МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДАҒЫ МЕРЗІМДЕР
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Қаржы жылы – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын, бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын уақыт кезеңі (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабының 38 тармағы).
Тапсырыс беруші Бюджет кодексінің негізінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу мерзімін ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін белгілейді.
Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап, он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді (нақтылайды).
Тапсырыс берушіде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) бекітілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде оны мемлекеттік сатып алу веб порталына орналастыру міндеті туындайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер қосылмайды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлейді.
Конкурстық құжаттаманы (КҚ) бекітудің міндетті талабы әлеуетті өнім берушілердің КҚ жобасын алдын ала талқылауы болып табылады.
КҚ жобасына ескертулерді, сондай-ақ, КҚ ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушіге, ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға жіберуі мүмкін (Заңның 22-бабы).
Ескертулер, сұрау салулар болған кезде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы КҚ-ны алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде мынадай шешімдерді қабылдайды:
1) КҚ жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) КҚ жобасына ескертулерді және/немесе толықтыруларды қабылдамайды; ө3) КҚ ережелеріне түсінік береді.
КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда орналастыру – шешім қабылданған күннен бастап, бір жұмыс күнінен кешіктірмей. Конкурсқа қатысуға өтінім әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарға және шарттарға келісу нысаны болып табылады.
КҚ бекітілгеннен, алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылғаннан кейін әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға ӛздерінің ӛтінімдерін ұсынады. Өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Әлеуетті ӛнім берушілердің конкурсқа қатысуға ӛтінімдерін ұсынатын мерзімнің соңғы күні – КҚ жобасын алдын ала талқылау хаттамасын және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап, кем дегенде күнтізбелік он бес күн.
Ұйымдастырушы КҚ жобасы бекітілген күннен бастап, үш жұмыс күнінен кешіктірмей веб-порталда конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға міндетті.
Қайта МСА-ны өткізуге байланысты МСА туралы шартты орындау мерзімін ұлғайтуды қоспағанда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қайтадан жүзеге асырған жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын өткізілмеген конкурстың конкурстық құжаттамасының өзгермеуі шартымен, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асыру туралы хабарландырудың мәтін міндетті түрде орналастырылады.
Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келу мәніне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ресімделеді.
Хаттамаға конкурстық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері, сондай-ақ, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды.
Конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу туралы шешімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде қабылданады (Заңның 27 бабының 3-тармағы).
Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб порталында орналастырылған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді (Заңның 27 бабының 4-тармағы).
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қайтадан қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді әлеуетті өнім берушілердің қайтадан ұсыну мерзімі ӛткен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде:
1) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ӛнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді.
Ашық конкурстың нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне және конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті ӛнім берушілерге электрондық пошта арқылы бір мезгілде хабардар ете отырып, веб-портал автоматты түрде қалыптастырады және орналастырады.
Тапсырыс беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға шағымдану мерзімі ӛткен күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде үлгілік шартқа сәйкес жасалған шарттың жобасын жеңімпазға жібереді.
Өнім беруші шарт жасалған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізеді.
Егер тапсырыс ұйымдастырушының, берушінің, мемлекеттік мемлекеттік сатып сатып алуды алуды бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға құқылы ( Заңның 47-бабының 1-тармағы).
Әлеуетті өнім беруші шағымды конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі
МСА туралы Заңның 47-бабының 6, 7-тармақтарына сәйкес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде келіп түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Заңның 16-бабының 6) тармақшасына сәйкес шешім қабылдайды не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Шағымды Уәкілетті органның осы баптың 6-тармағына сәйкес қабылданған шешімімен келіспеген жағдайда, әлеуетті өнім беруші оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында көзделген шағымдануға құқылы.
Тәртіппен апелляциялық комиссияға Заңның көрсетілген нормасының мағынасынан туындайтыны, әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап, бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оның шешіміне жоғары тұрған органға шағымдану әлеуетті өнім берушінің құқығы болып табылады.
Сотқа Алайда, Заңның 9-тармағы осы бапта көзделген дауларды реттеудің дейінгі регламенттейді.
Тәртібі міндетті болып табылатынын «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 58-6 бабының 2-тармағына сәйкес осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Камералдық бақылауды жүргізу қағидаларының 33-тармағына сәйкес уәкілетті орган ведомствосының шешімімен және (немесе) осы Қағидалардың 26-тармағы 2-бөлігінің 2) және 3) тармақшаларына сәйкес жіберілген аумақтық бӛлімшенің хабарламасымен келіспеген кезде тиісті конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші және (немесе) мемлекеттік аудит объектісі жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы, оның ішінде веб-портал арқылы апелляциялық комиссияға осы Ереженің 7-қосымшасының нысанына сәйкес шағым береді не сотқа жүгінеді.
ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫҒЫ
ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қорытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қорытындыларына, нұсқамаларына, хабарламаларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106 бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.
Егер талап қоюшы конкурс қорытындыларын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлігінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бӛлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.
№ 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған талаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етілмейтінін де көздейді.
Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымдастырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдастырушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындаудан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қарауына жатады.
Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қатысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.
СОТТАРДАҒЫ ПРОЦЕСТІК МЕРЗІМДЕР
ӘРПК-нің 9-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әркім бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы.
Әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
МСА-ға қатысушылар ӘРПК-іде белгіленген мерзімде сотқа жүгінуге құқылы.
Әлеуетті өнім берушілер негізінен уәкілетті органдардың шешімдеріне, тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-нің 132-бабындағы тәртіппен дау айтады.
Бұл ретте, ӘРПК-нің 136-бабында талап қоюмен сотқа жүгінудің түпкілікті мерзімдері белгіленген.
Дау айту туралы, мәжбүрлеу туралы талап қоюлар шағымды қарайтын органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімі табыс етілген күннен бастап, бір ай ішінде сотқа беріледі.
Егер заңда сотқа дейінгі тәртіп көзделмеген немесе шағымды қарайтын орган болмаса, талап қою әкімшілік акт табыс етілген күннен бастап немесе осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен назарына жеткізілген кезден бастап, бір ай ішінде беріледі.
Дәлелді себеппен өткізіп алынған талап қоюды беруге арналған мерзімді сот АПК қағидалары бойынша қалпына келтіруі мүмкін.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімдерді өткізіп алу себептері мен олардың мәнін әкімшілік істің дұрыс шешілуі үшін сот алдын ала тыңдауда анықтайды.
Талап қоюды сотқа беруге арналған мерзімді дәлелді себепсіз өткізіп алу, сондай-ақ, сотқа жүгінудің өтіп кеткен мерзімін қалпына келтірудің мүмкін болмауы талап қоюды қайтару үшін негіз болып табылады.
Алдын ала тыңдауда сот мерзімді өткізіп алу себептерін анықтайды және өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені шешеді.
Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартылған жағдайда талап қоюды қайтарады.
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);
- Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағидалар);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);
- «Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);
- Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;
- Қазақстан Республикасының ӛзге де нормативтік құқықтық актілері.
ҚЫСҚАРТУЛАР
әкімакт – әкімшілік акт
МСА – мемлекеттік сатып алулар;
ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;
МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;
ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;
МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы