Прокуратураға шағым тергеушінің әрекетсіздігіне қатысты
Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша прокуратурасына
СДТБТ: №267914031000483 іс бойынша.
Арызданушы: Ка Р А
ЖСН: ....
Шымкент қаласы, .... тұрғыны.
Сенімхат бойынша өкілі:
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы
ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
ШАҒЫМ
тергеуші А.Ә. Сағындық-тың әрекетсіздігіне қатысты
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық Полиция Басқармасынын ТБ тергеушісі А.Ә. Сағындық-тың өндірісінде, Қасимова Р Айдарәлиевнаның арызы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша АШДильмұратовнаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) №267914031000483 тіркелген.
Аталған қылмыстық іс шеңберінде 2026 жылғы 30 наурызда Р.А. Қасимованың тарапынан «Жібек жолы» базарының әкімшілігінен бейнебақылау жазбаларын алу туралы өтінішхат Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық полиция басқармасына жолданып, Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде ЗТ-2026-01322193 нөмірімен тіркелген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабының 4-бөлігіне сәйкес, өтінішхат мәлімделген бойда қаралуға және шешілуге жатады, ал оны дереу шешу мүмкін болмаған жағдайда, үш тәуліктен кешіктірілмей шешілуі тиіс.
Алайда, көрсетілген мерзімдер өткеніне қарамастан, бүгінгі күнге дейін аталған өтінішхат бойынша тергеуші А.Ә. Сағындық тарапынан ешқандай процессуалдық шешім қабылданбаған, сондай-ақ өтінішхаттың қаралу нәтижелері туралы жауап берілмеген.
Бұл өз кезегінде тергеушінің әрекетсіздігін, қылмыстық істі толық, жан-жақты және объективті тергеу міндеттерін орындамауын білдіреді.
Сонымен қатар, өтінішхатта көрсетілген бейнежазбалар шектеулі мерзімде сақталатынын ескере отырып, тергеушінің әрекетсіздігі маңызды дәлелдемелердің жоғалуына алып келуі мүмкін, бұл қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға елеулі түрде кедергі келтіреді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 100 бабының 1 бөлігіне сәйкес, егер жүргiзiлген процестік әрекеттер процеске қатысушылардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен әрекеттерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
ҚПК-нің 105 1 бөлігіне сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешiмдерiне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға, сотқа беріледi.
Ал осы бабының 2 бөлігінде келесі көзделген: прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың процестік шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау тәртібі туралы Нұсқаулықтың (Бұдан әрі - Нұсқаулық) 21 бөлігіне сәйкес ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен шағымдарды қарауға уәкілетті тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы және прокурор өз өкілеттіктері шегінде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де жеке немесе заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге дереу шаралар қолдануға міндетті.
Нұсқаулықтың 24 бөлігіне сай, ҚПК-нің 105-бабының тәртібімен қаралған, сондай-ақ жоғары тұрған лауазымды адам қараған қанағаттандырылған шағымдар бойынша бір мезгілде кінәлі лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселе қаралады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 100, 105 және 193 баптарды басшылыққа ала отырып,
СІЗДЕН СҰРАЙМЫН:
· Қылмыстық іс үшін маңызды дәлелдемелер болып табылатын «Жібек жолы» базары аумағындағы бейнебақылау жазбаларын жедел түрде алу, қарау және қылмыстық іс материалдарына тіркеуді қамтамасыз ету туралы тергеуші А.Ә. Сағындыққа міндетті нұсқау беруді;
· Шымкент қаласы ПД-нің Тұран аудандық ПБ-нын ТБ-нің тергеуші А.Ә. Сағындықты жол берген әрекетсіздігі үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуын.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл / адвокат: Г.Т. Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Прокуратураға ШАҒЫМ
3 рет жүктеп алынды