қазақстан Республикасы) қатысты Шарттың 76-бабының 2-тармағының ережелерін бұзу белгілері бойынша 2025 жылғы 28 наурыздағы Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қозғау және қарау туралы № 7/опр ұйғарымымен қозғалған істі қарау шеңберінде өтінішті қарау және тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері бойынша Комиссия Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын басшылыққа ала отырып, ЖК Кан Б.А.-дан 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 хатпен (оған 2025 жылғы 20 маусымдағы Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы № 27/опр ұйғарымның, 2025 жылғы 18 маусымдағы істі қарау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасынан үзіндінің, Комиссияның 2024 жылғы 12 шілдедегі № 22-324 және 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-427 хаттарының көшірмелері қоса беріліп) оны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (пошта жөнелтілімін қадағалау мәліметтеріне сәйкес адресатқа 2025 жылғы 14 шілдеде табысталуын ескере отырып, 2025 жылғы 21 шілдеге дейін, пошта жөнелтілімінің № RS021137361RU сәйкестендіргіші) Комиссияның 2024 жылғы 12 шілдедегі № 22-324 және 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-427 хаттарымен бұрын сұратылған мәліметтерді (ақпаратты), сондай-ақ ЖК Кан Б.А.-ға 2021 жылғы 24 мамырдағы № 73477 куәлікке сәйкес «SIVIK» тауар белгісін пайдалану құқығы берілген 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 04-2024578/11-21 лицензиялық шарттың қолданылуы туралы мәліметтерді ұсынуды сұрады.

Бұл ретте Комиссия ЖК Кан Б.А.-ны Шарттың және Хаттаманың XVIII бөлімінде көзделген мәліметтерді (ақпаратты), оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін немесе уақтылы ұсынбағаны үшін жауаптылық туралы хабардар етті.

Алайда Комиссия белгілеген мерзімде ЖК Кан Б.А.-дан мәліметтер (ақпарат) ұсынылмады.

Сұратылған мәліметтердің (ақпараттың) келіп түспеуіне және 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 хатқа жауап беру мерзімінің өтуіне байланысты Комиссия Хаттаманың 13-тармағын басшылыққа ала отырып, 2025 жылғы 21 тамыздағы № 22-391 хатпен (Комиссияның 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 хатының және 2025 жылғы 21 тамыздағы Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарауды кейінге қалдыру туралы № 36/опр ұйғарымның көшірмелері қоса беріліп) ЖК Кан Б.А.-дан оны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде (пошта жөнелтілімінің № RS228200373RU сәйкестендіргіші бойынша жөнелтілімді қадағалау мәліметтеріне сәйкес адресатқа 2025 жылғы 9 қыркүйекте табысталуын ескере отырып, 2025 жылғы 16 қыркүйекке дейін) Комиссияның 2024 жылғы 12 шілдедегі № 22-324, 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-427 және 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 хаттарымен бұрын сұратылған мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуды қайталап сұрады.

Бұл ретте ЖК Кан Б.А. Комиссия тарапынан Шарттың және Хаттаманың XVIII бөлімінде көзделген мәліметтерді (ақпаратты), оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін немесе уақтылы ұсынбағаны үшін жауаптылық туралы хабардар етілді.

Алайда Комиссия белгілеген мерзімде мәліметтер (ақпарат) ұсынылмады.

Осының салдарынан Комиссияның 2025 жылғы 14 қазандағы № 42/опр ұйғарымымен (пошта жөнелтілімінің № RS228200775RU сәйкестендіргіші – адресатқа 2025 жылғы 5 қарашада табысталған) ЖК Кан Б.А.-ға қатысты Комиссияның 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 және 2025 жылғы 21 тамыздағы № 22-391 хаттарында баяндалған талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау фактісі бойынша іс қозғалды.

Істі қарау жөніндегі комиссия отырысы шеңберінде Комиссия 2025 жылғы 12 қарашадағы № 49/опр ұйғарымында (2025 жылғы 13 қарашадағы № 22-535 хат), Хаттаманың 13-тармағын және Істерді қарау тәртібінің 21-тармағын басшылыққа ала отырып, ЖК Кан Б.А.-дан Комиссияның 2025 жылғы 20 маусымдағы № 22-282 және 2025 жылғы 21 тамыздағы № 22-391 хаттарымен бұрын сұратылған мәліметтерді (ақпаратты), атап айтқанда Комиссияның 2024 жылғы 12 шілдедегі № 22-324 және 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 22-427 хаттарымен сұратылған мәліметтерді, сондай-ақ ЖК Кан Б.А.-ға 2021 жылғы 24 мамырдағы № 73477 куәлікке сәйкес «SIVIK» тауар белгісін пайдалану құқығы берілген 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 04-2024578/11-21 лицензиялық шартының қолданылуы туралы мәліметтерді ұсынуды сұрады. Осы ұйғарыммен Комиссия ЖК Кан Б.А.-дан оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтың бар екенін мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы пікірді және тиісті ұстанымның құқықтық негіздемесін ұсынуды да сұрады.

Істі қарау жөніндегі комиссия ЖК Кан Б.А.-дан жауап алған жоқ.

Істі қарау шеңберінде ЖК Кан Б.А.-ның атына мынадай ұйғарымдар жіберілді: 2025 жылғы 12 қарашадағы № 49/опр (2025 жылғы 13 қарашадағы № 22-535 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228201113RU сәйкестендіргіші – 2025 жылғы 15, 19, 23 және 24 желтоқсанда, 2026 жылғы 5, 8 және 13 қаңтарда табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған, осыған байланысты пошта жөнелтілімі Комиссияға қайтарылған); 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 53/опр (2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 22-569 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228201263RU сәйкестендіргіші – 2026 жылғы 8, 13 және 20 қаңтарда табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған, осыған байланысты пошта жөнелтілімі Комиссияға қайтарылған); 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 2/опр (2026 жылғы 15 қаңтардағы № 22-9 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228201422RU сәйкестендіргіші – 2026 жылғы 5 ақпанда және 4 наурызда табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған, осыған байланысты пошта жөнелтілімі Комиссияға қайтарылған); 2026 жылғы 25 ақпандағы № 10/опр (2026 жылғы 26 ақпандағы № 22-130 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228201855RU сәйкестендіргіші – 2026 жылғы 17, 25 және 27 наурызда табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған, осыған байланысты пошта жөнелтілімі Комиссияға қайтарылған); 2026 жылғы 17 наурыздағы № 14/опр (2026 жылғы 18 наурыздағы № 22-169 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228202365RU сәйкестендіргіші – 2026 жылғы 8 сәуірде табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған); 2026 жылғы 30 наурыздағы № 17/опр (2026 жылғы 31 наурыздағы № 22-189 хатпен жіберілген, пошта жөнелтілімінің № RS228202621RU сәйкестендіргіші – 2026 жылғы 16 сәуірде табыстауға әрекет жасалғанымен, табысталмаған).

ЖК Кан Б.А.-ның процестік құқықтарын сақтау мақсатында 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 53/опр ұйғарым негізінде жіберілген Комиссияның 2026 жылғы 18 ақпандағы № ЕМ-375/22 уәжді ұсынысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2026 жылғы 7 сәуірдегі № 01-14/2033 жауабына сәйкес (2026 жылғы 22 сәуірдегі кіріс № 6928) 2026 жылғы 24 және 25 ақпанда (дербес деректер жарияланбайды) мекенжайы бойынша ЖК Кан Б.А.-ға Комиссияның 2025 жылғы 13 қарашадағы № 22-535 және 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 22-569 хаттарының көшірмелерін табыстау үшін 2 рет бару жүргізілді, алайда адресат көрсетілген мекенжайда болмаған.

Хаттаманың 10-тармағының 7) тармақшасының және 13-тармағының, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 97 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібінің 1313-тармағының (бұдан әрі – Өтініштерді қарау тәртібі), сондай-ақ Істерді қарау тәртібінің 21-тармағының ережелерін ескере отырып, өтінішті қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істі қарау және ескерту шығару мәселесін қарау кезінде Комиссияның уәкілетті құрылымдық бөлімшесі қажетті ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардан немесе ұйымдардан, заңды және жеке тұлғалардан сұратады. Бұл жағдайда тиісті сұрау салу Комиссияның атынан жіберілген болып есептеледі. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері), коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар (олардың лауазымды адамдары), мүше мемлекеттердің жеке тұлғалары Комиссияның сұрау салуы бойынша оған жүктелген өкілеттіктерге сәйкес Комиссияға қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтерді, түсініктемелерді белгіленген мерзімдерде ұсынуға міндетті.

Осылайша, Комиссия өтінішті және жеке кәсіпкер «Nik Pro» (Қазақстан Республикасы) қатысты трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы істі қарау шеңберінде Өтініштерді қарау тәртібіне және Істерді қарау тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) тарапынан трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыра отырып және Шарт пен көрсетілген тәртіптердің ережелерін басшылыққа ала отырып, ЖК Кан Б.А.-дан тиісті мәліметтерді (ақпаратты) сұратты.

Алайда Комиссия сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) ЖК Кан Б.А. Комиссия белгілеген мерзімдерде ұсынбады. Сондай-ақ көрсетілген мәліметтер (ақпарат) істі қарау барысында да ұсынылмады.

Істі қарау жөніндегі комиссия ЖК Кан Б.А.-ның әрекетсіздігі оның Комиссияның сұрау салулары бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсыну міндетіне қатысты Еуразиялық экономикалық одақ құқығының ережелерін сақтауға мүмкіндігі бола тұра, оларды сақтау үшін қажетті және жеткілікті шараларды қабылдамауынан көрініс тапты деп есептейді, осыған байланысты ЖК Кан Б.А. өзінің әрекетсіздігімен Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзды, атап айтқанда Комиссияның сұрау салулары бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбады деген қорытынды жасауға болады.

Істі қарау шеңберінде ЖК Кан Б.А.-ға Істерді қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген барлық құқықтарын іске асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Бұдан басқа, одан іс бойынша түсініктемелер, сондай-ақ Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу фактісінің бар екендігімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы ұстанымы сұратылды. Алайда ЖК Кан Б.А. іс бойынша түсініктемелерді, сондай-ақ оның әрекетсіздігінде Хаттаманың 13-тармағының ережелерін бұзу фактісінің бар екендігімен келісетіні немесе келіспейтіні туралы ұстанымын ұсынбады.

Істі қарау жөніндегі комиссияның отырыстарына ЖК Кан Б.А. және (немесе) оның өкілі қатыспады, істі қарау жөніндегі комиссия отырысының күнін ауыстыру туралы өтінішхаттар ұсынбады.

ЖК Кан Б.А.-ның және (немесе) оның өкілінің істі қарау жөніндегі комиссия отырыстарына қатыспауының дәлелді себептері туралы ақпарат жоқ.

ЖК Кан Б.А.-ның Комиссия сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) ұсынуына кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған жоқ.

Хаттаманың 16-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне (бұдан әрі – Айыппұлдарды есептеу әдістемесі және оларды салу тәртібі) сәйкес Шарттың және Хаттаманың XVIII бөлімінде көзделген мәліметтерді (ақпаратты), оның ішінде Комиссияның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға ұсынбағаны үшін жеке тұлғаларға – 10 000-нан 15 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде, лауазымды адамдарға және жеке кәсіпкерлерге – 10 000-нан 60 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде, заңды тұлғаларға – 150 000-нан 1 000 000 ресей рубліне дейінгі мөлшерде айыппұл салады.

ЖК Кан Б.А. Комиссия сұратқан мәліметтерді (ақпаратты) Комиссияға алғаш рет ұсынбады. Көрсетілген мән-жай Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне № 2 қосымшаға сәйкес айыппұл мөлшерін есептеу кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі.

Айыппұл мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне № 2 қосымшада көзделген жауаптылықты жеңілдететін өзге де мән-жайлар, сондай-ақ жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау