Моральдық зиянды өтеу бөлігінде талап қою талаптарының мөлшерін азайтуды қабылдау туралы өтінішхат
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына.
Іс №7520-25-00-2\18521
Талап қоюшы: Аа Г.Т. 23.03.1976 ж.т. ЖСН ..,
тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, ....
өкілі арқылы .
«Стоматологиялық клиника СА» ЖШС директорының атынан
З А. ЖСН ...Заңды мекенжайы: Алматы қ.,
Алмалы ауданы, С.. даңғылы, 534/92 үй, 193 тұрғын емес үй-жай.
Ө Т І Н І Ш Х А Т
Сіздің өндірісіңізде Аой Г.Т.-ның «Стоматологиялық клиника СА» ЖШС-не тұтынушылардың құқықтарын қорғау және залалды, емделуге кеткен шығыстарды және моральдық зиянды өтеуді өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралуда.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 169-бабының 1-тармағына сәйкес: «Талап қоюшы талап қоюды сот талқылауына істі дайындау аяқталғанға дейін жазбаша өтініш беру арқылы немесе қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажеттілігі болмаған жағдайда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы».
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, моральдық зиянды өтеу бөлігіндегі талап қою талаптарының мөлшерін 3 000 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін азайтамыз. Қалған талаптарды өзгеріссіз қалдырамыз.
СОТТАН СҰРАЙМЫН
- Моральдық зиянды өтеу бөлігіндегі талап қою талаптарының мөлшерін 300 000 (үш жүз мың) теңгеге дейін азайтуды қабылдауды.
- Істі өзгертілген талап қою талаптарының мөлшерін ескере отырып қарауды.
Талап қоюшы С.А.А. атынан ЭЦҚ-мен қол қойылды
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы