Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы Өзара қарым-қатынас негiздерi мен ынтымақтастық туралы Келiсiмдi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 тамыздағы N 2415
- "Қазақстан Республикасының Президентіне және жергілікті әкімшіліктердің басшыларына қосымша өкілеттіктерді уақытша беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 1993 жылғы 14 ақпанда Каирде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы өзара қатынастар мен ынтымақтастық негіздері туралы келісім ратификациялансын. 2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
- Қазақстан Республикасының Президенті
- Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың негіздері туралы келісім
- (ҚР СІМ ресми сайты-1995 жылғы 31 тамызда күшіне енді)
- Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Египет Араб республикасы өзара сыйластық қағидатына негізделген ынтымақтастықты дамытуға және достық қатынастарына жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, екі елдің халықтары арасындағы мәдениет, тарих және дәстүр саласындағы қазіргі жақындық өзара қарым-қатынастарды нығайту үшін негіз болып табылатынын ескере отырып, БҰҰ Жарғысында көзделген мақсаттар мен қағидаттарға өзінің адалдығын растай отырып, екі ел арасында төмендегілер туралы келісті:
- 1-бап Тараптар саясат, экономика, мәдениет және сауда саласындағы елдер арасындағы өзара сенімді нығайтуға және ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.
- 2-бап Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша консультациялар мен пікір алмасулар жүргізуге уағдаласты.
- 3-бап екіжақты қатынастар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңыздылығын ескере отырып, тараптар сауда, экономика саласындағы ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын кеңейтетін болады және сонымен бірге өзара инвестицияларды ынталандыратын болады.
- 4-бап Тараптар Қазақстан мен Египет халықтары арасындағы достық байланыстарын нығайтуға жәрдемдесетін болады және осы мақсатта мәдениет, ақпарат, ғылым, техника, туризм, спорт саласындағы өзара қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге жәрдемдесетін болады, сондай-ақ екінші Тарап азаматтарына мәдени мұраға, мұрағаттарға, кітапханаларға және ғылыми-техникалық ақпарат жинағына қол жеткізуге мүмкіндік беретін болады өз халықтарының ұлттық заңнамаларына сәйкес.
- 5-бап Тараптар экономика, ғылым және техника саласында тәжірибе алмасу туралы келісті.
- 6-бап Тараптар оқытушылармен, студенттермен және ғалымдармен алмасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ бірлескен бағдарламалар шеңберінде Экономика, Менеджмент және дипломатия саласында кадрлар даярлау ісінде тәжірибе алмасатын болады.
- 7-бап Тараптар қоғамдық ұйымдар, іскер топтар, ғылыми және мәдени қоғамдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін қажетті шараларды қабылдайды және қалалар арасындағы егіз байланыстарды дамытуға жәрдемдесетін болады.
- 8-бап Тараптар екі мемлекеттің тарихи, мәдени мұрасын қорғау ісінде бір-біріне жәрдемдесуге уағдаласты, сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін болады.
- 9-бап Тараптар байланыс құралдары мен ақпарат саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін болады және осы мақсатта жеке келісім жасасады.
- 10-бап Осы Келісімнің ережелері Тараптардың басқа мемлекеттермен жасасқан қолданыстағы екіжақты және көпжақты шарттар мен келісімдер бойынша құқықтар мен міндеттемелерді қозғамайды.
- 11-бап Осы Келісім Тараптардың заңнамасында көзделген тиісті мемлекетішілік рәсімдер орындалғаннан және бұл туралы Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысына хабарланғаннан кейін күшіне енеді. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі Тараптардың бірі бұл туралы жазбаша хабардар еткеннен кейін алты айдан кейін тоқтатылуы мүмкін.
- 1993 жылғы 14 ақпанда Каир қаласында екі данада жасалды: әрқайсысы қазақ және араб тілдерінде, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
- (Мамандар: Склярова И. В., Цай Л. Г.)
- Қазақстан Республикасының
- Президенті
- Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы