Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы

 

2025 жылғы 28 мамыр  №6001-25-00-3ГП/161 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші - М.Ж. Бектұрғановтың, судьялар А.С. Савинованың, Т.А. Молдахметованың, талап қоюшының өкілі З. Баның, жауапкердің өкілі Г. Саржановтың қатысуымен, ашық сот отырысында мобильді бейне-байланыс құрылғысы арқылы талап қоюшы КА Маның жауапкер АКО өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою, отбасымен үй-жайына кіріп шығуына кедергі келтермеуін міндеттеу туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімін және Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы жауапкердің өкілі Г. Саржановтың келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық істі қарап, К. Ма сотқа аталған талап қоюмен жауапкерге жүгінген.

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотының 2024 жылғы 8 тамыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Мақаш Тәтімов көшесі, 79 үйдің 2 пәтер иесі А. Оаның жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою және талапкердің отбасымен үй-жайына кіріп-шығуына жауапкердің кедергі келтірмеуі міндеттелген.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Өтінішхатта арызданушы жергілікті соттардың қабылдаған шешімдерімен келіспей, тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Жауапкердің өкілі өтінішхатты қолдаған пікірін, талап қоюшы өкілінің қарсылығын, іс-құжаттарын зерттеп, өтінішхат уәждерін талқылап, сот алқасы төмендегі негіздерге байланысты апелляциялық сот алқасы қаулысының күші жойылуға жатады деген тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Аталған азаматтық іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген. Іс құжаттарына сәйкес, А. Оа 2013 жылғы 31 қаңтардағы 0,0057 га жер учаскесімен үйді сатып алу-сату шартына сәйкес олардың меншік иесі болып танылған.

2003 жылғы 25 қыркүйектегі әкімнің қаулысына сай А. Оаға 0,0035 га қосымша жер беріліп, жалпы ауданы 0,0110 га жер учаскесі шаруа қожалығын жүргізу үшін меншік құқығы бекітілген. 2023 жылғы 11 желтоқсанда жеке меншік құқығы туралы жер учаскесіне мемлекеттік акт берілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы қаласы бойынша филиалының 2023 жылғы 21 қарашадағы мәліметіне сай М.Тәтімов көшесі, 79 үйге тиесілі жердің көлемі 0,1140 га, оның ішінде жер учаскесінің үлестік мөлшерлері: - 0,0560 га К.А.Маға (3 пәтер) тиесілі;- 0,0110 га А.К.Оаға (2 пәтер) тиесілі;- 0,0470 га С.А.Халимсапиеваға (1 пәтер) тиесілі.

Талап қоюшы сотқа талап қоюмен жүгіне отырып, онда жауапкер ортақ үлестік меншіктегі жер телімін өз бетінше, көршілердің келісімінсіз заңсыз қоршап, өзіне тиесілі 0,0110 га жер көлемінен шығып кеткенін көрсеткен. Жауапкер іргетас құю арқылы талап қоюшы мен оның отбасы мүшелерінің жалғыз жолын жауып, заңсыз әрекет жасаған.

Соның салдарынан, талап қоюшы отбасымен үйдің артындағы көрші үйдің ауласы арқылы ғана көшеге шығуға мәжбүр болып отыр.

Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім қабылдай отырып, оны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 8-бабына сілтеме жасап, талап қоюшы 1980 жылдан бері даулы жолды пайдаланғанын, ал жауапкер 2013 жылдан бастап жер учаскесі иесі бола тұра, оған тыйым салмағанын, сонымен бірге, тараптар арасында жеке сервитут туралы келісім жасалған деп негіздеген.

Сонымен қатар, жергілікті сот жауапкердің даулы құрылыс тұрғызу арқылы талап қоюшының жалғыз шығу жолын жауып тастауы оның заңды құқықтарын бұзады, және жауапкер ұсынған балама жол іс жүзінде дауды шешпейді және келешекте қайталануы мүмкін деген қорытындыға келген. Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырған.

Жоғарғы Соттың сот алқасы материалдық және процесстік құқық нормаларының бұзылуына жол берілуіне байланысты апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдарымен келіспейді.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 53 бабының 6-бөлігіне сай ортақ меншiктегi (ортақ жер пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртібі ортақ меншiкке (ортақ жер пайдалануға) қатысушылар арасындағы шартпен белгiленедi.

Олардың арасында келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда пайдалану тәртібін сот айқындайды. Жер учаскесiн пайдалану тәртібі туралы қатысушылардың келісімi немесе соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.

Жергілікті соттармен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, М.Тәтімов көшесі, 79 үй, 2 пәтер мекенжайында орналасқан нысан тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы талаптардың сақталуына қатысты жер учаскесінде тұрғын үй (литерч.А.), тұрғын үй жапсарлас құрылысы (литерА1), шатыр (литерI) тұрғызылғаны, сонымен бірге, жер учаскесінде өлшемі 2,7 м х 3,0 м, биіктігі 1,73 м болатын жертөле құрылғысы бар қолданыстағы шатырдың астына өлшемі 5,5 м х 6,6 м болатын іргетас салынғаны анықталған.

Бұдан басқа, апелляциялық алқамен жерге орналастыру жобасында аумағы 0,0110 га жер учаскесі қоршалғандығы, жер учаскесін пайдалануға шектеулер мен ауыртпалықтар жоқ екендігі, көршілердің қол қойып келісім бергендігі, даулы болып отырған құрылыс насандары жауапкер үйді сатып алғанда болғандығы, ол заңдастырылғандығы апелляциялық алқамен зерттеліп, ескерілмеген, бірінші сатыдағы соттың шешіміне тиісінше баға бермеген.

Кодекстің 69-бабына сәйкес жеке меншік иесі, жер пайдаланушы немесе барлау немесе геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайларда өзге жер учаскесіне де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) беруді талап етуге құқылы.

Ал, осы баптың 2-бөлімініңің 5) тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жекеше сервитут ауыртпалығы салынған жер учаскесiнiң меншiк иесi немесе жер пайдаланушысы мүдделерiне орай сервитут белгiленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы. Жекеше сервитут үшін төлемақы мөлшері жекеше сервитутты белгілеу туралы шартпен немесе соттың шешімімен айқындалады 

Бұл ретте, апелляциялық алқа талап қою берілгенге дейін тараптар арасында жеке сервитут туралы келісім жасалған деген қате тұжырымға келген. Себебі, тараптардың констиуциялық құқығы шектелмеуі тиіс.

 АК-тің 188-бабының 3-бөлігіне сай меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және өзгеше түрде билiк етуге құқылы

Кассациялық сатыдағы сот заңдылық мүддесінде өтінішхаттың, ұсынудың немесе наразылықтың шегінен шығуға және шағым жасалған, наразылық келтірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы. АПК талаптарына сай, сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

Сот шешiмдi тараптар ұсынған және сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

Бұл тұрғыда, алқа жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталмаған, іс-құжаттары зерттелмеген, қалыптасып отырған құқықтық қатынаста заңды баға берілмеген, процессуальдық норма талаптары сақталмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың ауқымы толық айқындалмаған, өтінішхат иесіне өз құқықтары мен мүдделерінін қорғауға апелляциялық алқада мүмкіндік бермеген деген тұжырымға келеді.

Жоғарыдағылар негізінде, Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысының күші жойылып, іс Алматы қалалық сотына басқа құрамда жаңадан қарауға жолдануға жатады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 4) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ: Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысының күші жойылсын. Азаматтық іс Алматы қалалық сотына басқа құрамда жаңадан қарауға жолдансын. Жауапкердің өкілі қанағаттандырылсын.

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды

Нақты тұтынылған газ үшін өз бетінше қосылғаны үшін есептелген өсімпұл, қосымша газ шығысының сомасын өндіріп алудан бас тартылды2015 жылғы 17 маусымда Алматы қаласының маманд...

Толық оқу »

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының

115-бап. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақтарды қайтару Орман кодексі Қазақстан Республикасының      1. Мемлекеттiк орман қорынан өз бетiмен иеленген аумақта...

Толық оқу »

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралы

Құрылысты өз учаскесінен тыс асыра салынғандықтан құрылысты бұзуға мәжбүрлеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүд...

Толық оқу »

Қосымша пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қосымша пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Медетова А.М.​Шұғыла шағын ауданы,34...

Толық оқу »

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралы

Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру және өз бетінше құрылысты бұзу міндетін жүктеу туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою...

Толық оқу »

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Қазақстан Республикасының Су Кодексі 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су...

Толық оқу »

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Қарсы пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы А.М.Медетоваға​Шұғыла шағын ауданы,3...

Толық оқу »

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйым салулардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Су кодексі

53-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде өз бетінше су пайдалануға жол берілмеуін және шаруашылық қызметті жүзеге асыруға осы Кодексте белгіленген тыйы...

Толық оқу »

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар

Меншік құқығын өз бетінше салуға сатып алу ескіруіне байланысты тану туралы талап-арыздар"Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселелері тур...

Толық оқу »

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы

78-бап. Вагондар мен контейнерлердi өз бетiмен иеленiп алғаны, бұзғаны немесе жоғалтқаны үшiн жауапкершiлiк Теміржол көлігі туралы Заңы      1. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жү...

Толық оқу »

Пікір өз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызға

Пікірөз бетінше салынған құрылысты бұзу арқылы кедергілерді жою туралы талап арызғаАлматы қаласы Наурызбай аудандықсотының судьясы Н.Қ. Урстембай​Шұғыла шағын ауданы,347/1​1+...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралы

Өз бетінше салынған ғимаратты бұзуды тиісті емес жауапкерге талап қою туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қаралады, өйткенi мүдделi тұ...

Толық оқу »

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою

Жер участкесінде орналасқан өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою20 тамыз 2025 жыл №7599-25-00-2а/6263 Алматы қалалық сотының азаматтық істе...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу

Өз бетінше салынған құрылысты және қоршауды бұзу арқылы кедергілерді жою үй-жайға кіріп-шығуға кедергі келтермеуді міндеттеу2024 жылғы 08 тамыз №7585-24-00-2/581 іс Алматы қал...

Толық оқу »

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптар

Мүлікке, оның ішінде өз бетінше салуға меншік құқығын тану туралы талаптарАІЖК – нің 104-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес талап қою бағасы: жылжымайтын мүлік объектіле...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде заңды тұлғаның мемлекеттік бажын төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қ...

Толық оқу »

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болу Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

32-бап. Өз бетінше салынған құрылысқа мемлекеттік меншік құқығына ие болуМемлекеттік мүлік туралы Заңы      Мемлекетке тиесілі және жер пайдалануда болмаған жер учаскелерінде...

Толық оқу »

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралы

Өз бетінше салынған құрлысқа меншік құқығын тану кезінде жеке тұлғаның мемлекеттік баж төлеуі туралыӨз бетiмен салынған құрылысқа құқықты тану туралы талап қою тәртiбiмен қара...

Толық оқу »

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралы

Жер даулары бойынша, өз бетімен салынған құрылыстарды жауапкердің есебінен бұздыру және моральдық залалды өндіру туралыТалап қоюшы А. жауапкер К.-ға өз бетімен салынған құрылы...

Толық оқу »