Прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, Мемлекеттік төрелік органдарында, Қазақ КСР соттарында және кеденінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың ұйымдық құрылымдарының қызметін тоқтату туралы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 22 тамыздағы N 405 Жарлығы
Саяси мақсаттарды көздейтін саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету, олардың құқық қорғау қызметіне және сот төрелігін жүзеге асыруға ықпалына жол бермеу мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, Мемлекеттік төрелік органдарында, Қазақ КСР соттарында және кеденінде саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың жаңа бастауыш ұйымдарын, комитеттерін және өзге де ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
2. Азаматтардың саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың қызметіне қатысуы немесе қатыспауы, егер Қазақ КСР заңнамасында өзгеше белгіленбесе, қандай да бір лауазымға орналасу құқығын қоса алғанда, олардың құқықтарын шектеу үшін негіз бола алмайды.
3. Прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, Мемлекеттік төрелік органдарында, Қазақ КСР соттарында және кеден органдарында қызметте тұрған адамдар өздерінің қызметтік қызметінде Қазақ КСР заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешімдерімен байланысты емес.
Жоғарыда аталған жұмыскерлер санаты саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың қызметіне жұмыс уақытынан тыс және прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, Мемлекеттік төрелік органдарының, сондай-ақ Қазақ КСР соттары мен кеденінің шегінен тыс уақытта қатысуға құқылы.
4. Саяси партияларда, басқа да қоғамдық бірлестіктерде және бұқаралық қоғамдық қозғалыстарда ақылы лауазымдарды прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, Мемлекеттік төрелік, Қазақ КСР соттары мен кеден органдарында қызметпен біріктіруге жол берілмейді.
5. Қазақ КСР Министрлер Кабинеті, жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің атқарушы комитеттері осы Жарлықтың орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы