Өтінішхат бейнежазбаларды қылмыстық іс материалдарына тіркеу туралы
Шымкент қаласы Полиция Департаменті
Тұран аудандық Полиция Басқармасынын ТБ тергеушісі Ұ.Н. Тәліп-ке
СДТБТ: №267914031000483.
+ 7 702 246 36 55.
Арызданушы: Ка Р Айдаралиевна
ЖСН: ....
Шымкент қаласы, ...... үй тұрғыны.
Сенімхат бойынша өкілі:
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
ӨТІНІШХАТ
бейнежазбаларды қылмыстық іс материалдарына тіркеу туралы
Қазіргі уақытта Қа Р Айдарәлиевнаның арызы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша Абдушева Шахида Дильмұратовнаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) №267914031000483 тіркелген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71-бабының 6-тармағына сәйкес жәбірленуші дәлелдемелерді ұсынуға құқылы.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 122-бабының 4-тармағына сай, дәлелдемелер ретінде қылмыстық іске қосып тігу үшін ауызша да, жазбаша да, не электрондық құжат нысанындағы мәліметтерді, сондай-ақ нәрселер мен құжаттарды күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жекеше айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдар беруге құқылы.
Осы құқықты жүзеге асыру мақсатында, қылмыстық іс үшін маңызды мән-жайларды растайтын бейнежазбалар электрондық тасымалдағышта (флеш-жинақтағышта) ұсынылып отыр.
Аталған бейнематериалдар қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын, жасалу тәсілін, уақытын, көлемін және оған қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін аса маңызды дәлелдемелік мәнге ие.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71, 99 және 122 баптарды басшылыққа ала отырып,
СІЗДЕН:
· «UNION» флэшкасына жүктелген 26 «Файл MP4» дана бейнежазбаларды (№267914031000483 СДТБТ) қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме деп танып, қылмыстық іске қоса тіркеуді сұраймыз.
Қосымша: UNION флэшкасы, ішінде 26 «Файл MP4» дана бейнелер бар.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл / адвокат: Г.Т. Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
ӨТІНІШХАТ бейнежазбаларды қылмыстық іс материалдарына тіркеу туралы
3 рет жүктеп алынды