ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы
Қожаев Мұхтар Жұмабайұлына 160012, Шымкент қаласы,
Желтоқсан көшесі 13.
СДТБТ: №267914031000483 іс бойынша.
Жәбірленуші: КРАна
ЖСН: ....
Шымкент қаласы, ... үй тұрғыны.
Сенімхат бойынша өкілі:
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
info@zakonpravo.kz www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 971 78 58 / 8 727 971 78 58.
ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық Полиция Басқармасынын ТБ тергеушісі Ұ.Н. Тәліп-тің өндірісінде, КРАның арызы негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша А Ш Д қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СДТБТ) №267914031000483 жүргізілуде.
Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарапынан бірнеше рет өтінішхаттар мен шағымдар жолданғанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тұран аудандық Полиция Басқармасынын тергеу органымен іс бойынша толыққанды тергеу әрекеттері жүргізілмей отыр. Атап айтқанда, бірқатар өтінішхаттар орындалмаған, маңызды бейнежазбалар толық алынбаған, куәлардан жауап алынбаған және іс негізсіз созылып келеді.
Осыған байланысты, аталған қылмыстық істің мән-жайларын жеке баяндау және туындаған мәселелер бойынша түсініктеме беру мақсатында,
мені, адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович-ті (ЖСН ...) және жәбірленуші КРАнаны (ЖСН ....) жеке қабылдауыңызға жазуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл / адвокат: Г.Т. Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы