Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 1074 Жарлығы.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Агенттіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 33 а.";
Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесінде:
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";
3) күші жойылды – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен; 4) күші жойылды – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы